Ақтөбелік оқушылар орамалдарын шеше бастады

    Ақтөбеде қыркүйек айынан бері 13 оқушы қыз орамалын шешті. Қалалық әкімдік мектеп формасын сақтауға қатысты жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелерін жариялай бастады.

    Әкімдіктің хабарлауынша, жаңа оқу жылында қала мектептеріне 170 оқушы орамал тағып келген.
    - Былтыр Білім және ғылым министрлігі мектеп формасына түрлі конфессиялардың киімдеріне діни элементтерді қосуға жол берілмейтіндігі жөнінде бұйрық шығарған еді. Мектеп формасын сақтау қажеттілігі туралы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектеп басшылары мен сынып жетекшілері осы мәселе бойынша ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады,-деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
    Жаңа оқу жылында орамалға қатысты дау Ақтөбемен қатар Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында шыққан еді. Министрліктің бұйрығына сүйенген мектеп басшылығы оқушыларды сабаққа кіргізуден бас тартқан болатын. Айта кетелік, дін істері басқармасының мәліметінше, облыс мектептеріне жаңа оқу жылында 370 оқушы қыз орамалмен келген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде орамал таққан оқушыны сабаққа кіргізбей қойды
  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Бірыңғай мектеп формасы: үміт пен күдік
  • Мектеп киімін жергілікті тігіншілер тігуі мүмкін
  • Мектеп формасын әр ата-ана өздері тіктірулеріне болады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге