Егілген көшеттер кімнің бақылауында?

    Егілген көшеттер кімнің бақылауында?

    Жылдың қай мезгілінде де Ақтөбеде біреулер ағаш егіп жатады. Тиісті мамандар ағаш көшеттерін отырғызуын отырғызады-ау, бірақ, солардың соңынан жаңа өскіндерді күтіп-баптап жүргендерді көрмейміз. Ақтөбеде қанша ағаш егілді? Былтыр отырғызылған көшеттердің қаншасы қурап қалды? Отырғызылған көшеттерді кім күтіп-баптайды? “Керек.info” газетінің тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

    Көктем басталысымен, қала әкімі Ильяс Испанов 1 млн 200 мың ағаш көшетін отырғызатынын айтқан болатын.
    - Ақтөбенің ауасына, экологиясына оң әсерін тигізеді деген сенімдемін. Биыл көшеттер былтырғыға қарағанда екі есе көп отырғызылады,- деген еді қала басшысы.

    “Әр адам үш көшеттен”
    Қала басшысының бұл мәлімдемесін естіген қала тұрғындары редакцияға хабарласып, осыншама көшетті Ақтөбедегі адам басына шаққанда, әр адам үш көшеттен отырғызу қажеттігін айтады.
    - Ақтөбеде бар жоғы 500 мыңға жуық адам тұрады. Оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектер, балалар, кішкентай сәбилер бар. Әкім айтқан миллионнан астам көшетті отырғызу үшін сонда әр тұрғын үш ағаштан егу керек пе? Ол көшеттерді өзіміз сатып аламыз ба? Әлде әкімдік бөле ме? Егер ағаш егу үшін осынша қаржы бөлінетін болса, келесі жылы осы 1 млн 200 мың көшеттің жайқалып өсіп тұруына кім кепілдік береді?,- дейді редакцияға хабарласқан Әзиза әжей.
    Зейнеткер әжейдің айтуынша, ескі қаладағы Пушкин саябағына егілген ағаш көшеттері сол күйі қурап қалыпты.
    - Былтыр Пушкин саябағына үш мыңға жуық тал ектік деді. Биыл сол көшеттер қайда? Басым бөлігі қурап қалды. Кереев көшесінде де сол көрініс. Миллиондаған көшеттерді отырғызғаны не керек, бәрі өліп қалыпты. Миллиондап көшет отырғызғанша, аздан көп жылдық ағаштар ексе, сол пайдалырақ болар еді,- дейді зейнеткер әжей.

    “Ниет бар. Ақша жоқ”
    Ақтөбелік Гүлжанат Ықыласова баласы үшін бір көшет отырғызғысы келгенін айтады. Бірақ, жас көшеттің бағасын көріп, ол ойынан айнып қалған.
    - Ұлым үшін бір тал егіп, соны баламыз өскенше баптайық деген ниетпен көшет сатып алғым келген. Бағасын көріп шошып кеттім. Бір жас шыбықты базарда 25 мың теңгеге бағалап тұр. Отбасымыз жас, несиеге пәтер алдық. Артық ақшамыз болмағаннан кейін, бұл ойымыздан бас тарттық,- дейді Гүлжанат.

    “Бәрі дұрыс!”
    Ақтөбе тұрғындарын алаңдатқан сұрақтар негізсіз дейді мамандар. Олардың айтуынша, миллиондап отырғызылған жасыл желектерді күтіп-баптау үшін арнайы техникалар бар.
    - Биыл бюджеттен бөлінген қаражатқа келесідей күтіп ұстау, егіс және көгалдарға күтім, гүлзарлар мен ағаш отырғызу, зиянкестерге қарсы өңделген ағаштарды кесу, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетін боламыз. Облыс әкімінің тапсырысы бойынша Ақтөбе қаласы бойынша 34 жаңа және ескі саябақтар мен аллеяларды құру жұмыстары жүргізілуде. Көктем басталысымен саябақтар мен аллеяларды көркейту және абаттандыру жұмыстары басталды. Жобаларға сәйкес саябақтарда спорт және балалар алаңы, веложолдар, тротуарлар, жолдар, орындықтар орнатылатын болады,- дейді Ақтөбе қаласының “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы” бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жомарт Бақыткелді.

    Маманның айтуынша, егілген көшеттерді күтіп баптау үшін мердігер компаниялармен келісімшартқа қол қойылған.
    - Әуежай аумағына іргелес орналасқан қорғаныштық орман екпелерін күтіп-баптау үшін “Жасыл белдеу” бағдарламасы құрылды. Қазіргі таңда “Экопарк” ЖШС келісім-шарт жасалынды. “Жасыл белдеу” бағдарламасы бойынша жұмыстар басталып кетті. Мердігер мекемемен “Ақтөбе орман шаруашылығы” мемлекеттік мекемесі және көршілес облыстардан көшеттер сатып алу жұмыстары басталды. Көшеттерді отырғызу және күтіп ұстау жұмыстарының мерзімі 2017 жылдың сәуір – қазан айлары. Қала аумағындағы көгалдар мен гүлдерді отырғызу және күтіп ұстау жұмыстары бойынша мердігер мекеме “Табыс Ақтөбе” ЖШС-мен келісім-шарт жасалынды, дейді жауапты маман.

    “Бас көшеде бәрі жақсы”
    Биыл Әбілқайыр хан даңғылы бойымен қылқан жапырақты және жапырақты 856 көшет отырғызылады. Олардың арасында кәдімгі шырша, көк шырша, канадалық үйеңкі, емен секілді ағаштар бар.
    - Қала аумағы және селолық округтардағы санитарлық, жасарту және ағаштарды ережеге сай кесу жұмыстары бойынша “Отес Актобе” ЖШС, “ЖасылОрманСтройСнаб” ЖШС, “Арт Вижен” ЖШС, “Айка-2030” ЖШС жұмыс жасап жатыр. Биыл ескірген ағаштардың өмірін ұзарту мақсатында тұрған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді. Гүлзарлар таңертең және кешке суарылады. Гүлзарлардағы өскіндер өсіп келе жатқан уақытта қолайлы ауа – райы болған жағдайда 30-40 рет суару қажет. Кілемді гүлзарларды маусымына 40-50 рет суару керек,- дейді Жомарт Бақыткелді.

    Қазір Ақтөбенің барлық саябақ, гүлзарларында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Абай гүлзарында жүрген жұмысшыларды сөзге тарттық. Өзін Русланмын деп таныстырған жұмысшы бес күн ішінде 300 түп ағаш отырғызылғанын жеткізді.
    - Егіліп жатқан талдар үйеңкі, емен, шырша. Саябаққа бес күн ішінде 300 түп ағаш егілді. Қара ағаштарды алып тастап, орынына үйеңкі, емен, шырша ағаштарын егіп жатырмыз. Арнайы техникамен талдарды алып тастайды. Артынан біздер ағаштар отырғызамыз. Емен ағашын отырғызу үшін жер жетпіс сантиметр қазылады. Үйеңкі ағашына бір метр қазылу керек. Шырша отырғызуға сексен сантиметр қазылу қажет. Талдардың ара қашықтықтары тоғыз метр болады. Бригада болып жұмыс жасаймыз. Бір бригада да бес адамнан. Әкімшілікке қараймыз,- дейді ол.

    Ал саябақты сыпырып жүрген Мейрамгүл Мырзабаева тазалыққа мән беру керек деп есептейді.
    - Менің жұмысым Абай даңғылындағы саябақты таза ұстау. Күніне екі мәрте сыпырып, қоқыстарын тазартып аламыз. Саябақты тазартып болсаң, тағы да шашып кетеді. Кейде қағаздарын қоқыс салатын арнайы жәшікке тастамай, сыртқа шашып тастап кететіндері бар. Жұмыс жасап жүргеніме бір жыл болды. Жұмысым сегіз сағаттық. Түскі ас бір сағат үзіліс. Жұмысқа уақытылы келу қажет. Бригадир тексеріп тұрады. Ауа райына қарамай жұмысқа шыға береміз. Еңбек ақымыз елу бес мың. Саябақта отырып демалатын қала тұрғындары, жастар жан-жағын шашпай таза ұстаса жақсы болар еді,- дейді тазалықшы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл Ақтөбеде бір миллион ағаш егіледі
  • Ауласын таза ұстамағандар жазаланады
  • 25 мың көшеттің 25 пайызы шықпай қалды
  • Пушкин атындағы саябаққа жас көшеттер отырғызылды
  • Ақтөбені көгалдандыруға 200 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге