Ақтөбеге “H1N1” вирусы келе жатыр

    Ақтөбеге “H1N1” вирусы келе жатыр

    Ақтөбе облысы бойынша тұмауға қарсы екпе егу басталды. Биыл тұмау маусымы кезінде А типті H1N1 вирусы белең алады деп болжам жасалып отыр. Бұл вирусты жұқтырған адам тез арада емделмесе, салдары ауыр болуы мүмкін. Бұл туралы облыс эмидемиологтары мәлімдеді.

    Ақтөбеде тұмауға қарсы екпе 1 қазаннан бастап 15 қарашаға дейінгі уақыт аралығында егіледі. Ақтөбе облысы бойынша 84 320 адам екпе алуы тиіс. Ақтөбеде 32 334 адам ақысыз екпе алады. Ақылы түрде кез-келген адам екпе ала алады. Екпе бағасын емханалар бекітеді. Бірақ 2000 теңгеден аспауы тиіс.
    - Екпе екі түрде беріледі. Ақылы және ақысыз. Ақылы түрде кез келген адам ақшасын төлеп ала алады. Алты айдан бастап ересек адамдарға дейін ала береді. Тұмауға қарсы екпе 980 теңгеден келеді. Одан әрі қарай емханалардың өзі бағаны белгілейді. Бірақ екі мың теңгеден асырмау керек,-дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмек және вакцина бөлімінің бас маманы Ардақ Жалмұханова.
    Ақысыз түрде 32 334 адамға екпе дозасы сатып алынды. Министрліктің бұйрығымен ақысыз екпе ала алатын адамдар санатына қарттар үйі, “Аналар” үйі, “Алға” жетім балалар үйі, “Үміт” сәбилер үйі, мүгедектер үйі, псих диспансері, туберкулез диспансері, созылмалы аурулары бар балалар, жүкті әйелдер жатады.
    - Бұрын созылмалы аурулары бар үлкен қариялар екпені ақысыз алатын еді. Соңғы екі жылда бұндай жағдай қарастырылмаған. Жүкті әйелдер жүктіліктің соңғы кезеңінде екпе алады. Ол қауіпсіз, егер қауіпті болса министрлік бекітпес еді. Тұмауға қарсы екпе алудың пайдасы бар. Екпені алғаннан кейін сегіз, он екі күн аралығында ағзаның иммундық қабілеті ауруға қарсы тұрады. Екпе адам ағзасын тұмаудан он екі ай бойы қорғайды,-дейді Ардақ Жалмұханова.
    Дәрігердің айтуынша, екпе тұмаудан толықтай қорғамаса да, вирустың алдын-алуға септігін тигізеді екен.
    - Жүз пайыз тұмаудан қорғамағанымен, тұмаудың асқынған түрлерінен сақтайды. Адам тұмаумен ауырса да жеңіл түрде өтеді. Сондықтан екпені алған жөн. Тұмауға қарсы кепе егу туралы шілде айынан бас-тап ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. БАҚ өкілдері арқылы айтылды. Емханаларда түсіндіру жұмыстары жасалды. Ақтөбе облысындағы барлық емханалардан барып алуға болады. Ақтөбе облысы бойынша 84 320 адамға екпе егу жоспарланып отыр. Бұл халықтың он пайызын құрайды. Қазіргі беріліп жатқан тұмауға қарсы екпе А типті (Н1N1), A (H3N2) Ресейден әкелінген. Биыл Ресейден алып жатқанымызға биыл екі жыл болды. Қазақстан төрт елдің екпесін алуға тіркелген. Олар: Агриппол (Италия), Ваксигрипп (Франция), Инфловак (Нидерланды), Гриппол плюс (Ресей). Он жылдан бері екпе алынып келеді. Бастапқы жылдары 12 мың адамға тегін екпе жасайтын болсақ, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 32 мыңнан асты,-дейді Ардақ Жалмұханова.
    Эпидемиологтардың болжамы бойынша, биыл 2017-2018 жылы А (Н1N1 және H3N2) және В типті тұмау вирусының айналымы болады деп күтілуде.
    - Тұмау вирусының айналымы желтоқсан айынан басталып сәуір айында аяқталады. Тұмаудың ең жоғарғы кезеңі қаңтар айынан басталып ақпан айының ортасына келеді, - дейді Ақтөбе облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Мұрат Мирманов.
    Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда аурушандылық 5,6% төмендеген. Жыл басынан бері жедел респираторлы вирустың 5719 жағдайы тіркелді, төрт мыңға жуық баланың ауырғаны анықталды. 14 жасқа дейінгі балалар арасында соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3913 жағдай, 68% пайызды құрады. Былтыр 5935 жағдай тіркелді. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 62 пайызды құрады. 3680 бала ауырған.
    Тұмау ауруының 160 жағдайы тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушандық 6,8 есеге өскен.

    Тұмаумен ауырмау үшін вакцинация ал
    2017 жылы тұмауға қарсы вакцина сатып алуға және облыс тұрғындарының осал топтарын, медицина қызметкерлерін тұмауға қарсы егу үшін жергілікті бюджеттен 28 179 000 теңге бөлінді. Бұл қаржыға 32 334 вакцина мөлшері алынады.
    Облысқа тұмауға қарсы Ресейден “Гриппол+” вакцинасы әкелінді. Қазіргі таңда қазанның бірінен бастап екпе алғандар саны облыс бойынша 4230 адамды құрады. Тұмауға қарсы вакцинациялау қазанның бірінен бастап қарашаның он бесіне дейін жүргізіледі. Медицина қызметкерлері, медицина ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балалар, әлсіз және алты айдан асқан көп ауыратын балалар, балалар үйлері, сәбилер үйлері балалары, қарттар үйі контингенті және мүгедектері, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер және эпидемиялогияық көрсетілімдері бойынша (60 жас-тан асқан адамдар, мектеп интернат және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары және т.б.) жергілікті бюджеттен ақысыз вакцинациялауға жатады.

    Википедия не дейді:
    2009 жылдың наурыз айының орта шенінде Мексика халқының арасында етек алған адамнан адамға жұғатын жедел респираторлық аурулар А типті (Н1N1) “доңыз тұмауы” вирустарымен берілетін жұқпаның басқа елге тарауының бастамасы болды. 2009 жылдың 29 сәуірінде зертханалық жолмен расталған “доңыз тұмауының” 148 жайын жаhанның 9 елі жария етсе, сонымен қатар Мексика мен АҚШ-та осы науқастан өлім жағдайлары тіркелген. АҚШ-тың Атлантадағы Аурулардың алдын алу және қадағалау орталығының зертханасында Техас пен Калифорния штаттарындағы аурулардан алынған зерттемелік материалдардан генетикалық өзгеріске ұшыраған А типті (Н1N1) доңыз вирусы бөлініп, адамнан адамға берілетіні анықталады және А (Н1N1) деп белгіленді

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде діни көзқарасына байланысты екпе салмайтындар көп
  • Ақтөбеде 2,5 мың бала екпе алмаған
  • Тұмауға қарсы егу жалғасуда
  • 738 бала мүлдем екпе алмаған
  • 28 ақтөбеліктің ағзасынан доңыз тұмауының вирусы табылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге