Ақтөбеде суға кеткен үйлер қысқа дайын ба?

    Ақтөбеде көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер жаз бойы құрылыс жұмыстарын жүргізді. Уақытша туыстарының үйін жағалап, баспаналарын кептірді. Алайда кейбірінің үйлері әлі дымқыл. Қаражат жетпегенедіктен, қысқа дайындықтары да аз.

    Ақтөбедегі су тасқынынан Қурайлы ауылында тұратын төрт үй зардап шеккен еді. Тұрғындардың қоралары қирап, тауықтары суға кеткен. Тұрмыстық техникалары бүлінген. Үйлерін су басқан ауыл адамдары туыстарын жағалаған. Кейбірі уақытша Қурайлы ауылының мектебін паналауға мәжбүр болған. Қазір үйлеріне оралған тұрғындар ауласын тазартып, үй-жайларын қалпына келтіріп жатыр. Жер салып, үй салуға кіріскен. Бірақ олардың кейбірі әкімдік берген қаражаттың бәрін қалпына келтіруге жарамсыз екендігін айтады.

    - Үйімізді су алып кетті. Біз Қурайлы ауылының әкімшілігіне барып, арыз жазып қалдырған едік. Ондағылар бізге: “Арыз жазғанда, көп ақша сұрамаңдар. Жетпіс мың теңгеден артық болмасын” деді. Жетпіс мың теңгеге не келеді?! Қазіргі уақытта барлығы қымбаттап кетті. Тек азын-аулақ цемент пен кірпіш алдық. Құрылыс бұйымдарының қалғанын өзімнің зейнетақымнан ауыстырып, ай сайын алып отырмын.Жетпейді. Мен үйде немереммен тұрамын. Қызым қыркүйек айында қайтыс болды. Немеремнің кішкентай баласы бар. Жұмыс істейді, үйде баласын бағып отыр. Ал күйеу балам құрылыста жұмыс істейді. Қолынан келгендіктен, үйдің жөндейтін жерлерін өзі жөндеді. Оның да жұмысы бірде бар, бірде жоқ. Үйде айлап, жұмыссыз отырып қалатын кездері де болады,-дейді Ольга Иванченко.
    Қурайлы ауылының тұрғыны үйін су басқан күні жұмыстарымен қалада болған. Ол сол күнгі оқиғаның әлі күнге дейін көз алдында екенін айтады.
    - Су тасқыны демалыс күні болды. Мен қалада болғанмын. Қаладан келгенімде, үйімді су алып кеткен екен. Су ауланың сыртына дейін шығып кеткен екен. Шошып кеттім. Барлығы жүгіріп жүр. Әкімдіктің адамдары аулаға құм әкеліп төкті. Суды бөгей алмадық , әл бермей кетті. Судың мөлшерінің көп болғаны сонша, ауламыз көл сияқты болды. Бізге керек құжаттарды алып, тез арада басқа жерге баруымызды ескертті. Мал тұратын қорам бар еді. Дымы қалмады, су басып, төбесі ортасына құлап, жарамсыз болып қалды. Мал жейтін жем-шөптің бәрін су шайып кетті. Барлығы әлі сол күйінде жатыр. Қайта жөндеуге шамам келмейді. Өзіміз әзер дегенде үйімізді жөндеп жатырмыз,-дейді Ольга әжей.
    Ауыл тұрғынының айтуынша, күн салқындап, күз келгенімен қора –жайы әлі дайын емес. Жем-шөбі де дайын емес.
    - Сиырым қазір жайылымда жүр. Күн суытты. Күзде келді. Енді сиырым қыстай тұратын қорамды қалай жөндерімді білмейін. Тауықтарымда далада қалды. Жем-шөпте алынбады. Қысқа дайындығым аз. Су жерге сіңіп болмады. Шілде айында біз бау-бақша егуге жерімізді дайындадық. Оған дейін су кетіп болмады. Еккен бау-бақшам аз өнім берді. Кеш еккеннің кесірі. Былтырдан қалған салаттар, тосап, 10 қап картоп-жуа мен сәбіз де жертөледе тұр еді. Жертөлемді де су алып кетті. Барлық жиған азығым жарамсыз болып қалды,-дейді ол.

    Су тасқынынан зардап шеккен тұрғын төтенше жағдайға шлюзді ашқан адамдарды кінәлайды.
    -Бұл үйде тұрғаныма 7 жыл болды. Осы уақыт аралығында мұндай су тасқыны болмаған еді. Су тасқынына шлюзді ашқан адамдар кінәлі деп ойлаймын. Шлюзді ашқан соң, су көтерілді. Қаншама ауылды, үйлерді басып қалды. Қарапайым халықты ешкім ойлай бермейді ғой,-дейді ол.
    Үйлерін су басқан тұрғындар құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаражаттың жеткіліксіз екендігін айтады. Олардың басым бөлігіне көмек ретінде 70 мың теңге ғана берілген.
    Ал Орынжан Әбуов Қурайлыға Махамбет ауылынан көшіп келген. Күз келіп, күннің суытқанына қарамастан ауыл тұрғыны әлі баспанасына кіріп үлгермеген. Әзірге тек баспанасының төрт қабырғасын тұрғызып үлгеріпті. Құрылыс жұмыстарын кеш бастаған тұрғындардың қыста далада қаламыз ба деген қаупі де жоқ емес.
    -Бұрын Махамбет ауылында тұрған едік. Көктемгі су тасқынынан кейін үйімізді су басып, жарамсыз болып қалды. Қурайлы ауылынан жер беріп, үй салуға құрылыс материалдарын бергеніне 15 күндей болды. Өзім вахтада жұмыс істеймін. Құрылыс жұмыстарына қазір ұлым жүгіріп жүр. Бес бөлмелі үй салып жатырмыз. Отбасында он адамбыз. Екі балам жалдамалы пәтерге кетті. Қалғанымыз анамның үйінде тұрып жатырмыз,-дейді үйдің иесі.

    Орынжан Әбуовтың отбасы су тасқынынан кейін екі айдай пәтер жалдап тұрған. Айтуынша, пәтер ақысын әкімдік төлеген.
    Қисық өзенінің бо-йында орналасқан саяжай тұрғындарының жағдайы да мәз емес. Баспанасын су шайған Жаңагүл Диярованың отбасына “Қолғанат” қорынан 250 мың теңге көмек көрсетілген. Алайда үйі жөндеу жүргізілгенмен, әлі сыз тартып тұр.
    - Үйімізге су кірген кезде жертөленің іргетасы құлап қалды. “Қолғанат” қорынан алдымен жүз мың теңге берді. Соңыра жүз елу мыңға сертификат берді. Оған заттар алдық. Үйімізді қайтадан жөндеп бітіргенше, туыстарымыздың үйін жағалап жүрдік. Қазір үйімізді жөндеп алдық. Алайда жер әлі ызғар тартып тұр. Жылуды сөндіріп тастасақ, үйдің іші буланып кетеді. Басқа жерге көшуге жағдайымыз келмейді. Несие алып, керек заттарымызды алып жатырмыз,- дейді үш баланың анасы Жаңагүл Диярова.

    Отбасында үш бала тәрбиеленіп жатыр. Жаңагүлдің айтуынша, қазір балалары мектепке резеңге етікпен барып жүр.
    Үш ұлым бар. Екінші балам демікпе болып ауырады. Өзім жұмыста жоқпын. Үйде отырмын. Балаларымның дұрыс киімдері жоқ. Күздік киімдері жоқ. Ұлдарым қазір мектепке резеңке етікпен барып жүр. Оларға етік алатын ақшам болмай жүр. Өйткені 25 мың теңгеге дайындық сыныбына баратын ұлыма кітап алдым. Көмектесетін туыстарымның жағдайлары да мәз емес. Өздері шаққа күндерін көріп отыр. Мектептен де көмек болмады,-дейді ол.
    Тұрмысы төмен отбасы 2007 жылы жер кезегіне тұрған. Су тасқынынан зардап шеккен жандар көмекке зәру. Жаңагүлдің мектеп жасындағы ұлдарына күздік сыртқы киімдер қажет.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе су тасқынынан зардап шеккен көпбалалы әйел асылып өлген
  • Ақтөбеде бес балалы отбасы далада қалды
  • Үйлерін су басқан ақтөбеліктер жаңадан баспана сала бастады
  • Үйі суға кеткен жалғызбасты ана көмек сұрайды
  • Үйі суға кеткендерге жер беріледі
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге