“Полицейлер ұйықтап жүреді”

    “Полицейлер ұйықтап жүреді”

    Облыстық Ішкі істер департаментінің басшысы қарамағындағы қызметкерлерін сөкті. Полковник Махамбет Әбісатов соңғы кездері полицейлер тарапынан жиілеген қылмыстарды сынға алды. Оның айтуынша, “балық басынан шіриді”. Сондықтан ол облыстық департаментке қарасты барлық басқарма мен бөлім басшыларын сықпыртып алды.

    Неге Елбасының тапсырмасы орындалмады?
    Жұма күні, 4 тамызда Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің қоғамдық кеңесінде тәртіп, заңдылық пен жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы мәселелер талқыға салынды. Жиналысқа кілең басқарма мен бөлім басшылары келді. Подполковниктен төмен шен болмады.
    — Ақыр соңында біздің алғашқы отырысымыз өтуде... Мен қазір қажет емес және бос сөз баяндамаларды қысқартамын. 2015 жылы 6 мамырда “100 нақты қадам. Ұлт жоспары” жарияланды. Ішкі істер департаменті басшысының бұйрығымен қоғамдық кеңес 2016 жылы 17 наурызда құрылды. Бір жарым жыл өткен соң ғана соның алғашқы отырысы бүгін өтіп жатыр. Неге Елбасының тапсырмасы орындалмады? — деп департамент басшысы Махамбет Әбісатов екпіндетіп сөйледі.

    Полицейлердің үстінен түсетін шағымдар көбейген
    Басшының алғашқы сөздерінен-ақ сын мен ескертпе айтылатыны белгілі болды. Ол полицейлердің тәртібіне қатысты статистиканың бұзылғанын алға тартты.
    — Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінде 51 адам жазаланған. Бұл жеке құрамның үштен бір бөлігі. Мәртөк бөлімінде де қызметкерлердің үштен бір бөлігі жазаға ұшырады. Жағымсыз себептерге байланысты Елек полиция бөлімінен жеті адам жұмыстан қуылды. Патрульді полициядан бес адам жұмыстан кетті. Хромтауда үш полицей жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылды. Яғни бұл командирлер «ұйықтап» жүріп, бақыламаған дегенді білдіреді. Тәрбие жұмыстарымен айналыспаған, — деп департамент басшысы қарамағындағы қызметкерлерін сынады.
    Оның сөзінше, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайтын полицейлердің өздері тәртіп бұзушылықты жиілеткен. Осылайша, былтыр ақтөбелік полицейлер 14 рет Әдеп кодексін бұзса, биыл 19 рет тәртіп сақшысына жараспайтын қылық жасаған.
    — Тұрғындармен байланыс орнататын учаскелік инспекторлар, патрульді полиция қызметкерлері — бұлар бірінші болып көмекке келудің орнына өздері тәртіпті бұзып отыр. Соның кесірінен тұрғындардың ой-санасында полицейдің тек жағымсыз бейнесі сақталады. Жалпы полицейлердің үстінен түсетін арыз-шағым саны 20 пайызға артқан. Былтыр 480 шағым түссе, биыл 600-ден астам шағым келді, — деді Махамбет Әбісатов.

    Полицейлер тұрғынның өзіне ұрыны іздеттірген
    Департамент басшысы қарамағындағы басқарма мен бөлім бастықтарының тұрғындарды аз қабылдайтынын айтты. “Адамдармен жиі сөйлесіңіздер, сонда қол астыңыздағы қызметкерлеріңіз жайлы қызықты жайт естисіздер”, — деді ол.
    Әрмен қарай Махамбет Әбісатов ақтөбеліктен түскен жазбаша шағымды дауыстап оқып берді.
    “Менің пәтерім тоналды. Жедел уәкіл мен тергеуші келді. Олар маған мынадай тапсырма берді: “Көрші пәтерлерді аралайсың, көршілерден сұрайсың, жақын маңдағы ломбардтарға барасың, күдіктілерді анықтайсың, келесің де есеп бересің” деді олар. Мен тапсырманы адал атқардым. Енді оларды бір ай бойы таба алмай жүрмін. Олар менен қашып жүр”, — делінген хатта.

    “Басшы ретінде қайда қарадың?”
    Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарманың басшысы Әлімжан Базикенов орнынан тұрды. Ол өзінің орынбасары — подполковник Абай Дәулетов үшін жауап берді. Еске сала кетейік, Дәулетов пен оның қоластындағы төрт қызметкер бекіре сатушылардан пара алды деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.
    — Сенің орынбасарыңды тағайындауда үш рет рұқсатымды бермедім. Себебі мен оның жұмысқа икемі жоқ, тек өз қара басын ойлайтын адам екенін көрдім. Мен оны қуып шықтым, аппараттық кеңестерге келуге тыйым салдым. Бірақ сен төртінші рет өтінішпен келдің. “Мүмкін, мен қателескен шығармын” деп рұқсатымды бердім. Енді ол тергеу изоляторында жалғыз өзі отырған жоқ, ол өзімен бірге төрт жоғары шенді офицерлерді, подполковниктерді ала кетті! Санкцияны ұзартқанда тергеуде отырған біреуінің әкесі қайтыс болды. Анасы ауыр халде. Міне, мәселе құны: бес офицер, 50 мың теңге, бекіре килограммы. Басшы ретінде қайда қарадың? — деп Махамбет Әбісатов сілкіп алды.
    Оның айтуынша, бүкіл кінә басшыда. Қоластындағы қызметкерлері немен айналысып жатқанын бақылаудың орнына еркіндік беріп қойған.

    Вокзал маңындағы әдепсіздік қашан жойылады?
    Сондай-ақ, Махамбет Әбісатов теміржол вокзалы маңындағы тәртіпсіздікті реттеуге тапсырма берді.
    “Вокзал маңындағы үйлердің тұрғындарынан шағымды қашанға дейін ести береміз?! Пәтерлер жалға беріледі. Не пойыз ұйықтатпайды, не қабырғаның арғы жағындағы айқай-шу, төбелес, әдепсіздік маза бермейді. Учаскелік полицейлер қайда қарап отыр?! Өздерің вокзал жаққа барып, қонып көріңдер”, — деп Махамбет Әбісатов Елек полиция бөлімінің бастығы Денис Беловке тұрғылықты мекенжайын ауыстыруға кеңес берді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әдепсіз суреттері үшін ақтөбелік шенеуніктер сөгіс алды
  • Полицейлер қан тапсырды
  • Ақтөбеде үш полицей жұмыста мас болғаны үшін қызметтен қуылды
  • Қаланың бас полицейі: Полицейлер құқық бұзса, маған қоңырау шалыңыз
  • Жұмыстан қуылған 9 полицей ІІД-мен соттасып жатыр
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге