Тілшілердің тірлігі жайлы

    Тілшілердің тірлігі жайлы

    28 маусым – халықтың үні һәм құлағы мен тілі болып жүретін тілші қауымның кәсіби мерекесі. Әдетте, басқа саланың кәсіби мерекелерінде “пәленшенің төл қуанышы”, “түгеншенің мерекесі” деп алаулатып, жалаулатып елге хабардар ететін тілшілер туралы өздерінің “туған” мейрамдарында қалың оқырманға олар туралы айтпаққа ниеттендік. “Өзге емес, өзіміз айтамыз жайымызды”.

    Жалпы, журналистер жайлы көп нәрсе айтуға болады. Әбден жаттанды болған “төртінші билік” тіркесін қолданбай-ақ қояйық. Оның да түрлі себептері бар. Және оны тағы да өзіміз білеміз. Ақтөбе журналистикасы – негізі мықты қаланған үлкен мектеп. Өңірдің алғашқы ақпарының баспаға шыққанына да ғасырға жуық уақыт болып қалды. Өздеріңіз оқып отырған “Керек.info” газетінің жарық көргеніне де 11-ші жылға аяқ басты. Жә, бұл жәй сөз арасында қыстырып кеткен сәл-пәл мақтаншақтығымыздың белгісі ғой. Сонымен Ақтөбе журналистикасының қайнаған қазанында, ақпарат айдынының бел ортасында жүрген жандарды сөзге тарттық.

    “ӘЙЕЛ ШЕШІНДІРЕТІН ЕРКЕГІ ЖОҚ АУЫЛ”

    Шара Тұрмағанбетова, тәжірибелі журналист:
    Белгілі журналист, сатирик марқұм Әлімбай Ізбай жұртшылыққа әбден таныс. “Алтын Орда” атты республикалық газетте жұмыс жасап жүрген уақыт. Беттерді тақырыптарға орай журналистер бөліп алып дайындайды. “Жан мен тән” атты бетті дайындау Әлімбайға жүктеледі. Екі мыңыншы жылдардың басы, қазақ баспасөзінде интимдік мәселелердің аса көп қозғала қоймаған кез. Газет ұжымы осы нәзік мәселені барынша ибамен беруге тырысты. Сонымен “Жан мен тәнді” дайындауға кеткен Әлекең бір күн жоқ, екі күн жоқ. Келді-ау бір кезде. Мен (жауапты хатшымын):
    -Ау, Әлеке, “Жан мен тән қайда”?,-деймін аптығып.
    Қойнынан бір бума қағазды қобыратып алып шыққан Әлекең:
    -Құрысын, бұл “Жан мен тән” болмады, “Қан мен тер” болды ғой,- деген еді сонда. Әрине, бұл жерде мен күнде –күнде газеттің дайын беттерін түгендеп отыратын редактор Мәкеңе (Мейірхан Ақдәулетұлы) қалай өтірік “птичка” қойып құтылып жүргенімді айтпай отырмын... Мереке кезінде тағы бір оқиға еске түсіп отыр. Аудандық газетте жұмыс жасаймын. Аудан әкімінің қысқы есебі болып жатыр. Бір ауылға баратын болып, мені - газеттің редакторын да ала кетті. (Бізсіз олар кім?) Әлгі ауылға келдік. Облыстан да өкіл келген екен. Жиналыс ауыл мектебінде өтпекші. Ауылдың әкімі, мектептің директоры жұрттың қысқы киімдерін алып, іліп, апы кіріп, күпі шығып жүр. Облыстан келген өкілдің айналасы "тақсыр, тақсыр". Осылай шапқылап жүргенде ағаларым менің пальтомды алуды ұмытып кетті. Әлде, ұмытқан-сыды. Пальтомды шеше алмайтын мүгедек емеспін, киімімді іліп жатсам, ауылдың әкімі жүгіріп келе жатыр: "Шәке, жиналыс басталайын деп жатыр, жүріңіз" деп. "Аға,-дедім мен сосын,- ауылдарыңда су жоқ екенін, балабақшаларың құлайын деп тұрғанын білетін едім, бірақ еліңде әйел шешіндіретін еркек қалмағанын бүгін байқап тұрмын". Жапырылды сосын бәрі, бірақ "айтылған сөз- атылған оқ". Кейін ауданға тарап кетті.
    Қадірлі әріптестер!Төл мерекеміз құтты болсын, жазар көбейсін!
    “Дүниенің қисық кеткен аяғын түзеу”- басты міндетіміз болса да, өмірдің сәулелі жақтарын көбірек көрейікші, көбірек жазайық. Әр сөйлеміміз Қазақты сәттілікке бастап, жақсылыққа ынтықтырсын! Әр әріптесімде баспана болып, тек шығармашылық пен ізденіске ғана бастары ауырсын!

    “Әкем дәрігер болғанымды қалады”

    Ақсәуле Байменше, республикалық “Хабар-24” телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі:
    -Әкем менің дәрігер болғанымды қалады. Эпидемиолог мамандығына оқуға түсіп тұрып, кейін тастап кеттім. Себебі, мектеп жасымнан журналист болуды армандайтын едім. Журналистикаға келгеніме 20 жылға жуықтапты. Орал, Алматы қалаларында еңбек еттім. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандығымды жақсы көремін. Басында жаңалықтар жүргізушісі болдым. Тікелей эфирде талай қызықты оқиғалар болатын. Осы жылдар ішінде іссапарға көп шықтым. Батыс Қазақстан облысының бар түкпірін араладым десем, артық айтқаным емес. Жол азабын талай тарттық. Оралда болған бір оқиға әлі күнге есімде. Тас жолмен жүйткіп келеміз. Мен көліктің алдында жүргізушінің қасында отырғам. Бір кезде қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жолдың жиегіне қарай бұрылып барады. Шошып кеттім бе, үнім шықпай қалды. Қарасам, көлік жүргізушісі ұйықтап отыр. Жас жігіт түнде қонақта болып, демалмастан жолға шығыпты. Әйтеуір, жүргізушіні шынтағыммен түртіп үлгердім. Абырой болғанда, ол есін тез жиып алды. Орал жақтың жері сазды болады. Жаңбыр жауғанда көлік мұздың үстіндегідей тайғанақтайды. Сондай бірнеше жағдай болса да, іссапарға шығудан қашпайтынбыз. “Хабар-24” арнасына алғаш келген уақыттағы бір оқиға жадымда жатталып қалыпты. Ырғыз ауданы аумағында табиғатты қорғау инспекторларымен бірге браконьерлердің ізіне түстік. Киік қырып жүргендер инспекторларға қарай оқ атып, бір көліктің алдыңғы әйнегіне тиді. Абырой болғанда, біз мінген көлік аман. Браконьерлер іздерін жасыру үшін, өздерінің жол талғамайтын су жаңа көліктеріне от қойып, ары қарай жаяу қашты. Өзенді жүзіп өтпек болған жерлерінде ақыры қолға түсті. Кейін эфирден эксклюзив материал шықты. Тележурналистикада тұтас бір команда жұмыс жасайды. Мысалы мен оператор мен бейнеинженерсіз ешкім емеспін. Бізде көбінде бейнекөрініс “сөйлейді”. Қазіргі командам өзіме ұнайды. Мұны айтып отырған себебім, еңбек етіп жүрген ұжымың өзіңе ұнауы тиіс. Сонда ғана, жұмысың нәтижелі болады. Қазір қасымда облысқа танымал өте тәжірбиелі оператор Болат Молдағалиев, бейнеинженер Айбек Дәуітов, әріптесім Елена Устимович және көлік жүргізушісі ағайымыз Алтай Баймурзин бар. Біз бір командамыз. Жалпы, ақтөбелік журналистер өте белсенді, ізденімпаз, еңбекқор болады. Бір-біріне қол ұшын беріп, қажет кезде ақпаратпен бөлісіп жатады. Мысалы, өткен жылы маусымда болған оқиға кезінде тілшілер бір кісідей жұмыла жұмыс жасады. Әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтаймын! Қоғамдағы әртүрлі мәселелерді көтеріп, көп адамға көмегін тигізіп жүрген журналистерге еңбекте табыс тілеймін!

    “Әкімнің орынбасары не айтып жүр?”

    Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ, “Ойыл” газетінің редакторы.
    Облыстық телевидениенің ақпарат бөлімінің жетекшісімін. Бір күні репортажға жіберетін адам болмай қалды. Таңертең бір топ “съемкаға” кетті. Аяқ астынан хабар келді. Сағат 11-де облыс әкімінің орынбасары жиналыс өткізеді. Жіберетін адам жоқ. Өзімнің түскі эфирге берілетін репортажым бар. Содан “Кешкі шәй” хабарын жүргізетін Оралбайға (Кәметия) қолқа салдым. Жаңадан келген уақыты, “терте теппей” келісе кетті. Орыс редакциясынан Наталья Салькова бар. Ол да жаңадан жұмысқа кірген жас маман. Тек операторлары “кәрі тарлан”. Ойыңды көзіңнен түсінеді. Сонымен түс ауа топ келді. Әркім шаруасына кірісіп кетті. Наташа репортажын жазып тастап, түстен кейін қайта кетті. Тек Оралбайдың қолы жүретін емес. Дәліздің бойынан көріп, бір-екі рет сұрадым. “Жазып жатырмын” - деді. Уақыт кешке айналды. Әлгі Оралбайдан әлі хабар жоқ. Боянып-сыланып, эфирге дайындалып, “дікілдеп” “ДК-а” сұрап диктор Венера құрдасым да қайта-қайта келіп кетті (Қазіргідей суфлердің жоқ уақыты).
    Тысқа шығып, темекі тартып тұрсам, Оралбайым мені айналшықтай береді. “Қайда?” - десем, тағы манағы жауап. Қипақтай береді. Бір мезгілде “Сәке-ау!” - деді. “Ау” - десем, “Сіз, осы Химчуктың (сол кездегі облыс әкімінің орынбасары) өткізіп жүрген жиналысына қатысып жүрсіз бе?” - деп тұр. “Иә” - десем, “Сол бұрын не айтып жүр еді?” - деп қарап тұр. Күлкіден ішегім түйіліп қалды. Бақсам, орыс тілін мүлдем “қақпайтын”, Моңғолиядан келген оралман бауырым, тек қана ресми тілде өткен сол жиналыстан түк түсінбей келіпті (Әлі де көп жиналыстар қазақ тіліндегі амандасудан соң, ресми тілде өтеді ғой). Күні бойы жарты бет жаза алмай, қипақтап жүруінің сыры сол екен. Содан өзім Наташаның жазғанын аударып, эфирге шаққа үлгердік...

    Алиса Аманова, М. Оспанов атындағы БҚМУ баспсаөз хатшысы:
    2009 жылы “Фест ФМ” радиосында жүрген кезім. Қыз-келіншектерге арналған бағдарлама жүргіздім.Орыс тіліндегі әріптесім жұмысқа келмеген соң, амал жоқ мен орысша хабар жүргізетін болдым. Өйткені, бағдарламаның демеушісімен келісім жасалып та қойған еді. Дайын мәтінді оқыдым, әрі қарай джингл, яғни “перебивка” кету керек, эфирдің пультінде отырған әріптесім де менің акцентімнен ұялған болу керек, “перебивка” қосуды ұмытып кетіпті. Қысқасы, тікелей эфирге өте ұятты боқтық сөз кетіп қалды...
    Әріптестеріме ең алдымен денсаулық тілеймін. Сосын, әрине жақсы қаламақы мен сәттілік тілегім келеді. Бастысы адами қасиеттеріңізді жоғалтпай, қарапайым халықтың назын бұқараға жеткізу басты миссия екенін ұмытпаңыздар!

    “Әй, бала, менен қашпа!”Бердібай Кемал, тәжірибелі журналист:
    Ол кезде әлі студент едім. Өндірістік тәжірибеден өту үшін аудандық газетке келдім. Көрсетілген мерзімнен екі апта кешігіп барған едім, редактор белгілеген жетекшім-редактордың орынбасары еңбек тәртібін бұздың,тәжірибеден қайдан өтсең, оннан өт деп ашуланды. Содан әйтеуір көнді, бірақ бір аптаға үш тапсырма беремін, соны орындап үлгерсең өндірістік тәжірибеңді жалғастырасың деді. Берген бес тапсырмасының бірі — аудандық тұрмыстық қамту үйінің жұмысын сынға алу. Тұрмыстық қамту үйінің директорына бардым жеделдетіп. Сөйтсем, директор кластасымның әкесі екен. Маңдайдан тер бұрқ ете қалды. Соны аңғарып қалған директор ағай: "Сынауға жіберді ме? Қысылмай-ақ қой. Мынау алты айлық жұмыстың экономикалық мәліметтері", — деп, алдыма бүкіл көрсеткіштерді тастады. Жұмысы анау айтқандай тұралап жатқан жоқ. Бірақ аудан мал шаруашылығымен айналысса да, аудан орталығындағы дүкендерде тоңазтқыш жоқ, бары жұмыс істемейді, телевизор жөндеуші жоқ, кадрлар даярланбайды деген сияқты "іліктерді" іліп, сын мақала жаздым. Оны жетекшім одан әрі "әрлендіріп" жіберді. Газетке шықты. Бір күні “райкомға барасың, сын мақаланың авторы ретінде бюроға қатысасың” деген бұйрық алдым. Бюроның не екенін түсініп біліппін бе, әйтеуір қолайсыз нәрсе екенін сеземін, амалсыз бардым. Директорды жерден алып, жерге салды. Басқа жұмысқа ауысуға кеңес берді. Жиналыс біте салысымен ытқып шықтым да, директор ағаға көрінбей зымырай жөнелдім. Содан көшеде әлгі ағай келе жатса, алыстан бұрылып кетемін. Бір күні қарама-қарсы жолығып қалдық. "Ау, балам, сен ұялмай-ақ қой. Енді менен қашпайтын бол", — деді. Журналистика осындай қызыққа толы мамандық қой. Әріптестеріме ең бастысы денсаулық тілеймін! Ден сау болса, бәрі болады!

    Лилия Беликова, фототілші:
    Тілшілермен бірге фотожурналистің де қызметі зор. Бізге жауапкершіліктің басым бөлігі артылады. Ең алғашқы суреттерім есімде. Мүгедектер мен науқас балаларға арналған интернаттағы бүлдіршіндер туралы репортаж жасамақ болдық. Бұл жердегі балақайларды суретке түсіру... жаныма қатты батты. Егер мен шылым шегетін болсам, шыққаннан кейін темекі іздеп кеткен болар едім. Өте ауыр болды. Жұмысым өте қызық. Қандай да бір оқиғаның куәгері болып тарихта қаласың. Адамдардың суреттері сақталып қалады. Егер қандай да бір қызық кадр көрсең, дереу түсіріп алу керек. Өйткені, секундтан кейін ол сәт жоғалып кетуі мүмкін. Мамандығымыздың өз қиындығы да бар. Жылдың мезгіліне қарамай, жұмыс жасаймыз. Қыста техникамызды бар күшімізбен жылы ұстап жүреміз. Өзіміз тоңып қалсақ та, техникамыз бүлінбеуі керек! Бұл заң (күледі-ред). Ал жазда аптап ыстықта тағы да біз жүреміз. Тек кәсіби фототілші ғана ешкім байқай бермейтін детальдарды көре алады. Ерекше кадр жасаған сәттегі керемет сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын! Менің жұмысым күні-түні “ер үстінде” жүруді талап етеді. Үйдегі қызымды анама сеніп тапсырамын. Анам болмаса, мен де болмас едім! Алғысым алдымен сол кісіге!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Асқар Ақтілеу: “Журналистер бір-бірін көре алмайды”
  • Шара Тұрмағанбетова: “Бас сатуды” үйрендім
  • БАС
  • ВИРУС
  • Бибізада Көздібаева: Есік күзетсем де, телевидениеден кетпеймін дейтінмін
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге