Үш күйеуі талақ айтқан келіншек өміріне өкініш білдірді

    Ақтөбеде үш бірдей күйеуі талақ айтып, тастап кеткен жас келіншек туралы бейнеролик жарыққа шықты. Фильм кейіпкері 6 жыл бойы салафиттік ағымды ұстанған. Өткен өмірін өкінішпен еске алған ол жастарды жат ағымның жетегінде кетпеуге шақырды.

    Шағын фильм екі бөлімнен тұрады. Оны Ақтөбе облысының дін істер басқармасы мен “Аңсар” ақпараттық талдау орталығы бірлесіп түсірген. Аты-жөні құпия келіншек қараңғы бөлмеде өкінішке толы өмірі туралы әңгімелеп берген.
    - Мен мектеп бітірген жылы намазхан жігітпен таныстым. Ол кісімен бар болғаны бір ай таныс болдым. Оның намаз оқитындығын білетін едім. Алайда қандай дінді ұстанатындығын білген жоқпын. Ол тұрмысқа шыққанда намаз оқуға, хиджап киюге мәжбүрлемейтіндігін айтты. Бірақ келесі күні намаз оқып, хиджап киуімді талап етті. Үш ай бойы арпалыстым. Ол мені кәпір сангап, көшеде жалғыз тастап кететін. Ішімдегі балама үш ай болғанда ол айтқанын орындамасам, жүкті күйімде әке-шешеме апарып тастайтындығын айтты. Ақыры ата-анамның қарсылығына қарамастан, оның дегеніне көндім, -дейді ол.
    Келіншектің сөзінше, күйеуі намазға жығылғаннан кейін оған діни кітаптар оқытып, лекциялар тыңдатыпты.
    -Ол кітаптарда намаз оқымайтын адамды кәпір санайтын. “Күйеуім “намаз оқып жатқанда өзің секілді сестралардың Сирияда атысып жатқанын көз алдыңа елестет, өзіңді солардың арасында жүргендей сезін, сол кезде жәннаттық боласың” дейтін. Ол кісі мен тұрмысқа шыққанға дейін 8 жыл сол ағымда жүрген. Әкесінен ерте айрылған. Намаз оқымайтын анасын кәпір санайтын. Маған да “Ата-анаң кәпір, олармен сөйлеспе” деді. Мен олармен қарым-қатынасымды үздім. Әке –шешеме “сендер тозақтықсыңдар” дейтін едім.Үйге барсам да, бөлек тамақ ішетінмін. Еттерін харам санадым. Бар білгенім, таңнан кешке дейін Халил деген кісінің лекцияларын тыңдайтын едім. Сөйтіп, жат ағымға түгелдей еніп кеттім, -дейді адасқан келіншек.
    Өмірі өкінішке толы келіншек аяғы ауыр болса да 3-4 күн аш жүргенін айтады. Ал жолдасы отбасын асыраудың орнына келіншектің әке-шешесі берген ақшаны футболға тіккен. Ақыры тұрмыс тауқыметіне шыдамаған келіншек онымен ажырасып кеткен.

    Түрмедегі “братпен” некесі қиылды
    Күйеуі талақ айтып, ажырасқан келіншек осыдан соң түрмеде жазасын өтеп жатқан жігітпен отбасын құрады.
    - Осыдан соң дінді қатты ұстанатын ортаға тап болдым. Олардың күйеулері түрмеде отыр. Әрқайсысына пәтер жалдап берген. Мен әке-шешемнің үйіндегі теледидар мен музыканы харам санап, солардың қасына бардым. Араларындағы үлкендеу бір сестра маған түрмеде отырған барттар туралы айтты. “Ол түрмеде өліп кетсе, сен шахидтің әйелі боласың”деді. Ол кезде менің санамда тек “Сирия”, “шахид” пен “жиһад” деген түсініктер ғана болған. Олар мені “әйел адам ажырасқаннан кейін үш айдан соң тұрмысқа шығуы керек” деп үгіттеді. Cолардың ықпалымен түрмеде отырған кісіге тұрмысқа шықтым. Түрмеде намаз оқитын адамды имам қылып, екі кісі куәгер болды. Неке қиғанын телефоннан тыңдап отырдым,-дейді ол.

    Алайда түрмеге кездесуге барған келіншекті күйеуі ұрып-соққан
    - Ол кісі күн алып, түрмеде кездестік. Неке қиғаннан кейін браттарға айтып, жағдайыңды жасаймын деп уәде еткен. Алайда бір айдан кейін “жұмыс істеп, сәлемдеме жібересің” деді.Cол кісі үшін жұмыс істеп, ай сайын тамақ апарып бердім. Балам үшін де олай жұмыс істеген жоқпын. Үш айда бір рет кездесуге баратынмын. Мені өлімші етіп ұратын. Ол кісіге таяқ жегендіктен, мені босатуын сұрадым. Ол мені ұрғанына өкінетін. Бірақ, өзін-өзі ұстай алмайды. Мені ақыры босатты,-дейді.

    “Өмірімдегі ең жақын адамдарды жылаттым”
    Осыдан соң 6 жыл теріс ағымның жетегінде жүрген келіншек үшінші рет тұрмыс құрады. Алайда, бұл жолы да оңбай қателеседі.
    - Ол кісіден ажырасқан соң, өзін “жетіммін” деген бір жігітпен таныстым. Менен 7 жас үлкен. Ол адаммен некемді қидырдым. Өзі жұмыс істемейтін. Ол кісіден бала көтердім. Жүкті кезімде жұмыс істеуге жағдайым келмеді. Алайда ол жұмыс істеуге тырыспады. Біреулердің үйінде жүрдім. Жүктілігіме 4 ай болғанда қиналып, ауруханаға түстім. Дәрігерлер баланы алып тастамасам, ана атана алмайтындығымды айтты. Жолдасыма хабарласып, баланы алдыртуға ақша керектігін жеткіздім. Ол “шаруам жоқ, шешімін өзің тап” деді. Салафиттік ағымда жүрген таныстарымның бәрі менен теріс айналды. Ақыры кезінде кәпір санаған анама хабарластым. Оған: “Мама, маған көмектес,болмаса менен айрылдым деп санай бер” дедім.Анам шыдамады, маған банктен ақша аударып жіберді. “Жалғыз қызымсың, сенің тірі болғаның керек” деді. Баламды алдырғаннан кейін алты сағат есімді жинай алмадым. Сол кезде бәрін түсіндім. Сол алты сағатта алты жылдық өмірім көз алдыма келді. Ата-анамнан безгенім қателік екенін ұқтым. Өзіме бұл ағымнан кетемін деп сөз бердім. Жылап тұрып, анамнан кешірім сұрадым. Мен келін болып сәлем салғаным жоқ. Әке-шешем бауырсақ пісірсе, лақтырып тастайтынмын. Өліге құран бағыштаса, орнымнан тұрып кететін едім. Қазақстанды жек көрдім, кетуге асығатын едім. Мен исламнан емес, адамдардан қорқып қалдым. “Сестраларға” талақ алғанымды айтсам, “ үш айыңды өткіз, содан кейін бауырларға тұрмысқа шығасың” дейтін. Ал күйеулеріме “Неге жұмыс істемейсің?” десем, олар талақ айтатын. Адаспаңыздар, мешітке барыңыздар. Ата-анамның маған деген реніші әлі күнге дейін тарқаған жоқ. Өйткені алты жылдың ішінде оларға айтпағаным да, істемегенім де жоқ. Ата-анам аяғымды құшақтап отырып жылағанда, мен оларды теуіп кететін едім.Ислам діні ата-анадан безуге үйретпейді. Ал біз ұстанған дінде бәрі басқаша. Қатты өкінемін. Өйткені өмірімдегі ең жақын адамдарымды жылаттым,- деп егіледі видео кейіпкері.
    Теолог Жандәулет Сүлейменовтің айтуынша, жат ағымның жетегінде жүрген келіншек қазір дәстүрлі дінге бет бұруда. Мешітке барып, ханафи мазхабын ұстауға ниеттеніп жүр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жас келіншекті үш күйеуі талақ етті
  • Ақтөбелік келіншек сәбиін 60 мың теңгеге саудалаған
  • Күйеуі абақтыға қамалған келіншек әділдік сұрайды
  • Лаңкестің әйелі елден кешірім сұрады
  • Жоғалған жасөспірімнің анасы: Теріс ағымның жетегінде кеткен болуы мүмкін
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге