“Дала өртіне адамдар кінәлі”

    “Дала өртіне адамдар кінәлі”

    Биыл жыл басынан бері облыс бойынша 226 дала жалыны тіркелген. Оның 14-і өртке ұласқан. Ақтөбе облысының әкімі табиғи өртпен күрес шараларын күшейтуді тапсырды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

    Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиналыста дала және орман тұтануы мен өрттерін ескерту және жоюдың өзекті сұрақтары талқыланды. Өрттің дені Байғанин, Қобда, Ойыл, Мұғалжар және Мәртөк аудандарында тіркелген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов тұтану көбінесе жолға темекі тұқылын лақтыратындықтан және ауылшаруашылық техникасында ұшқын өшіргіштің жоқтығынан болатынын хабарлады.
    - Ауыл әкімдерінің сөзінше барлық жердің иесі бар, яғни ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің тиісті дәрежеде бапталмағаны, соның ішінде өртке қарсы нормалармен қамтамасыз етілмегені көзге көрініп тұр,-деп жалғастырды Бауыржан Сыздықов.
    Осыған байланысты облыс әкімі шаруа қожалықтарының арнайы техникаларының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырды.
    - Өртке қауіпті кезең ортасына енді жетті. Жинау науқаны басталды және біз тұтануға жол бермеу үшін барынша күш жұмсауымыз керек. Аталған сұраққа аудан және ауылдық округтердің әкімдері баса назар аударулары тиіс. Жергілікті полиция қызметімен бірге алдын алу шараларын жүргізуден бөлек өрттің шығу себебі мен кінәлі тұлғаларды анықтау керек. Егер оқиғаға кінәлілер болса, олар жазаланулары тиіс,-деп атап өтті облыс басшысы.
    Өңір басшысы аудандардағы жедел штаб жұмыстарының жандануына және өрт сөндіру орындарында байланыспен қамтамасыз ету сұрақтарын шешуге тапсырма берді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында өрт күшейіп тұр
  • Ойылда екі күннен бері дала өртеніп жатыр
  • Сапарбаев: Халық көлік қатынасынан қиналмауы керек
  • Ақтөбеден 400 мың тонна қар шығарылды
  • Ормандар мен алқаптар ғарыштан бақыланады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге