Ақтөбеде ауылдық әкімдік қызметкері екі адамды өлтіріп алды

    Ақтөбеде сұмдық жол апатын жасаған жүргізуші сот алдына келді. Ішімдік ішіп, көлік айдаған ер адамның кесірінен 2 адам көз жұмып, жеті адам жарақат алған. Қайтыс болғандардың арасында сотталушының жездесі мен жұмыстасы да бар.

    Қайғылы оқиға 21 наурыз күні Ақтөбе –Ор тас жолында болған. “Лада” автокөлігін тізгіндеген сотталушы жылдамдығын арттырып, қарама –қарсы жол айрығына шығып кеткен. Сөйтіп, “Шевроле”автокөлігімен түйіскен. Жол апаты салдарынан “Лада” автокөлігінде отырған екі ер адам сол жерде қайтыс болған. Оның бірі сотталушының жездесі, екіншісі жұмыстасы болған.Қайтыс болғандардың бірінің төрт баласы, ал екіншісінің екі ұлы жетім қалды. Сот залына жол –көлік оқиғасына кінәлі 28 жастағы жігіт балдақпен келді. Ол Благодар ауылдық округінде техникалық қызметкер болып жұмыс істеген. Мемлекеттік айыптаушы Дина Байжанова–Байтуринаның айтуынша, Мирас Оңалбеков сол күні ішімдік ішкен. Сот отырысында ол кінәсін мойындап, қайтыс болғандардың туыстарынан кешірім сұрады. Сот залына зардап шегушілердің бірі Наталья Избасарова да балдақпен келді. Әйелге таяуда жасанды буын салу үшін ота жасалмақ. Өз кәсібін бастаған әйел жол апаты оның бар жоспарын бұзғанын айтады. Ол ай сайын несие төлеуге мәжбүр. Сол оқиғадан кейін ұлының бел омыртқасы да ауырады. Жәбірленуші Оңалбаевтар отбасының тек бір жолғы тасымалдау шығыны корсет пен дәрі-дәрмектен басқа көмек бермегенін айтады. Ал сол оқиға кезінде жолдасынан айрылған сотталушының немере апасы оны кешіретінін айтты. Сот отырысы жалғасып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көлік педальдарын шатастырған әйел кейуананы қағып өлтірді
  • Ақтөбеде көлік педальдарын шатастырған әйел кейуананы қағып өлтірді
  • Жол апатына кінәлі жігіт жазаланды
  • Жалғыз ұлдары жол апатынан қайтқан ата-ана 5 млн теңге сұрайды
  • Алты адамның өліміне себепкер жүргізушіге үкім шықты
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге