Сасық иістен шаршаған ақтөбеліктер шу шығарды

    Ақтөбеде сасық иістен әбден ығыр болған қала тұрғындары билікке мұңдарын шақты. Олар әлеуметтік желіде арнайы парақша ашып, мәселемен күресуге шақырды.

    Қолқаны қабатын сасық иіс ақтөбеліктерді әбден мезі еткен. Әсіресе, қаланың орталық бөлігі мен Шанхай, Батыс-2 аудандарының тұрғындары жағымсыз иіске тұншығып отыр. Айтуларынша, кәріз жүйесінен шыққан иістен демалу мүмкін емес. Бұған қоса ауадағы күкіртті сутектің иесі денсаулыққа зиянын тигізуде. Айтуларынша, жағымсыз иістен соң олардың қан қысымы көтеріліп, бастары жиі ауырады екен.
    -Өзім қаланың 8-мөлтек ауданында тұрамын. Жаз басталысымен күндіз де, түнде де жағымсыз иістен көз ашпайтын болдық. Шіріген жұмыртқаның иісі секілді күкіртті сутектің сасық иісі шығады. Көп қабатты үйде тұрғандықтан, түнде терезені ашқымыз келеді. Бірақ, аша алмайсың. Үйде балалар болғандықтан, салқындатқышты тағы қоса алмайсың. Амал жоқ, тұншығып отыруыңа тура келеді. Балалардың да, біздің де мазамыз қашады. Сасық ауамен тыныстап келе жатқанымызға 5 жылдай уақыт болды. Алайда бұл мәселе әлі күнге дейін шешілмеді,- дейді Әлия Жанаева.
    Ал ақтөбелік Әйгерім Бижанова үшін жағымсыз иіс нағыз азапқа айналған. Өйткені Даун ауруымен ауыратын баланы тәрбиелеп отырған ол ұлының жиі мазасызданатындығын айтады.
    -Менің балам ерекше диагнозбен дүниеге келген. Күтімді қажет етеді. Сасық иіс пайда болысымен, балам лоқсып, жөтеле бастайды. Терезе жабуды ұмытып кетсек, көзі жасаурап жылайды. Бұл мені қатты алаңдатады. Мұндай күндері саябақта серуендеуден де қаламыз,-дейді ол.
    Әсіресе, өткен демалыс күндері қолқаны қабатын күлімсі иіс тұрғындардың әбден берекетін қашырған. Сондықтан әлеуметтік желіде парақша ашып, жағымсыз иістен ығыр болғандардың бастарын қосыпты. Айтуларынша, билік те бұл мәселеден хабардар. Бірақ, әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Өзара бас қосқан тұрғындар Батыс-2 ауданындағы денсаулық саябағына жиналып, өздерінің жанайқайын жеткізді. Сасық иістен шаршаған тұрғындардың мұңын тыңдауға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов бастаған бір топ шенеунік келді. Тіпті, тұрғындардың бейбіт басқосуын митинг деп ойласа керек, бұл жерден милиция қызметкерлері де көрінді. Жиналғандарды облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы Қаныбек Жақсығалиев бастаған тәртіп сақшылары бақылап тұрды.
    Қайрат Бекеновтің айтуынша, сасық иістің мәселесі шешіледі. Бұл үшін билік тиісті жұмыстар жүргізуде.
    -Облыста ауаны ластап отырған үш жүзден астам кәсіпорын бар. Олар келесі жылдан бастап сасық иістен тазарту үшін бюджетке қаржы салуға мүдделі. 1997 жылдан бері иесіз қалған спирт зауыттарының қалдықтары да сасық иіске өз әсерін тигізуде. Қазір олар жабылып жатыр. Кәріз суларының да кез –келген жерге төгілетіні жасырын емес. Бұл мәселені шешу үшін үш бекет салынуда. Бұған бюджеттен 319 млн теңге бөлінді. Мұндай бекеттің біреуі бір мезетте бес ассентизаторлы автомашинаны қабылдай алады. Мұнда қоқыстар техникалық сумен араластырылып, әрі қарай орталық кәріз жүйесіне айдалады. Су соратын көліктер, оның ішінде ГАЗ-53 автокөлігі кәріз суын төккені үшін ай сайын 15 мың теңге, ал жүк көліктері одан көбірек ақша төлейді. Осылайша, жеке сектордағы қоқыстарды айдау мәселесі шешіледі. Облыста экология мәселелеріне арналған жұмыс тобы бар. Сасық иістің мәселесі бір жылда шешілетін проблема емес. Кезең-кезеңімен жүзеге асады,-деді облыс әкімінің орынбасары.
    Облыстың бас экологы да бұл мәселеге қанық екенін жеткізді. Жақсылық Иманқұловтың сөзінше, қаланың ескі бөлігінде тұратын өзі де сасық иіспен демалып жүр.
    -Мен де осы қаланың тұрғынымын. Сіздер демалған ауамен мен де демаламын. Сенбі күндері ауа райы 37,38 градусқа дейін көтерілді.
    Ыстық ауа райына байланысты кәріз жүйелеріндегі күкіртсутегінің түзілуі жоғарылады. Ал түнде ауа райы 18-20 градусқа дейін төмендейді. Температураның осылай ауытқуы салдарынан түнгі уақытта атмосфералық қысым күрт төмендейді де, күкіртсутек көбейеді. Облыстағы кәсіпорындар өнеркәсіптік ағынды суларды кәріз жүйелеріне төгеді. Біз қазір ауаны ластап отырған 20-ға жуық мекемені анықтадық. Оларға тазарту құрылғыларын қоймаса, жабылып қалатындықтары туралы ескерту жасалды,-дейді облыстың бас экологы.
    Қазір өңірде ауадағы күкіртті сутектің мөлшері шамадан тыс артып кеткен. Қазгидрометтің мәліметінше, шілдеде көрсеткіш қалыпты шамадан 25 есе көп екендігін көрсеткен. Жағымсыз иістен шаршаған ақтөбеліктер биліктің бұл мәселені шешетіндігінен үміттеніп тарқасты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе сасық иіспен күресе бастады
  • Ақтөбедегі сасық иіс жойыла ма?
  • Сапарбаев қаланың ең сасық жерлерін аралады
  • Ақтөбедегі жағымсыз иістің үш себебі
  • Күлімсі иіс жұртты зәрезап қылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге