Құршасай ауылы “өртенді”

    Құршасай ауылы “өртенді”

    Қала шетіндегі Құршасай ауылында полигон “өртенді”. Ауыл шетіндегі шағын орманнан бастау алған өрт тұтас ауыл ғимараттарын “жалмап, апаттық жағдайға душар етті”.

    Облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері Құршасай ауылында оқу-жаттығу сабақтарын өткізді. Үш айға созылған оқу кезінде алған білімдерін іс жүзінде көрсеткен курсанттарға лейтенант шені берілді. Тілсіз жаумен алысқан 66 курсант Құршасай ауданындағы оқу – жаттығу алаңында өз біліктіліктерін көрсетті. Орман өрті, отқа оранған ғимараттар, апаттық жағдайлар барынша шынайы болды. Сарбаздар отты жолақтың үстінен мейлінше жылдам әрі сақ өтіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Өртенген ғимарат ішінде қалған адамдарды сыртқа шығару жоғары деңгейде жүзеге асырылды. Бұдан бөлек орман өртін және отқа оранған көліктерді сөндіру кезінде арнайы өрт сөндіру, апаттық құтқару көліктері жұмылдырылды. Жарылу қаупі бар жанармай, газ цистерналары алыс қашықтықтан сөндіру әдісі бойынша орындалды. Алты бөлімнен тұратын өртті ауыздықтау, апаттық құтқару жұмыстарын сарбаздар белгіленген уақыттан ерте аяқтады. Біліктілікті арттыру курсына облысымыздан бөлек Алматы, Астана, Қызылорда өңірлерінен сарбаздар келген болатын. Олар өз аймақтарының азаматтық қорғау органдарына барып қызметтерін жалғастырады. Қаламызда бірінші рет өткізілген қайта даярлау курсы, алдағы уақытта тұрақты түрде жалғастырылмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде сауна өртенді
  • Ақтөбеде жолаушылар автобусы өртенді
  • Ақтөбеде фитнес клубтың саунасы өртенді
  • Ақтөбеде дәмхана өртенді
  • “Локомотив” кинотеатры өртенді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге