Ақтөбеде ер адамдардың дерті көбейіп барады

    Ақтөбеде ер жігіттердің денсаулығы жиі сыр беретін болған. Әсіресе, қуық асты безінің қабынуы ақтөбелік еркектердің арасында көбейіп кеткен. Бұл туралы “Ер адамдар денсаулығы” орталығы мәлімдеді.

    Бұрын орта жастан асқан ер азаматтарда кездесетін сырқаттар қазір жастарда жиілей бастаған. “Ер адамдар денсаулығы” орталығының дәрігері Орынгүл Бекназарованың айтуынша, бұрын жасы келген еркектерде ұшырасатын аурулар қазір жастарды да мазалайтын болыпты.
    - Бұрын ер азаматтар өздерін мазалайтын аурулар бойынша дәрігерлерге көп көріне бермейтін. Сондықтан өңірімізде ер адамдардың денсаулығы орталығы ашылған еді. Бірақ өңірімізде денсаулығы сыр бергендер көп болса да, орталықтың есігін күзеткен ұзын-сонар кезек жоқ,- дейді дәрігер.
    Уролог Орынгүл Бекназарованың айтуынша, бүгінде денсаулығына шағым айтып келгендердің басым көпшілігінен қуық асты безінің қабынуы мен аденома жиі кездеседі екен. Оның бұрынғыдан басты айырмашылығы – мұндай сырқатпен шағым айтатындардың дені жастар.

    - Бұрын 40 жасқа дейінгі азаматтарда мұндай ауру болмайтын еді. Тек 40-50 жастан асқан соң ғана простатит, аденома деген сырқаттар мазалай бастайтын. Ал қазір жастардың өзі осы мәселе бо-йынша шағым айтып келеді. Тіпті, 20 жастағы жігітте хронологиялық простатит табылып жатады. Аденома простатиті де жастар арасында көп кездеседі. Бүгінде қуық асты безінің ісігі де жастар арасында жиі болып жатыр, - дейді Орынгүл Бекназарова.
    Бұлар қатерсіз ісік болып саналады, мұндай жағдайда ер адамдар зәр шығару кезінде қиналады. Ең бірінші симптомы – осы. Осындай симптомды байқаған соң, ер адамдар оған көп көңіл бөле бермейді екен. Нәтижесінде, ол асқына береді. Сондықтан, дәрігерлер жас-тарды күдікті шағым болып жатса, бірден тексерілуге шақырады.
    - Жасым 30-да. Зәр шығару кезінде қиналып қаламын кейде. Бірақ бұл уақытша шығар деп, мән бермей жүргенмін. Шынымды айтсам, дәрігердің алдына барып, осындай шағым айтып тұруға да ұяламын. Дегенмен, түнде ұйқыдан үш-төрт рет оянамын. Амал жоқ, анализ тапсырып, дәрігерге тексерілуге келіп тұрмын, - дейді өз есімін атамауды сұраған емделуші.
    Сонымен қатар, ер азаматтар арасында варикоцелле немесе жыныстық жолмен келетін инфекциялар жиі ұшырасады. Сондай-ақ, ерлердің организмінде тастар жиі болады екен. Қуықта, бүйрекке тас жиі жиналып қалады.
    - Осындай сырқаттардың бәрі айналып келгенде бедеулікке әкеледі. Бұрын отбасыда бала болмаса, ол көбіне әйелдің бедеулігіне
    байланысты болатын. Ал қазір бұл тұрғыда жағдай теңескен. Бедеулікпен келетіндердің тең жартысы – ер адамдар,- дейді уролог.

    Маманның айтуынша, бедеулікке ұшырайтындардың көбі 25 пен 35 жас арасында. Дәрігерлердің ай-туынша, олар жігіттерді бедеуліктен емдеп жіберсе де, көп ұзамай сол сырқатқа тағы да тап болады екен
    - Ер азаматтар бедеу болып, бала көре алмай жүрген отбасылар көп. Біз оларды емдеп береміз. Бірақ бірінші балалары дүниеге келген соң, тағы да үйдің отағасы бедеулікке ұшырайды. Кейде емдеу-ге келмейтіндер де болады. Екі рет тексеріліп, биопсиядан соң ұрық табылмаса, онда емдеуге келмейді. Мұндай жағдайда оларға баланы жасанды жолмен ұрықтандыруға тура келеді. Бірақ мұндай жайттар өте сирек болады, - дейді уролог.
    Дәрігердің айтуынша, бедеуліктің алдын алу жолы өте қарапайым. Ешқандай шағым болмаса да, жыл сайын бір мәрте медициналық тексерістен өтіп тұру қажет. Егер қауіпті болуы мүмкін симптомдар табылса, асқынбай тұрғанда емдеп тастау керек. Дәрігердің айтуынша, қанша еркектің мұндай дертпен ауы-ратыны белгісіз. Өйткені, жігіттер өз ауруын айтып, дәрігердің алдына келуге ұялады екен. Ал “Ер адамдар денсаулығы” орталығына күн сайын 5-6 жігіт қаралуға келеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сүт безі ісігінен 20 әйел қайтыс болды
  • Әскерге барғысы келмеген мұғалім істі болды
  • Былтыр дәрігерлерге тек 60 шағым түскен
  • Ақтөбелік әйелдер ұялғаннан ауруларын асқындырып алады
  • 15 мың балаға бір невропатолог немесе бір айлық нәресте тексеруден өту үшін орталыққа келу керек
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге