Тельман Мұқашев: “Ильяс Испановтың көмекшілері әкімге жолатпайды”

    Ол мамандығы кран жүргізушісі болса да, ағаштан түйін түйгенде өмір бойы осы іспен айналысып келген шеберден кем түспейді. Ол – екі аяғы қара саннан кесілсе де, кәсіп бастап, ұлттық өнерімізді насихаттап жүрген жанкешті азамат. Оның идеялары көп, тек қаржы қолбайлау болып тұр. Ол – “Семей полигонының жабылғанына - 25 жыл” медалімен марапатталған 1-ші топ мүгедегі, қолөнер шебері, кәсіпкер Тельман Мұқашев.

    Тельман аға, жағдайыңыз, денсаулығыңыз қалай? Хабарласқанымызда отадан шықтым дедіңіз...
    Иә, жақында қайта ота жасатып, екінші аяғымды да балтырға шейін кескізіп тастадым. Гангрена ғой. Енді алты ай уақыт үйде отырып күтіну керек. Келер жылдың сәуір айында жаңа протезге қол жеткізсем, бұйырса шаруаға араласып, ұлыма көмектесемін. Протезбен көлік те айдаймын. Бәріне үйрендік қой.

    Өзіңіз туралы толығырақ айтып өтсеңіз. Сосын Семей полигонына қалай тап болдыңыз?
    Біз Ойыл ауданы Көптоғай ауылында туып-өстік. Әкем Мәжит Мұқашев – соғыс ардагері, Құрман совхозының бас экономисі болған. Шешеміз үй шаруасымен айналысты. Көптоғайда сегізінші сыныпты бітірген соң, Ақтөбеге келіп, қазіргі қазақ-түрік лицейінің ғимаратында орналасқан №7 училищеде кран автокөлігінің жүргізушісі оқуына түстім. Ол кезде директоры Елеусін Сағындықов болатын. Одан әскерге кеттік. Әскерде Семейге 90 шақырым жерде болып, неше түрлі жұмыс істедік. Жер қаздық, үй салдық. Радиацияның бүкіл денемізге тарап кететінін қайдан білейік? Екі аяқ содан кетті ғой. Әскерден келген соң, ауылда біраз жұмыс жасадым. Шаңырақ көтердік. Жұбайым да Ойылдыкі, мұғалім. 1986 жылы Ақтөбеге көшіп келіп, қала сыртындағы химиялық зауытта ұзақ уақыт жұмыс істедім. Кеңес өкіметі құлаған уақытта әйелім екеуміз жұмыстан шығып, саудамен айналыстық. Қытайдан станоктар, құрал-жабдықтар әкеп саттық. Бір ұлым, бір қызым бар. Ұлым Құлсарыда мұнай саласында жап-жақсы қызмет істеп жүріп, қысқарып қалды. Бізді асырап отырған жалғыз ұлымыз жұмыссыз қалды. Одан өзім ауырып, әуелі бір аяғым, сосын араға аз уақыт салып, екінші аяғым кесілген соң, қатты ойлана бастадық. Не істеуге болады?! Баяғы өзіміз сатқан станоктарымыз, құрал-жабдықтарымызды қолданып, кәсіп бастасақ деп тәуекелге бел будық. Балам жолдастарынан өнер үйреніп, үйдің алдындағы ас үй мен гаражды біріктіріп, шағын шеберханаға айналдырдық. Әйелім де көмектесті. Алғашында жасаған заттарымызды базарларға үлестіріп, сатып жүрдік. Осы іспен айналысқанымызға екі жыл болды ғой. Бесік, шаңырақ, үстел, орындық, сандық жасаймыз. Алдағы уақытта ас үй, жатын бөлме гарнитурын қолға алсақ дейміз. Балам қазір соларды жасауды үйреніп жатыр.

    Тапсырыстарыңыз көп пе? Шығынды ақтай ма? Үкіметтің, жергілікті атқарушы биліктің мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге деген көмегі қандай?
    Инстаграмда арнайы парақшамыз, жеке сайтымыз бар. Көп адам соған жазып жатады. Тапсырыстар бүкіл қалалардан келіп түседі. Жұрттар ойлайтын шығар, бізді күреп ақша табады деп (күліп). Жиі “арзандатыңыз”, “жеңілдік жасаңыз” деп өтінеді. Бірақ айналып келгенде кіріс шығынды әрең жауып отыр. Шындығы керек. Ағаштарын, жабдықтарын Уфадан, Самарадан әкелеміз. Әр барғанда лак, бояу қымбаттап отырады. Қазақстанда мұндай ағаштар шықпайды. Көмекке келсек, “Самұрық-Қазынаның” әл-ауқат Қорының “Шарапат” деген мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған өтеусіз грантын қайта-қайта хабарласып, екі жыл дегенде алдық. Онда да 500 мың теңге бөлінді. Оған 2-3 пачка фанер сатып алдым. Менің түсінгенім, олар алғашқыда аздау ақша бөліп, кәсіпкердің қарқынын бақылайтын сияқты. Келесі жылы өздері хабарласамыз деді. Құдай білсін. Ал, жергілікті әкімдіктен жер сұрадым. Өзіме тиесілі жерді кезексіз бер деп отырмын. Онда да қайта-қайта мазаларын алып, қала әкімі Испановқа өтініш айтып, енді жақында беріліп қалар деп отырмыз. Үйдің ауласынан салайық десек, оған көршілердің рұқсаты керек, әрі күні-түні ұшатын қалдық, түтін ыңғайсыздық тудырады. Қазіргі таңда цехті жалдап отырмыз. Қарамағымызда үш жігіт жұмыс істейді. Ғимаратымыз суық, жұмысшылар жиі ауырып қала береді. Дәл қазір жұмысымыз ептеп тұралап тұр. Бір станогымыз бұзылып қалды. Шпиндель деген бөлшегі бар, сатып алайық десек, жарты миллион тұрады. Демеп жіберетін демеушілер бар ма, станок алуға несие бере ме деп “Атамекенге”, “Дамуға” қайта-қайта бардым. Өтініштерім сонда жатыр. Олар да аузын қу шөппен сүртіп отыр. “Стажың болу керек, аға” дейді. Қалтамда артық ақшам болмаса, қалай стаж жинаймын?! Стаж көп болу үшін, өндіртіп жұмыс істеу керек. Көрші Орал қаласындағы Біржан Қожақов та мен сияқты арбаға таңылған кәсіпкер ғой. Қазір тендерге қатысып, мектеп, мейрамхана сияқты ірі объектілердің үстел-орындығын жасап береді. Олар жан-жаққа жазып, “Айтуға оңайға” шығып, Тамарa Дүйсенова, Дариға Назарбаева көңіл аударған соң, демеушілер 5 миллион тұратын станок алып берді. Мен де тендерге қатысайын деп мүгедек азаматтарды қолдау орталығының басшысы Құралай Бәйменоваға айтып едім. Қолдай қоймады. Кейде ұлыма “осы істі қойып, Үкіметтің жұмысына оралсаң қайтеді” деймін. Ұлымның бет алысы жаман емес. “Не болса да өзіміздің қазақтың ұлттық нақыштағы жиһаздарын жан-жаққа танытамын” деп отыр. “Болам деген баланың белін бу” дейді қазақта.

    Былтыр ДЦП балаларға вертикализатор жасағыңыз келген. Сол ойыңызды жүзеге асырдыңыз ба?
    Вертикализатор жасауға болады. Бірақ оның ағашы, темір-терсегі, матасы бар, тіпті бекітетін кішкентай шегелеріне дейін есептегенде бағасы 50 мыңнан асады. Ондай бағада сатып алуға ешкімнің құлқы жоқ. Қымбатсынады. “20-30 мың аралығында болса” дейді. Мен де өз кәсібімнен аздап пайда көргім келеді. Сөйтіп ол идеяны қолдайтын ешкім болмай, сөз күйінде қалды. Таныс кісілер, достарымыз “ет табақ жасашы” деп біраз қолқалаған соң, ағаштан ойып, астаулар жасадым. Ешкімнің алатын түрі жоқ. Сол бойы тұр.

    Сізге қандай көмек қажет сонда?
    Қазір маған станоктар қажет. Қосымша станоктар алынса, тағы да жұмысшылар алып, жұмыс аясы кеңитін еді. Сосын мына сандық, астау, орындықтың оюларын ақша төлеп, украиналық архитекторларға сызғызамыз. Бізде Ақтөбеде ондай мамандар жоқ. Қазақтың оюларын ғаламтор арқылы украиндық азаматтарға тапсырыс беріп, сыздыртып отырмыз. Сондай мамандар өзімізде болса дейміз. Облыc әкімі Бердібек Сапарбаевқа барып, көмек сұрайық деп едік. Ол кісі бірден қабылдамайды. Испановқа да кіру мүмкін емес. Маңайындағы көмекшілері, орынбасарлары кіргізбейді. “Анда-мында бар” деп допша домалатады. Әкімдік “үйіңнің жанынан цех салатын болсаң, материалдарыңды түсіріп береміз” деген. Бірнеше рет хабарластық. Одан да жауап жоқ.

    Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенде сізге ешқандай жеңілдік болмады ма?
    Жоқ. Жылына бір рет көліктің салығынан босатады. Ал, кәсіпкер ретінде салығымды уақытылы төлеп отырмын.

    Мүгедектікке тез өткізді ме? Естуімізше сіз сияқты мүмкіндігі шектеулі кісілерді жыл сайын комиссия шақыртып тексереді екен...
    Сонда аяқ өсіп шығады деп ойлай ма екен? Сіздерге білінбейтін шығар. Алматыға протез алуға барғанда өрімдей-өрімдей қазақтың ұл-қыздарын көріп, жүрегім ауырады. Бірінің қолы, бірінің аяғы жоқ. Көлік апаты, қант диабеті жиілеп кеткен соң, сап-сау азаматтар қапелімде арбаға таңылып жатыр. Ұзын-сонар кезек. Өзім 2005 жылы аяғымды кескен соң, мүгедектікке өтіп, 2015 жылы 10 жыл дегенде “өмір бақи мүгедек” деген анықтаманы әрең алдым. Онда да 1-ші топқа өткізгілері келмей, “протезбен жүресіз ғой” деп 2-ші топқа өтуімді сұрады. Екі аяғымның қара саннан кесілгенінде шаруалары жоқ. Бұрын системаны 10 күн алушы ек. Қазір 5 күнге қысқартып тастады. Жағдай – осы.

    Ісіңізге сәттілік тілейміз! Сұқбат бергеніңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Марс Қызылбаев: “Отыз градус ыстыққа кәдімгідей тоңамыз”
  • Мемлекеттің көмегі мол
  • Бижан Қалмағанбетов: “Алғашқы кәсіпкерлердің бірі болдым”
  • Гүлмирам Сражова: Тағдырластарымның қажетіне жарағаныма қуанамын

  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге