Ақтөбеде орамал таққан оқушыны сабаққа кіргізбей қойды

    Ақтөбелік көпбалалы ана Гүлжанат Бердібаева оқушы қызын мектепке кіргізбей қойғанына наразы. 35 жастағы келіншек бес күн бойы мектепке барып жүрген қызын бір күнде оқуға қатыстырмай тастаған білім ордасына өкпесін айтты.

    Гүлжанат Бердібаева төрт баласын жалғыз өзі асырап отыр. Оқушы қыздың әкесі былтыр 5 маусымдағы оқиға кезінде оққа ұшқан.
    - Қызым Ақтөбедегі №11 мектепке барды. Бес күн бойы сабаққа барып жүрген қызымды енді мектепке кіргізбей отыр. Қызым барлық бала секілді мектеп формасын киген. Тек басында орамалы бар,- дейді келіншек.
    Келіншектің айтуынша, мектептің үстінен қалалық білім бөлімі мен прокуратураға шағым түсіріпті. – Дүйсенбіде қызымды ертіп алып қалалық білім бөліміне бардым. Басшылығына жолықтық. Бізге ештеңе деген жоқ. Сізге ешқандай көмек көрсете алмаймыз деді. Сабақ басталғанда бес күн бойы мектепке барып жүрді. Кеше мектеп директорының жарлығымен күзетші келіп қызымды мектептен шығарып жіберді. Қазір қызым үйде, сабаққа бара алмай отыр,- дейді Гүлжанат Бердібаева. №11 орта мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құлтаева заң бәріне ортақ екенін айтады.
    - Біз психологпен бірге оқушының үйіне бардық. Біздің мектепке келе ме, жоқ па әлі ойланамын деді. Басына орамал тағып баруға болатын басқа мектеп табатын шығар, оны білмейміз. Қазір біз ол оқушыға басқа нұсқа ұсынып жатырмыз. Орамалдың орнына мүмкін басқа шашқа арналған сәндеуіш тағатын шығар. Қалай болғанда да мектеп есігі олар үшін айқара ашық. Кез келген уақытта мектепке орала алады. Білім министрлігі шығарған арнайы тәртіп бар. Мектеп – зайырлы нысан. Бұл жерге әркім өз білгенін киіп келе берсе не болады?- дейді мектеп қызметкері.
    Бұл мектепте Гүлжанат Бердібаеваның екі баласы оқиды. Оқушы қыздың ағасы №11 мектептің 4-ші сыныбында оқиды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мектеп оқушыларына смартфон ұстауға тыйым салына ма?
  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Орамал таққаны үшін жұмысқа алынбады
  • Әріптестеріне ерегескен ауыл тұрғыны үш баласын сабаққа жібермей қойды
  • Жоғалған бала: Мектепке барғым келмейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге