Ақтөбенің сасық иісін жою үшін 300 млн теңге бөлінді

    Ақтөбе қаласының сасық иісі әлі өз күшін жойған жоқ. Күннен күнге қолқаны қауып, қала тұрғындарының мазасын қашырған жаман иістің шығу себептерін талқылау мақсатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайын бұзып жатқан өндірістік компанияларды жинады.

    Ауаны бұзатын 9 кәсіпорын анықталды.
    Облыс әкімі ауаны бұзатын 9 кәсіпорынның анықталғанын айтты. Аталған кәсіпорындар кеш батысымен ауаға қалдықтарын төгеді.
    - Соңғы кезде халықты толғандырып жүрген үлкен мәселе – ауадағы жағымсыз иіс. Жұтып жатқан ауамыздың экологиялық жағдайының бұзылуы аландады. Қаламыздың ауасы бұзылып, қала тұрғындарына кері әсерін тигізіп жатыр. Бұл жөнінде қала әкімі Ілияс Испановқа, орынбасар Қайрат Бекеновке тапсырма берген болатынмын. Олар тиісті басқармалармен бірігіп өндірістік кәсіпорындарды, үлкен, шағын компанияларды тексерді. Оларға тиісті тапсырма берді. Алайда, нәтиже жоқ. Бұл мәселе бойынша бірнеше рет жиналыс өткізілді. Өкінішке орай, осы мәселемен айналысатын департамент, басқармалар нақты шаралар қолданбай келеді. Тек отыз, қырық мың теңге айыппұл салады да, сонымен тоқтайды. Ауаны бұзатын үлкен 9 кәсіпорын бар. Олар өздерінің өнімдерін шығарып алып, одан қалатын қалдықтарды ауаға шығарады. Сол лас ауамен сіздер мен біздер дем аламыз,-дейді облыс әкімі.
    Бердібек Сапарбаев бұл өзекті мәселені шешу үшін барлық тиісті мекемелердің бірігіп жұмыс жасауы қажеттігін алға тартты.
    - Жиналыстың мақсаты - бәріміз бірігіп осы күрделі мәселені шешуіміз керек. Бір күнде шешу мүмкін емес. Арнайы қондырғылар қондыру керек. Технологиялар қажет. Үш сорғы станциясын орнатуға жергілікті бюджеттен 300 миллионнан аса қаражат бөлінді,- деді әкім.

    “Өзіңді – өзің алдама!”
    Ақтөбе облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов осы мәселе бойынша есеп берді. Бірақ, басқарма басшысының есебі әкімнің көңілінен шықпады.

    - Тоғыз ірі кәсіпорын ауаны көп мөлшерде ластап жатыр. Ауаның ластануының тоқсан үш пайызын АЗФ құрайды. Қалғаны “Ақтөбе ТЭЦ” АҚ, “АЗХС”, “АРБЗ” ЖШС, “Стройдеталь”, “Батыс Даму Жол”, “Ақтөбе мұнай өңдеу” және “Южпромснаб” сынды сегіз кәсіпорынға тиесілі. Өткен жылы “Қазгидромет” РМК бақылау желілерінің мәліметтері бойынша қаланың атмосфералық ауасы ластанудың жоғары деңгейін көрсетті. Осындай 6266 дерек тіркелді. Өндірістік кәсіпорындарға салынатын айыппұл жеке меншік кәсіпорынға 40 МРП, орта бизнеске 70 МРП, үлкен бизнеске 200 МРП мөлшерінде,- деді басқарма басшысы.
    Облыстың басты экологы айтқан есепке көңілі толмаған Бердібек Сапарбаев басқарма басшысына Махамбет ауылына барып, өмір сүруге кеңес берді.
    - Сіздерді Махамбет ауылына көшіру қажет. Сол жерде бір ай тұрсаңыздар, не айтатындарыңызды көрер едім. Ол жерге бармайсыздар. Ал, мен Махамбет ауылының тұрғындарымен кездесуге барғанда, жағымсыз иісті сездім. Бірақ, білдіртпей тұрдым. Олар күнде сол жағымсыз ауамен демалып жүр. Өзімізді-өзіміз бәрі жақсы болып келе жатыр деп алдамайық. Егер бәрі жақсы болса, аллергиямен ауыратын адамдар қаламызда болмас еді. Адамдар шағым айтпас еді,-деді облыс әкімі.

    УЛЫ ПОЛИГОН ЖАБЫЛА МА?
    Қаланың шетіндегі ескі арақ зауытынан қалған улы полигонның қашан жойылатыны туралы мәселе жыл сайын көтеріледі. Маңына адам жолатпайтын сасық полигон бірнеше гектар жерді алып жатыр. Ашық полигоннан көтерілген улы газ бен сасық иіс Ақтөбені жайпап кетеді. Бұл мәселе де назардан тыс қалмады.
    - Қазіргі уақытта полигонды жабу туралы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бюджеттен жетпіс миллион теңге бөлінді. Барда мәселесі бойынша ТЭН жасайтын мекеме анықталмаған соң жұмыс тоқтап тұр. Соған байланысты, Ресей елінің мамандары келіп жатыр. Қырық метр жерде жатқан барда қалдықтарын тазалау үшін келісім-шарт жасалды. Тазалау жұмыстары биыл басталды. Аяқталу мерзімі екі жылға созылады. Үш сорғы станциясының жұмысы тамыз айында аяқталады. “Ақбұлақ” АҚ бірігіп өндірістік кәсіпорындардың, қала ішіндегі кәсіпорындардың шығарытын қалдықтарына бақылау жүргізіліп жатыр,-дейді қала әкімі Ильяс Испанов.

    Жиын соңында Бердібек Сапарбаев бақылаушы ведомстволар басшыларына үнемі қадағаламайтындарын тигізіп айтты. Экологиялық талаптарды орындамаған кәсіпорындарға қатаң ескертпе жасады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сасық иістен шаршаған ақтөбеліктер шу шығарды
  • Ақтөбе ауасы қашан тазарады?
  • Ақтөбедегі сасық иіс жойыла ма?
  • 25 мың көшеттің 25 пайызы шықпай қалды
  • Сапарбаев қаланың ең сасық жерлерін аралады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге