Мұнайшылар қаржылық дағдарыстың зардабын тарта бастады

    Ақтөбе облысының аумағында мұнай өндірісімен айналысатын бірнеше мекеменің жұмысшылары қаржылық дағдарыстың зардабын шеге бастады. Мұнай бағасының арзандағанын сылтауратқан мекеме басшылары жұмысшылардың жалақысын төлемей қойған. Бірқатарын мерзімсіз демалысқа жіберген. Жалақысы қысқарған жұмысшылар құқығымыз тапталды деп отыр.

    Мұнайшылардың мұңы 20 мамыр күні “Жалпыұлттық социал демократиялық партияның” Ақтөбе облыстық филиалы өткізген азаматтық тыңдау барысында айтылды. Партияның қоғамдық қабылдауына келген қала тұрғыны Бекболат Қалаубай “бір топ мұнайшының мұңын айта келгенін” жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, Жаңажолдағы “М-Техсервис” ЖШС қызметкерлері биылғы ақпан айынан бері ақысыз демалыста жүр. Мұнай бағасының арзандағанын сылтауратқан басшылар оларға бірнеше айдан бері тек 50 пайыздық жалақы төлеп отыр.
    - Мен жұмыс жасайтын “М-Техсервис” ЖШС Жаңажолда мұнай өңдеумен айналысады. Осы компанияда оператор болып жұмыс жасағаныма 10 жыл болды. Бұған дейін де жалақымыздың қытайлықтарға қарағанда аз екендігін айтып шағымданған едік. Ал ақпан айынан бастап мекемеде жұмыс жасайтын 500 адамның жартысынан көбін демалысқа жіберді. Тек 200-ге жуық адам ғана жұмыс жасап жүр. Ал қалғандары тек 50 пайыз жалақы алады. Басшылар мұнай бағасы төмендегендіктен осындай қадамға бардық деп отыр. Бір сөздерінде жағдай 2016 жылы ғана түзеледі деп қалды. Онда да мұнай бағасы көтерілсе ғана. Алайда қай уақытта толық жалақы алып, жұмыс жасайтынымыз белгісіз. Бәріміздің несиеміз, бала-шағамыз бар,-дейді ашынған мұнайшы.
    Бекболат Қалаубай “М-Техсервис” ЖШС басшыларын “мекемеде қауіпсіздік талаптарын сақтамайды” деп айыптады. Сөзіне қарағанда, зауытта көмірсутектің мөлшері бірнеше есе артық. Қытайлықтар ауыр жұмысқа көнбегендерді жұмыстан шығаратындықтарын айтып қоқан-лоқы жасайды. Басшылардың қорлығын көп көрдік деген мұнайшы партия өкілдерінің жалақы мәселесін шешіп беруін сұрады.
    “Жалпыұлттық социал демократиялық партияның” Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Мейрамбек Камаловтың айтуынша, бұл партияға көмек сұрап келген мұнайшылардың алғашқы тобы емес. Жыл басынан бері партияның қабылдауына облыс мұнайшыларынан 30-ға жуық арыз-шағым түскен.

    - Партияға жұмыссыз қалғандарын, қысқартуға ұшырағандарын айтып мұнайшылар жиі шағымданады. Таяуда бірнеше айдан бері жалақыларын ала алмай жүрген “Лайнс Джамп” ЖШС жұмысшылары да хабарласқан болатын. Еңбек департаментінің шешімі болғанымен, олар әлі күнге дейін жалақыларына қол жеткізе алмай жүр. Мұның соңы әлеуметтік шиеленіске әкеп соғуы әбден мүмкін. Елдегі қаржылық дағдарыс салдарынан Ақтөбеде азық-түлік бағасы да қымбаттап барады. Ай сайын ең аз кірісі бар отбасыны мысалға ала отырып, баға мониторингін жүргіземіз. Нәтижесінде бір адамның қажеттілігі ең төменгі күнкөріс мөлшерінен, яғни 19 мың теңгеден асады. Ал коммунальдық төлемнің өзі оның 40 пайызын құрайды. Дағдарыс салдарынан облыс халқының 80 пайызы қиналып отыр, -дейді партия басшысы.

    “Керек.info” тілшісі осыған орай “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ хабарласқан болатын. Аталмыш компанияның баспасөз хатшысы Ғалия Жалдыбаева “М-Техсервис” және “Лайнс Джамп” серіктестіктерінің “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ қатысы жоқтығын айтты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ҰБТ: Аттестатқа тестілеудің ғана бағасы қойылмайтын болды
  • Жедел жәрдем жүргізушілері шу шығарды
  • Тәжірибесіз дәрігерлерге жұмыс бар
  • Ақтөбеде сайлауға дайындық басталды
  • Ақтөбеде электр энергиясы арзандайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге