Ақтөбелік әйел қызының өлімі үшін өтемақы өндірді

    Ақтөбеде жалғыз қызынан айрылған Әлия Берниязоваға дәрігерлер 700 мың теңге өтемақы төлейтін болды. Сот осыдан төрт жыл бұрын қара жамылған ананың қайғысын осынша құнға бағалады.

    Әділдік іздеген Әлия дәрігерлерді сотқа берген. Ол өз жұмысына салғырттық танытқандардан 20 млн теңге талап еткен еді. Айтуынша, 2013 жылы дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймауы салдарынан жалғыз қызынан айрылыпты. Ол кезде Аида небәрі 20 жаста болған. Жұмыс істеп, тұрмысқа шығуды да жоспарлаған. Алайда күтпеген жерден арықтап, салмақ жоғалта бастаған. Дәрігерлер ауруын анықтай алмағандықтан, оны “панкреатит” деп ауруханаға жатқызыпты. Соңыра ешқандай тексеру жүргізбестен, глюкоза еккен. Уколдан кейін қандағы қанттың деңгейі 30 ммоль/л.-ге жеткен. Ақыры қант дибабетімен ауыратын Аида ауруханада ес-түссіз 18 күн жатып, қайтыс болған. Қылмыстық іс қозғалған. Алайда ол қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтап қалған.

    Ақтөбе қалалық соты азаматтық шағымды ішінара қанағаттандырды. Оған сәйкес, М. Оспанов атындағы “Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті” ШЖҚ РМК мен “Алғашқы көмек” ЖШС-гінен 700 мың теңге моралдық шығын өндірілетін болды. Алайда талапкер сот шешімімен келіспейді. Енді ол облыстық сотқа шағым түсірмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік қызының өлімі үшін 20 млн теңге талап етуде
  • Ақтөбелік дәрігерлер сәбидің өлімі үшін жауап берді
  • Ақтөбелік ана сәбиінің өлімі үшін өтемақы өндірді
  • Ақтөбелік тұрғын дәрігерлерден 10 миллион теңге талап етуде
  • “Айғақ заттарды жоғалтқан” тергеуші ақталып шықты
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге