“Бауырым, бұл - түйе”

    “Бауырым, бұл - түйе”

    Астанада болып жатқан халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің қызығы таусылар емес. Айгүл Ибраева есімді желі қолданушысы Facebook парақшасына көрме аясында өтетін шоуға қатысу үшін әкелінген түйелер жайында күлкілі оқиғаны әңгімелеп берді. Оның айтуынша, күзетшілер жануарларды көрме аумағына құжатсыз деп кіргізбей қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

    -ЭКСПО аясында Алматы қаласының күндерін өткізбекке Астанаға төрт тірі түйені шоуға қатысуға әкелген. ЭКСПО аумағына кіру үшін билет немесе аккредитация болуы тиіс. Кіреберістегі күзетші түйелерді кіргізбей қойды, - деп жазады Айгүл Ибраева.
    Әрі қарай Facebook қолданушысы келеңсіз жағдайға тап болған адам мен түйелерді кіргізбей қойған күзетшінің екеуара диалогын келтіреді:
    - Бұларыңыз не?
    - Бауырым, бұлар - түйелер.
    - Аккредитация қайда?
    - Бауырым, түйе деймін...
    - Аккредитациясыз кіруге болмайды!
    - Бауырым! Бұл түйе ғой!
    Әрі қарай түйені әкелген адам аккредитация орталығына қоңырау шалған. Олар түйелерге құжат жасау үшін көзілдіріксіз түскен 3×4 сурет пен "әртістердің" аты-жөндерін сұрапты.
    -Одан кейін не болғанын фотодан көріп байқаған шығарсыздар. Алайда бәрі әділетсіз болды. Бір түйені ғана суретке түсіріп алып, төртеуіне де сол суретпен бейдж жасап берді, - деп мысқылдайды Айгүл Ибраева.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ҮЗДІКТЕР ІРІКТЕЛДІ
  • Ақтөбеде EXPO-2017 халықаралық көрмесінің билеттері сатылуда
  • Ақтөбелік сазгерлер ЭКСПО-ға арнап ән жазуда
  • Зейнетақы қорындағы қаражат қайда жұмсалмақ?
  • Ақтөбе облысынан 100 адам ЭКСПО-2017-нің еріктілер қозғалысына тартылмақшы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге