Ақтөбелік дәрігерлер марқұмның бүйрегін рұқсатсыз алған

    Байғанин ауданының тумасы Серікболсын Көшербай қайтыс болған соң, екі бүйрегін дәрігерлер басқа науқастарға салған. Ал марқұмның туыстары бұл туралы мәйітханадан денені алып кетуге келгенде ғана естіген. Жас жігіттің туыстары дәрігерлердің үстінен арыз жазды.

    27 мамырда 22 жастағы Серікболсын Көшербай тойға қатысып, сол жерде біреу оны басынан ұрған. Бас-ми жарақаты ауыр науқасқа облыс орталығынан санавиация жіберілді. Дәрігерлер 22 жастағы жас жігіттің бас-ми жарақатына Байғанин аудандық ауруханасында ота жасап, кейін оны Ақтөбе облыстық ауруханасына тасымалдады. Сол жерде ем қабылдаған науқас бірер күннен соң көз жұмды. Қайтыс болған соң марқұмның екі бүйрегін дәрігерлер кезекте тұрған адамдарға салған.

    “Ағзасын қаншаға саттыңдар?”
    Марқұмның немере ағасы інісінің екі бүйрегі басқа адамдарға салынғаны туралы мәйітханадағы адамдардан естігенін айтады.
    Есенжан Тынымұлы, марқұмның немере ағасы:
    - Інімнің жанында соңғы сәтке дейін болдық. 3 маусым күні кешкі сағат жетіге дейін ауруханада жүрдік. Анасы, әжесі, туыстары ауруханада болды. Үшінен төртіне қараған түні таң ата жүріп кетті деген хабар алдық. Жексенбі күні таңда қайтыс болды. Демалыс күні мәйітхана жұмыс жасамайтын болғандықтан марқұмның денесін дүйсенбі күні алдық. Мәйітханаға барғанда сол жерде жұмыс жасайтын қызметкерлерден естідік. Олар бізге “неге ағзасын саттындар, неге келісім бердіндер, қаншаға саттындар” деген түсініксіз сұрақтар қойды. Мәйітхана қызметкерлерден анықтап сұрағанда бізге інімнің екі бүйрегі, жүрегі, бауыры жоқ деді. Біз мәйітті алып ауылға кетіп қалдық. Ота жасаған дәрігер Ерлан Сұлтангереев “Ақтөбе” газетіне “біз марқұмның туыстарына ескерту бердік, солардың рұқсатымен ағзасын алдық” деп жалған ақпарат беріпті. Алайда, бұл жалған. Ерлан Сұлтангереевтің жалған ақпарат бергені үшін сотқа шағымдандық. Бір миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етіп отырмыз. Жалған ақпаратты дұрыстап, газетке дұрыстап ақпарат берсін,-дейді марқұмның ағасы. Марқұмның отбасы мән-жайды анықтау үшін құқық қорғау органдарына арыз жазып, сотқа шағым түсірді. Туыстары алдын-ала ескертпей, марқұмның екі бүйрегін алып, басқа науқасқа салған дәрігерді сотқа беріп жатыр.
    Осы жағдай ел арасына тарап кеткеннен кейін “Ұлттық координациялық трансплантация орталығының” директоры Жақсылық Досқалиев тілшілермен кездесті. Бұл кездесуге марқұмның адвокаты, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асет Қалиев қатысты.
    - Мен марқұмның отбасынан, туыстарынан кешірім сұраймын. Бүгін арнайы уақыт тауып отбасына көңіл айтып барып шығамын. Қайғыда отырған отбасын дәрігерлер ғана емес, бүкіл халық болып жұбатуымыз керек. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Ең алдымен Байғанин ауруханасында ота жасалды. Одан Ақтөбе қаласына ауыстырылды. Дәрігерлер күндіз-түні қолдан келгенін жасады. Миы өліп кеткеннен кейін оны қайтару мүмкін емес. Қазақстанда кез келген адам донор бола алады. Тірі адамдардың келісімі бойынша донор болу дерегі көбейді. 2012 жылы 63 тірі адам донор болса, 2016 жылы 248 адам донор болған. Донор болу үшін жақын туысқан адам болу шарт емес. Донор болатын адам мен ағзаға мұқтаж адамның генетикалық сәйкес келуі керек. Бірақ жарнама жасауға, интернет сайттарына жазуға тиым салынған. Донор болғысы келген адамның барлығының ағзасы жарай бермейді. Сәйкестік болмай жатады. Донор болу оңай емес, - деді Жақсылық Досқалиев.
    Ал марқұм жігіттің немере ағасы Жақсылық Досқалиевтен тұщымды жауап алмағандарын айтады.
    - Түсіндірме жұмыстарынан нақты жауап ала алмадық .Біз бұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл жерде заңсыздық болып отыр. Жоғарғы сотқа дейін барамыз. Жақсылық Досқалиев белгілі білікті дәрігер, алайда заңгер емес,- дейді Есенжан Тынымұлы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Автобус жүргізушісі 2 баланың анасын қағып өлтірді
  • Жол апатына түскен жігіт екі адамның өмірін құтқарды
  • Әмірхан Каманов: Донор болу – сауапты іс
  • Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылды
  • Бүгін Ақтөбеде алғаш рет бауыр алмастырылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге