Жатақханадан қуылған ақтөбеліктер далада қалуы мүмкін

    Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы “Құрылысшы” жатақханасының тұрғындары далада қалмақ. Алда келе жатқан алты ай қыста қайда барарларын білмеген тұрғындар редакцияға хабарласты.

    Хромтау қаласындағы “Құрылысшы” жатақханасы апатты жағдайда деп танылды. Жатақхананы босатуға тұрғындарға бір ай уақыт беріліпті. Алда алты ай қыс келе жатыр. Ал, жатақхана тұрғындары “көшеде түнейміз” деп белді бекем буып отыр екен.
    - Мен осы жатақханада тұрғаныма сегіз жыл болды. Жолдасым комбинатта жұмыс жасайды. Еңбекақысы сексен мың теңге. Өзім екі баламен үйде отырмын. Біздің пәтер жалдап тұруға ақшамыз жоқ. Ит секілді шығарып жібергісі келеді. Бұл не масқара? Зейнеткерлер, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тұрады. Қонақ үйде 14 бөлме бар, ақысын төлеп тұрыңдар деді. Ол не деген сөз? Бірнеше жыл бойы апатты деп айтып келе жатыр. Сол кезден бастан шығарып, оларды баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлауы керек еді. Ал олар күні бүгінге дейін адамдарды шақырып, орналастырды. Кейін бір күнде жиналыс өткізіп, “шығыңдар” деп отыр. Бұл үйде 150-ге жуық бала бар. Олар ертең мектепке барады. Тамағымыз, киіміміз бар. Балама атасы ақша берген еді, ол маған беріп, “мама, пәтерге төлеші” деп отыр. Мен жылап жібердім. “Бір ай уақыт ішінде бізге жатақхананы босатыңдар” деді. 31 тамыз күні осы жатақханадан кетуіміз керек. Кішкентай қызым “мама мен ертең сабақтан келгенде кімнің үйіне барамын деп жылайды, балаға қосылып өзім де жылаймын. Біздің жатақхананы босатуға жағдайымыз келмейді. Алдымызда күз де келді. Балаларымызды оқуға да дайындап үлгермедік. Енді далада қалайын деп отырмыз. Жалғыз біз емес, бізден басқа 52 пәтер тұрады осы жерде. Жалғыз басты аналар, мүгедек топтағы адамдар тұрады. Балалар үйінен шыққан жетімдер де бар. Көбісінің жағдайы жоқ адамдар. Пәтер жалдауға ақшалары да жоқ. Жатақханаға айына жеті мың теңге төлеп тұрамыз. Егер жағдайымыз жақсы болса бұл жерде, бір күн де отырмас едік,- дейді жатақхана тұрғыны Әсия Абишева.

    Кеншілер мен қарапайым тұрғындар, жастар қоныстанған жатақханаға жарты ғасырдан астам уақыт болған. Баспананың бір жақ қабырғасы сөгілуі мүмкін болғандықтан, іргесі темірмен бекітілген. Ал биыл күзде тұрғындарды толықтай үйден босату туралы шешім қабылданған. Шешімге байланысты жалғызбасты ана, жас отбасы, зейнеткер мен қарапайым жұмысшылар қоныстанған осы жатақхананың тұрғындары алдағы бір ай ішінде бұрыннан паналап келген орнын босатулары тиіс. Тұрғындардың айтуынша, төбелеріндегі жалғыз баспананың жайын айтып, басшылыққа да, аудан әкімдігіне де талай барған. Бірақ, шырылдаған 250 адамның жан айқайына құлақ асар ешкім табылмаған. Шешім сол күйі қалыпты. Қалайда жатақхананы босату керек...

    - Осы мәселені көтеріп комбинат басшылығымен кездестік, жиналыстар өткіздік. Басшылықтың бізге айтқаны бір уақыт аралығында жатақхананы босатындар, одан әрі тұруға болмайды дейді. Біздерге жұмыстарынды жалақысы көп жұмысқа ауыстырамыз дейді. Алайда, айтылған сөздің біреуі орындалмады. Бізді тек алдаусыратып айтқан сөздері ғой. Хромтау қаласында осы жағдайды естіп пәтер ақысын екі есеге қымбаттатып жіберген. Пәтерлер қанша деп қарап қалсақ, бағасы шарықтап тұр. Біз осылай қайғырып жүрсек, олар өздерінің ақшаларын ойлап жүр. Біздердің талап етіп отырғанымыз, уақытша тұратын баспана берсе дейміз. Немесе шамалы уақытта жатақханада тұру уақытын ұзартса деген ойымыз бар. 31 тамызда үйді босату керек. Ал, біздің дәл қазіргі жағдайымыз қиын. Қайда баратынымызды білмеймін. Маған көмектесер туыстарымның да жағдайлары мәз емес. Тағы түсінбейтін жайт, біздің жатақханадан ескі жатақхананы әлі он жылға тұруға болады дейді. Біздің естуіміз бойынша комбинат басшысы жатақхананы бизнесмендерге сатып жіберген дейді. Жатақхананы бұзып, орнына қонақ үй салады деген қауесеттер халық арасында айтылып жүр. Қайсысы шындық екенін білмейміз,-дейді жатақхана тұрғыны.

    Жетім балаға тұрмысқа шыққан 23 жастағы Салтанат Исқұлова жатақханада енді бір жыл тұрсақ деп армандайды.
    - Бес жыл болды жатақханада тұрып жатырмыз. Жатақханада жағдай жасалмаған. Айына жеті мың теңге жинаймыз. Одан бөлек жөндеу жұмыстарына ақша жинап тұрамыз. Дәретхананы қайта-қайта жауып тастайды. Сосын ақша жинап береміз. Негізі жөндеу жұмыстарына жатақхана өзі ақша бөлу керек. Енді міне, 31 тамызда соңғы күн, жатақхананы босатыңдар деп басшылықтан адамдар келіп тұр. Қайда баратынымды білмеймін. Жолдасым жетім, балалар үйінде өскен. Ешкімі жоқ. Екі баламызбен кімнің есігіне барып, түнейміз білмеймін,-дейді ол.

    Тұрғындардың айтуынша, жатақхананы босату туралы хабарды жеткізген маман оларға ешқандай ұсыныс жасамаған. Ал жатақхананы босатпаған жағдайда, жарық пен жылуды қиып тастайтындарын жеткізген.
    - Егер шықпасандар жарық,суды сөндіріп тастаймыз деді. Екі балам бар. Жолдасымнан тек бір балаға он бір мың теңге әлимент аламын. Үлкенім сегізде, екіншім екі жарым жаста. Мен темір жонушы болып жұмыс жасаймын. Алатын айлығым алпыс мың теңге. Пәтер жалдап тұруға айлығым жетпейді. Балаларыма киім керек. Оқу жақындап қалды. Әлі дайын емеспіз. Жатақхананы босатып, қайда баратынымды білмеймін. Әкем қайтыс болған. Анам зейнеткер ағамның қолында тұрады. Өздерінің жағдайлары нашар. Маған көмектесетін ешқандай адам жоқ,- дейді жатақхананың тағы бір тұрғыны Сабира Майсадақова.

    Баратын жеріміз жоқ деген тұрғындар “жатақхана құласа да ішінде отыра береміз” дейді.
    - Төрт балам бар. Екі қызымды осы жерден тұрмысқа жібердім. Бір балам үйленген осы жатақханада тұрады. Қолымда бір балам бар үйленбеген. Оған ешқандай қыз қарамайды. Кімнің жатақханада тұрғысы келсін? Жатақханадан шықпаймын. Құласа құлай берсін. 1998 жылы осы жатақханаға келгенмін. Ол кезде үш-төрт адам ғана болатын.. Жатақхана апатты жағдайда болса, неге сол уақытта жөндеп бермеді бізге. Қазір 52 пәтер, екі жүзден аса адам тұрады. Олардың бәрін қаңғыртып қайда жібереді?! Неге біздің жағдайымызды ертерек ойламады?! Вахтер болып жұмыс жасаймын. Айлығым 50 мың теңге. Тапқан табысымнан жырып, ақша жинап үй салып жатыр едік. Енді үйімді қалай бітіремін. Егер жатақханадан шығарып жіберсе менің баратын жерім жоқ. Жатақханадан шықпаймын. Құласа құлай берсін,-дейді Қарлығаш Шүренова.

    “Жатақхана апатты жағдайда тұр”
    Жатақхана адам тұруға келмейтін жағдайда тұрғанын айтқан «ДӨҢ ТКБК» АҚ техникалық директоры Равиль Насыров өз қызметкерлерін далада қалдырмайтынын жеткізді.

    - Эксперттік ұйымның шығарған арнайы құжаты бар. Бұл жатақхананы күрделі жөндеуден өткізуге келмейді. Жатақхананы босату керектігін тұрғындарға барлығын түсіндіріп айттық. Біздің комбинатта жұмыс жасайтындарға бірнеше жағдай қарастырып жатырмыз. Уақытша тұратын пәтерлер, жұмыстарын ауыстыруды қарастырамыз. Олардың жалақыларын өсіреміз. Пәтер жалдап тұруға жететіндей болады. Алайда, барлығына бірдей көмек бере алмаймыз. Арасында еш жерде жұмыс жасамайтындар да бар.Ондай жағдайда көмек бере алмаймыз. Біз ешкімді күштеп шығармаймыз. Егер тұрғындар айтылған уақытта шықпаса, сот арқылы шығаратын боламыз. Бәрі заңды түрде болады,-деді Равиль Насыров .

    “Бас-басыңа баспана қайда?!”
    Хромтау қаласының әкімі Асқар Нұртазин барлық тұрғынға пәтер тауып бере алмайтынын айтты.
    - Бұл жатақхана ДӨҢ байыту комбинатының балансында. Мемлекеттік сараптама мекемесімен жатақхана жоба жұмыстарын қарап, апатты деп танылды. Жатақхана қайта жөндеуден өткізуге жарамсыз болып тұр. “Құрылысшы” жатақханасында 274 адам тұрады. Бір айдың шамасында жатақхананы босату керек. Әкімшіліктен жатақханаға барған екі отбасына, Хромтау аудандық әкімшілігінен баспана қарастырылып жатыр. Барлығына бірдей пәтер тауып бере алмаймыз,-дейді Хромтау қаласының әкімі Асқар Нұртазин.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алтын алқалы ана уақытша баспана сұрайды
  • Қостанайда белгісіз біреулер уақытша тіркеуден заңсыз ақша тауып жүр
  • Екі мүгедек баласы бар отбасы көмек сұрайды
  • Жатақхана тұрғындары қандаладан зардап шегуде
  • Қираған жатақхананың тұруға жарамсыздығы 5 жыл бұрын айтылған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге