Ақтөбеде бензин бағасы қымбаттады

    Ақтөбеде бензин бағасы қымбаттады

    Ақтөбеде еліміздің өзге өңірлері секілді бензин бағасы өсті. Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 150-157 теңгеге жетті. Ал АИ -95 маркалы бензиннің құны 157-161 теңгенің шамасында. Дегенмен мамандар бағаның бақылауда екенін айтады.

    Қазан айының басында АИ-92 маркалы бензиннің литрі 137-139 теңге болатын. Кейінірек оның бағасы өсе бастады. 10 қазан күні "АИ-92"-нің бағасы 165, ал "АИ-95"-тің бағасы 175 теңгеден бір-ақ шыққан. Бұл – "ВестОйл" жанармай құю бекетіндегі баға.
    Өзге бекеттерде де баға көтерілген. Мысалы "ҚазМұнайГазда" "АИ-92" – 152 теңге, "АИ-95" 162 теңгені көрсеткен. Бұл да аз емес.
    Еліміздің басқа қалаларында жүргізушілер аптаның екінші күні-ақ отын тапшылығына ұшырап, ұзақ сонар кезекке тұруға мәжбүр болған.
    "ВестОйл" компаниясы бензин бағасының көтерілуін жергілікті жеткізушілердің кінәсі деп отыр.
    - Біз бұрын жанармайды за-уыттардан тікелей алатын едік. Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеу жұмысына байланысты тоқтап тұр. Жеткізілім де тұрып қалды. Жеткізушілер осы жағдайды пайдаланып, бағаны көтерген тәрізді. Зауыттардың жұмыстарына кіріскенін күтіп отырмыз. Бізде жанармай қоры таусылуға жақын, - дейді компанияның аға менеджері.
    Қазақстандағы 3 ірі мұнай өңдеу зауытынан тек Шымкенттегі зауыт қана толық қарқынмен жұмыс жасап тұр.
    Павлодар зауытына жазда жаңа жабдық орнатылуы тиіс болған, алайда ол жұмыс кешіктіріліп, жөндеу жұмысы үшін 20 қыркүйекте тоқтатылған.
    Атырау зауыты күз басталғалы жөндеуде. Үкіметте айтылғандай, күрделі жөндеу жұмыстары 16 қыркүйекте аяқталып, зауыт толық қарқынмен іске кіріскен. Дей тұрғанмен, АИ-95 және АИ-80 маркалы бензиндердің өндірісі азайтылса, АИ-92 жанармайының көлемі, керісінше, арттырылған.1 қарашаға таман зауытта жаңа жабдық орнатылып, өндіріс көлемі күніне 50 мың тоннадан 75 мың тоннаға дейін жеткізіледі деп күтіліп отыр.
    Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасындағылар бензин мәселесі бақылауда деп мәлімдеді. Ондағылардың айтуынша, жанармайды қымбаттатуға бекеттердің толық құқығы бар. Себебі АИ-92, АИ-95 бензиндеріне 2015 жылдан бастап шектеулі баға қойылмапты.
    Өңірімізде "АИ-92" маркалы бензиннің 4 427 тоннасы қалыпты. Облыстық басқармадағы сауда бөлімінің бастығы Майя Бименованың айтуынша, бұл көлем 11 күнге жетеді. Әрі Атырау зауытынан литрі 153 теңгеге теміржол құрамы да келеді екен.
    АИ-95 бензинінің қалған қоры– 1 442 тонна, ол 30 күнге жетеді екен, себебі оның өңіріміздегі тәуліктік тұтынымы - 47 тоннаны құрайды.
    Бензиннің күрт қымбаттауы мұнай өңдеу зауыттарындағы операторлардың сыртқа шығару құнының өсуіне байланысты. Егер ол бағаны түсірсе, жанармайдың бөлшектік бағасы арзандайды.
    - Қаламыздағы бағаны тұрақты ұстап қала аламыз. Жергілікті компаниялар әрбір баға өсімін көрсетіп отырады. Алайда «Гелиос» пен «Синойл» –республикалық желіге жатады, сондықтан оларға ықпал ете алмаймыз, - дейді Майя Бименова.
    Қымбаттаудың тағы бір ықтимал себебі – жанармай бекеттері мен жеткізушілердің арасындағы жасырын келісім.
    - Әзірге жағдайды талдап жатырмыз. Көтерме және бөлшектеп сатушыларға сұрау салдық. Бағаның неліктен өсіп отырғанын нақты анықтағымыз келіп отыр. Бізге Ресейдегі бағаның көтерілуіне байланысты деген ақпарат берді. Бұдан бұрын ақтөбелік «КNPC Батыс» ЖШС-не қатысты зерттеу жүргізіліп, оның 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, 2017 жылдың 20 ақпанына дейін Алматы және Астана қалаларының ірі сауда желілерімен жасырын келісіммен жұмыс істеп келгенін анықтағанымызды айта кетейін. Осы жолмен олар «АИ-95» маркалы бензиннің бағасын өсірген. Сот орындары аталған ЖШС-не айыппұл салды. Басқа екі қаланың компаниялары бойынша сот процесі әлі жүріп жатыр. Ал мына өсім де сондай әрекеттен туындады ма, жоқ па – белгісіз, - дейді Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Департамент бастығының орынбасары Сағындық Иргалиев.
    Үкімет зауыттардың жағдайына байланысты туған мұндай дүрбелеңнің енді болмайтынын айтып отыр. 2018 жылдан бас-тап оларға жоспарлы жөндеу жұмыстары 3 жыл сайын болады.
    Кәсіпкерлік басқармасының мәліметтері бойынша:
    АИ-92 бензинінің орташа бөлшектік бағасы – 150-157 теңге;
    АИ-95бензинінің орташа бөлшектік бағасы –157-164 теңге.
    Бензин тапшылығы үшін энергетика вице-министрі Әсет Мағауов орнынан алынса, министр Қайрат Бозымбаевқа сөгіс берілген.
    - Мамыр айында-ақ көктемнен күзге дейін Павлодар мұнай-химия зауытына жөндеу жүргізілетінін білдіңіздер. Екі зауыттың бірінен кейін бірі тоқтайтынын да білдіңіздер. Мұндай жағдайда қыркүйекте емес, бәрін алдын ала ойластырып қою керек еді. Жоқ жерден мәселе тудырып отырсыздар. Енді барлық кінәні бағамдық айырмаға, көрші елдегі бағаға, импорт үлесінің артуына ысырасыздар. Бұрын біздің баға қымбат болған соң ақша Ресейге кетеді дейтін едік, енді ол жақта қымбат болғандықтан бізге жібермей отыр дейсіздер. Үнемі сылтау айтасыздар. Сондықтан айтқандарыңыздың бәрін сылтау деп есептеп, лауазымдық міндеттерін тиісті түрде орындамады деп санаймын, - деді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.
    Б.Сағынтаев вице-министрмен бірге «ҚазМұнайГаз» ҰҚ басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Берлібаевтың да қызметінен кетуін талап етті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде ет пен жұмыртқа қымбаттады
  • Министр бензин бағасы өспейді деп үміттенеді
  • Күнбағыс майы мен жұмыртқа қымбаттады
  • Қымбатшылық қыспағы
  • Бензин қымбаттайды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге