Қажылыққа бару үшін 3800 доллар керек

    Қажылыққа бару үшін  3800 доллар керек

    Биыл он төрт ақтөбелік қажылыққа барады. Қажылыққа отыз жастан жетпіс жасқа дейінгі азаматтар барғалы жатыр. Бұл туралы Нұрғасыр мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Шахизадаұлы айтты.

    Нұрғасыр мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Шахизадаұлының айтуынша, биыл тұңғыш рет Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бастамасымен бас мүфти Ержан Қажының бастамасымен қажылық компания ашылып отыр.
    - Биыл Қазақстан бойынша 2500 адам қажылыққа барады. Оның ішінде ақтөбеліктер 14 адам тіркелді. Олардың жас ерекшеліктері отыз жастан бастап жетпіс жасқа дейінгі азаматтар. Қазіргі таңда құжаттары дайындалып, визаға жіберілді. 1-7 тамыз аралығында қажылыққа баратын азаматтарға арнайы семинарлар өткізілді.

    Қажылық компанияның мақсаты - халыққа қызмет жасау.
    - Эконом класс 3800 доллар, стандарт класс 4200 доллардың екі пакеті ұсынылады. Бұл пакеттердің ішінде барлығы кіреді. Барып, келуі. Қажылық киімдері, сөмкелері, зәмзәм сулары, екі мезгіл тамағы барлығы кіреді. Барған кезде Мадина қаласында зиярат жасайтын орындар бар. Сол жерлерге алып барады. Дәрігерлермен қамтамасыз етіледі. Гид имамдармен қамтамасыз етіледі. Қажыға барған азаматтардың барлық жағдайлары жасалады. Қажылыққа баратын ақтөбеліктерді әлі де болса жинап, бастарын қосып ас береміз. Жолға шығарып саламыз, күтіп аламыз. Тек Ақтөбеде ғана емес, басқа да облыстарда бар. 23-24 тамыз күндері бару рейстері ұшады. Келу рейстері 6-8 қыркүйек аралығында,- деді наиб имам.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Наиб мүфти: Жамағаттың имамдарға көңілі толмайды
  • 3 мың отандасымыз қажылыққа аттанбақшы
  • Қажылар кешігіп жатыр
  • Қажылыққа 70 адам барады
  • Архимед Мұхамбетов ауызашар берді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге