Ақтөбелік тілшілер Елбасыны көруге зар болды

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді. Мемлекет басшысы Ақтөбедегі өнеркәсіптердің дамуымен және өндірістердің жаңғыруымен танысты. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірдегі инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарды аралап көруі, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарға баруы жоспарланған екен.

    Бізді Президенттен қалай “қорғады”?
    “Мемлекет басшысы келеді” дегеннен-ақ дүрбелеңге түскен Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі жанталасып тілшілерді аккредитациядан өткізе бастады. Бұрын-соңды Ақтөбеге Президент келмегендей, тілшілердің диктофоны мен фотоаппараттарындағы серия нөмірлеріне дейін тіркелді. Хош делік. “Президент ертең келеді” деген күні түнде Ақтөбедегі барлық БАҚ бытырап, жан-жаққа баратыны белгілі болды. Республикалық арналардың тек операторлары ғана тіркеліп, тілшілері тіпті есіктен сығалай алмай қалды. Елбасы баратын алғашқы нысан – “Қазхром” ТҰК” Акционерлік Қоғамына қарасты Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 цехы еді. Таңғы 10-да тиісті жерге жиналдық. Оның алдында дұрыс ақпараттың берілмегендігінен, адасып “Қазхромның” бас офисіне барғанымды жазбай-ақ қояйын. Жанымда “Жас Алаш” газетінің Ақтөбедегі тілшісі Баян Сәрсембина, “Азаттық” радиосының Ақтөбедегі тілшісі Жаңагүл Жүрсін бар. Зауытқа жеткенімізбен, тілшілер тізімі жоқ болғандықтан, бізді табалдырықтан да аттатқан жоқ. Амал жоқ, есіктің алдында қара суықта облыс әкімінің баспасөз қызметінің жеткенін күттік. Бірақ, көреріміз әлі алда екен. Әупірімдеп, аккредитациядан өткенімізді, өзіміздің шынымен де өзіміз екенімізді шаққа дәлелдеп, цехқа да кірдік-ау. Есік алдында тұрған күзетші фотоаппаратымыздың шынымен жұмыс жасайтынына дейін тексеріп қарады. Сағат 11-де келеді деген Мемлекет басшысы 12-де ұшақтан түсіпті... Президенттің төбесі көрінгеннен-ақ, жиналған тілшілерді тырқыратып қуа бастады. Ақырында үш тілші зауыттың артқы жағындағы бір бұрышта қамалып тұруға мәжбүр болды. Формадағы бір қызметкер бізді күзетіп тұрды... Президент кеткен бойда-ақ, бізге деген қызығушылық та жоғалды. “Ақпаратты өзіміз таратамыз”. Бұл облыс әкімінің баспасөз қызметінің айтқаны. Сонымен жарты күнімізді қара суықта өткізіп, ақырында дені дұрыс ақпарат та алмастан кейін қайттық. Араға бірнеше сағат салып ресми баспаcөз парағы да жетті. Сонда біз не үшін цехқа бардық? Түсініксіз...

    Президентке не көрсетті?
    Мемлекет басшысына 2014 жылы іске қосылған ірі кәсіпорынның қызметі туралы баяндалды, сонымен қатар, “Қазхром ТҰК” АҚ-ның даму келешегі жөнінде хабардар етілді.
    Құны 126,4 млрд. теңге болатын бұл жоба жоғары көміртекті феррохром өндіруді арттыру үшін трансұлттық компания стратегиясының бөлігі ретінде жүзеге асырылған. №4 балқыту цехында жалпы өнімділігі жылына 440 мың тонна жоғары көміртекті феррохромды құрайтын жаңа буынның тұрақты тоқпен жұмыс істейтін төрт пеші бар. Өнімнің негізгі тұтынушылары – ҚХР, Еуропа, АҚШ. Көбіне көп бұл цехтың өнімдері авиа-ғарыш, кеме құрылысына пайдаланылады екен.
    - Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 440 мың тонна ферроқорытпа өндіруге жетеді. Бұл өнім Қытай Халық Респуб-ликасына, Еуропа елдері мен АҚШ-қа экспортталады. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты – Қазақстан қара металургиясының ірі кәсіпорындарының бірі. Зауытта 4 балқыту цехы, конвертерлік қорытпа телімі, қалдықты қайта өңдейтін цех пен қосалқы цехтар бар. Бұл тот баспайтын болат. Бұл қорытпа күнделікті қолданатын ыдыс аяқтан бастап, аэро-ғарыш, кеме құрылысы үшін жұмсалады. Жалпы зауытта 4000 адам жұмыс жасайды. Дәл осы №4 цехті 2014 жылы Президенттің өзі келіп ашты. Бүгін Елбасыға сол кезден бері қандай жетістікке жеткенімізді, қандай жұмыстар жасалғанын көрсетпекпіз,- дейді жетекші инженер- технолог Асхат Ақуов.
    Әрі қарай Президент республикалық индустрияландыру картасының ірі жобаларының бірі – “Ақтөбе рельс-арқалық зауыты” ЖШС қызметімен танысты.
    Кәсіпорын ЕЭК аумағындағы “Р-65” стандартындағы ұзын өлшемді (120 м) ыстыққа бейімделген теміржол рельстерін шығаратын бірегей өндіруші болып табылады. Зауыт толық жобалық қуаттылыққа шыққан соң 2018 жылы жылына 430 мың тонна прокат, соның ішінде жоғары жылдамдықтағы магистральдер үшін 200 мың тонна ыстыққа бейімделген ұзын өлшемді (120 м дейін ) рельстер, құрылыс секторы үшін 230 мың тонна үлгі өнім шығарады.
    Кәсіпорын осы жылдың тоғыз айы ішінде құны 31,2 млрд. теңге болатын 116,4 мың тонна рельс өнімін өндірген. Өнімнің негізгі өндірушілері – “Қазақстан темір жолы” АҚ, Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжан және өзге де елдер.
    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа шығарылатын өнімнің үлгілері көрсетіліп, өндірістің технологиялық үдерісі таныстырылды.
    Ақтөбе облысында индустрия-ландыру картасының екінші бес жылдығының аясында 6 500 жұмыс орнын аша отыра құны 258 млрд. теңге болатын 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бүгінде жалпы құны 13 млрд. теңге болатын 11 жоба пайдалануға берілген.

    Сондай-ақ, өңірде мемлекет басшысының экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту бойынша тапсырмасын тиімді жүзеге асыру үшін барлық тиісті шаралар қолданылуда. Облыстың 30 ірі компаниясымен жаңғырту және мамандарды қайта оқыту іс-шараларының жоспарына қол қойылды. Қазіргі таңда он кәсіпорын жаңғыртылған. Тұтастай алғанда, 2017 жылға берілген тапсырма – жалпы құны 18 млрд теңге болатын 20 кәсіпорынды жаңғырту.

    Күтілетін нәтиже - еңбек өнімділігінің 12% -ға өсуі, өнімді өндіру мен өңдеудің өзіндік құнының 3% -ға төмендеуі және жарақаттану деңгейінің азаюы. Бұдан өзге, қабылданған шаралардың арқасында биылғы жылдың бірінші тоқсанында өңдеу өнеркәсібінің облыс экономикасына қосқан үлесі 10,8% -дан 17,5% -ға дейін өсті.
    Қуаттылығы 6 мың тонна болатын “GreenhouseKazakhstan” жылыжай кешені ИИДМБ шеңберінде “ҚазАгроФинанс” АҚ қолдауымен пайдалануға берілді. Құны 5,7 млрд. теңгені құрайтын кешеннің аумағы - 9,5 гектар. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында зауыттың ферроқорытпа өндірумен айналысатын цехының жұмысымен танысты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбеден үлгі алыңдар!”
  • Ақтөбе облысының өндірістік өнімі артты
  • Ақтөбе инвестиция тарту бойынша ІІ орында
  • АҚТӨБЕ - ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ
  • Зауытқа 450 жұмысшы қабылданады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге