Ақтөбеде ер адам өгей ұлын 3 жыл бойы зорлаған

    Ақтөбеде кәмелетке толмағандарды зорлау жиілеп барады. Сот бір аптаның ішінде екі педофилге үкім шығарды.

    Алғашқы оқиға Хромтау қаласында болған. Ер адам өзінің өгей ұлын үш жыл бойы зорлап келген. Баланы болған оқиға туралы біреуге тіс жарса, өлтіретіндігін айтып қорқытқан. Жәбірленуші қазір 12 жаста. Азғын әке биыл 10 сәуірде қамауға алынды. Тергеу органдары оған Қылмыстық Кодекстің 121 бабының 4 бөлігі бойынша айып тақты. Сотта ол өз кінәсін жартылай мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Үкімді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ахметқали Молдағалиев оқыды. 15 жылға сотталған ер адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Сондай-ақ осы аптада кәмелетке толмаған қыз баланы зорлаған жас жігітке сот үкімі шықты. Қылмыс сәуір айында Ақтөбедегі автокөлік жуу орындарының бірінде жасалған. 21 жастағы жігіт ішімдік ішкен күйі өзімен бірге жұмыс істейтін жас қызды зорлаған. Өзінің арам ойын жүзеге асыру үшін ол жәбірленушіні асхана пышағымен қорқытқан. Белгілісі, сотталушы Әйтеке би ауданының тумасы. Бұрын сотталмаған. Оған қылмыстық кодекстің 120 бабының 3 бөлігі бойынша айып тағылды. Сот оның жастығын әрі отбасы жағдайын ескеріп, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімдері әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алғалық тұрғын үш жыл бойы өгей қызын зорлаған
  • 7 жастағы жиенін зорлаған педофил сотталды
  • 7 жастағы қызды зорлаған педофил жазаланды

  • Бес баласы бар фельдшер 17 жастағы қызды зорлаған
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге