Ақтөбелік әйелдер отбасылық азаптарын айтты

    Ақтөбеде әйелдер мен балаларға арналған “Малика” атты дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр. Қазір мұнда тұрмыстық- зорлық зомбылықтан зардап шеккен 50 адам тұрып жатыр.

    Орталықтың ашылғанына үш айға жуық уақыт болған. Шағын ғана екі үйді қазір елу адам уақытша паналап отыр. Олардың арасында күйеуінен зәбір көрген, үйсіз қалған әйелдер мен балалар бар. Тұрмыс тауқыметін тартқандар тегін жатын орынмен және тамақпен қамтамасыз етілген.
    - Дағдарыс орталығы мемлекеттік тапсырыс аясында ашылды. Қазір бұл жерде түрлі жағдаймен далада қалған 18 әйел мен 32 бала тұрып жатыр. Олар орталықты 6 ай уақытша паналайды. Көпшілігі аудандардан келген. Бірін туыстары қуып жіберсе, енді бірі күйеулерінен зәбір көріп шаршаған. Мысалы, бізде қазір 1,5 жастағы сал ауруына шалдыққан баласы бар келіншек тұрып жатыр. Оны баласының мүгедек екенін білген бойда күйеуі мен ата-енесі үйінен қуып шыққан. Ақтөбеде мүгедек балаларды оңалтуға арналған Жайна орталығы бар. Алайда ол жерде тек балаға ғана көмек көрсетіледі. Анасының қалуына рұқсат етілмеген. Басқа баратын жері болмағандықтан, қазір келіншек осында тұрып жатыр,-дейді орталық директоры Гүлбадан Дәуіт.
    Әйелдер жергілікті әкімдіктің, Ақтөбе облыстық ІІД мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы негізінде қабылданады. Оларға орталықта психологиялық, медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Сәйкесінше, өз тәртібі де бар. Жобаны мемлекеттің қолдауымен “Мирсел” ЖШС жүзеге асырып отыр. Гүлбадан Дәуіттің айтуынша, компания бүгінде бірнеше мектепке дейінгі білім беру мекемесіне иелік етеді. Орталықта тұрып жатқан әйелдердің кішкентай балалары осы балабақшаларға орналастырылған. Отбасында зорлық-зомбылық көрген қыз-келіншектер бұл жерге жиі көмек сұрап келеді. Олардың тағдыры әр қилы. Мәселен,инсультке шалдыққан 48 жастағы келіншекті туған қызы үйінен бір-ақ күнде қуып шығыпты. Баспанасын баласының атына жазып берген науқас әйел қазір осы орталықтан пана тапқан.

    Мәртөкте ер адам әйелін бес баласымен далада қалдырды
    Тағдырдың тәлкегіне тап болып, қорғансыз қалған әйелдердің әрқайсысының өз тағдыры мен өз тауқыметі бар. Дағдарыс орталығында жасы келген зейнеткер де, жас келіншектер де тұрып жатыр. Олар қазір бірге ас дайындап, үй жинап, балаларға қарап, бір үйдің адамындай болып кеткен. Өзін Бағиламын деп таныстырған келіншек журналистерге өзі туралы баяндап беруге келісті. Ол бұған дейін Мәртөк ауданындағы ауылдардың бірінде тұрған. Бес баланың анасы күйеуі үйін өртеп жібергеннен кейін далада қалған.
    -Отбасымызбен 2012 жылы Өзбекстанның Қарақалпақстан аймағынан көшіп келгенбіз. Квота алдық. Алматыдан үй алғымыз келген. Алайда қайынапам мемлекет берген ақшаны жұмсап қойғандықтан, баспаналы бола алмадық. Жолдасым ішеді. Мас болған кезде көзі көрмей қалатын. Былапыт сөздер айтып, мені таяқтың астына алады.Ауруханаға талай рет жатып шықтым. Бір ажырасып, бір қосылып жүрдік. Пәтер жағалап жүріп, ақыры Мәртөк ауданындағы ауылдардың біріне көшіп келдік. Күйеуім вахтаға жұмысқа тұрды.Бірақ демалған сайынауызы арақтан құрғамайтын, - дейді 37 жастағы келіншек.
    Бағила небәрі 16 жасында тұрмысқа шыққан. Өйткені өзінен 12 жас үлкен жігіт оны бір көргеннен алып қашып, үйленіпті. Айтуынша, күйеуімен жиырма жылға жуық отасқан келіншек оған бес бала туып берген. Үлкені жақында әскерден келіп, жұмысқа орналасқан. Ал кішісі небәрі 4 жаста. Алайда күйеуімнен еш жақсылық көрмедім деп отыр.
    - Мектеп бітіргеннен кейін дәмханада даяшы болып жұмыс істедім. Ол мені жұмыста жүрген жерімнен көріп, алып қашты. Ешқандай сөз де байласпадық, арада келісім де болған жоқ. Осы уақытқа дейін барлық қорлығына көндім. Ұл да, қыз да туып бердім.Бес баламыз бар. Ақыры шыдамым шегіне жетті. Өйткені биыл маусым айында күйеуім ішіп келіп, үйді өртеп жіберді. Ол кезде үйде болмаған едім. Бір күн бұрын мені соққыға жыққан. Ауырып, көршінің үйінде жатыр едім. Соңыра күйеуімнің ұрып-соққанын тіркету үшін ауруханаға барғанмын. Көршілерім хабарласып, үйіміздің өртеніп жатқандығын айтты. Күйеуім “Ертең соттасқанда, мына үй саған өтіп кетеді. Өзім далада қаламын” дейді. Арақтың кесірінен жұмысынан шығып та қалды. Ішімдік ішеді. Карта ойнап, шөп те шегеді. Мені ұрған кезде, екі көзі қызарып, дым көрмей кетеді.Ертеңіне “сені кім ұрды?” деп сұрайды. Ұрып-соққанын мо-йындамайды. Балалардың көзінше былапыт сөздер айтады,-дейді күйеуінен зәбір көрген келіншек.
    Тілсіз жаудан кейін балаларымен далада қалған келіншек көршілерінің үйінде уақытша тұруға мәжбүр болған. Алайда күйеуі тиісуін қоймаған. Әйелін уақытша паналатқан көршілерінің үйін өртеп жіберетін айтып, қоқан-лоқы жасапты. Амалы қалмаған келіншек Ақтөбеге қашып келіп, құрбысының үйін паналаған. Сөйтіп, ақыры орталыққа орналасқан.
    -Балаларымның барлық құжаттары өртеніп кетті. Өзім бір көйлекпен ғана қалдым. Қолымда жеке куәлігім ғана бар. Енді құжаттарды қайтадан қалпына келтіру үшін Өзбекстанға бару керек. Ал кішкентай қызымның туу туралы куәлігі сөмкемде болғандықтан, аман қалды. Ішкен сайын құжаттарымды, киімдерімді өртейтін. Неке куәлігім де жоқ. Сол үшін сотқа арыздана алмай отырмын. Жиырма жыл алысып, шаршап кеттім. Баратын жерім болмағасын, осы уақытқа дейін көніп келдім. Қазір жағдайым жақсы. Қайырымды адамдар бар екен, далада қалған жоқпын. Күйеуім қазір мазалауын қойды. Естуімше, қазір өртенген үйді қалпына келтіріп, тұрып жатыр. Қайтып барайын десем, баспананы қайныма сыйға беріп жіберген, -дейді ол.
    Қазір күйеуінен зәбір көрген келіншек үш баласымен бірге орталықта тұрып жатыр. Балалары мектеп пен балабақшаға барып жүр. Өзі жұмысқа орналасқан. Ал анасынан әзірге бөлек тұратын ересек екі ұлы орталыққа демалыс сайын келіп тұратын көрінеді. Қорлықтан көз ашпаған келіншек енді ес жиып, құжаттарын қалпына келтіргісі келетіндігін айтады.

    Жетімдер үйінің түлегі дағдарыс орталығын паналап жүр
    26 жастағы Орынгүл Оралова Жайсаңдағы мектеп-интернатта өскен. Ол небәрі 2 жарым жасында әкесі мен шешесінен тірідей жетім қалыпты.
    -Отбасымызбен Шұбарда тұрдық. Марқұм әкем ішімдікке жақын болған екен. Жұмыс істемепті. Сондықтан анам мені үш ағаммен бірге әкемізге тастап кеткен. Ол кезде мен 2,5 жаста едім. Содан бері Жайсаңдағы мектеп-интернатта өстім. Үлкен ағам туыстарымыздың тәрбиесінде болған. Ал қалған екі бауырымның бірі Алғадағы балалар үйінде, екіншісі Тамдыдағы мектеп интернатта өсті. Мен бауырларым бар екенін тек 7 сыныпта жүргенде ғана білдім,-дейді.
    Орынгүл 18 жасқа толғаннан кейін жетімдер үйінен шығып, Ақтөбеге келген. Құрбыларымен пәтер жалдап, бала күтуші, ыдыс жуушы болып жұмыс істеген. Алайда тағдырдың сынағы мұнымен бітпеген көрінеді. Өрімдей қызды үш жыл жүрген жігіті аяғы ауыр күйінде тастап кеткен.

    - 2010 жылы Жайсаң көпсалалы колледжін бітіріп, үлкен өмірге аттандық. Тігінші мамандығын үйреткен. Алайда іс жүзінде ештеңе білмейміз. Өйткені біз бітірген жылы ғана лицейге тігін машиналарын әкелді. Ешкім жұмыс тауып бермеді. Қолымызға 380 мың теңгені ұстатып, шығарып салды. Сол ақшаға жетімдер үйінде өскен 7-8 қызбен пәтер жалдап, күнімізді көрдік. Ол кезде қаланы мүлдем білмейміз. Сөйтіп жүргенде бір жігітпен танысып, үш жыл жүрдім. Анасы “ Жетімдер үйінде өскен қыз. Той жасасақ, артынан келетін ешкімі жоқ” деп мені менсінбеді. Ол кезде аяғым ауыр болғанына бес ай болған еді. Жігітім мені тастап, кетіп қалды.Қазір үйленіп кеткен, баласы бар көрінеді,-дейді ол.
    Қазір Орынгүл дағдарыс орталығында үш жастағы баласымен тұрып жатыр. Қызына өзінің тегін беріпті. Жетімдер үйінде өскен бауырлары да пәтер жағалап жүр. Ал өзі басқа барар жері болмағандықтан, қолындағы баласымен осында келген.
    - Әкем 2007 жылы қайтыс болды. Ал шешем Шалқар жағында тұрады екен. Екінші рет тұрмыс құрған, балалары бар.Бір ағам өмірден өтті. Қалған екеуі пәтер жағалап жүр. Ер адамдарға қыз балаға қарағанда жеңілірек ғой... Қолымдағы баламмен жалғыз өзім далада қалғандықтан, осы орталыққа келдім. Әкемнің туыстары көп. Алайда ешкімді танымаймын. Әрі өздері іздемегендіктен, ешкіммен араласпаймыз,-дейді келіншек.
    Кішкентайынан анасынан айрылып, тірі жетім атанған ол некесіз туған қызын ешқашан тастап кетуді ойламаған көрінеді.Ендігі арманы-балам тағдырымды қайталамаса екен дейді. Өзі жұмысқа тұрған, 3 жастағы қызы балабақшаға барады.

    Жас келіншек: Күйеуімнің жалқаулығынан шаршадым
    Ал Мұғалжар ауданынан келген Гүлжан Бисенованың (кейіпкердің аты-жөні өзгертілді-ред.) хикаясы мүлдем бөлек. Жас келіншек күйеуінің жалқаулығынан мезі болғанын айтады. Қаржы тапшылығынан шаршаған ол екі баласын алып, қазір күйеуінен бөлек тұрып жатыр.

    -Тұрмысқа шыққаныма 7 жыл болды. Құдайға шүкір, екі баламыз бар. Бірақ күйеуімізбен екеуміздің арасында жиі түсініспеушілік болды. Мүлдем жауапкершілігі жоқ.Қит етсе, қол жұмсайды.Ішімдік ішпейді, бірақ тұрақтап жұмыс та істемейді. Оған құлқы да жоқ. Ата-анамыздан бөлек шығып, қалада да тұрып көрдік. Бірақ, ол мұнда да ештеңе істегісі келмеді. Жұмыс істеп, пәтер ақысын өзім төлеп жүрдім. Кішкентайлы болғаннан кейін үйде отырып қалдым. Тек балаға беретін жәрдемақымен күн көрдік. Былтырдан бері жолдасыммен бөлек тұрып жатырмын. Ақша жетпегендіктен, айқай шыққан. Ол мені көкала қылып, аямай ұрып тастады. Боғауыз сөздер айтып, үйден кетуімді сұрады. Мен балаларымды алып, үйден кетіп қалдым,-дейді ол.

    Екі баланың анасы біраз уақыт төркінін паналаған. Алайда “шыққан қыз шиден тысқары" деген. Қазір орталықтың бір бөлмесінде екі баласымен тұрып жатыр. Үлкені биыл 6 жасқа толған. Ал кішісі 1,5 жаста. Гүлжан -ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Курста оқып, тігіншілікті де үйреніп алған. Жас келіншек қазір күйеуінен бөлек кетсе де, балалары үшін қайта қосылғысы келетін ойы бар екенін де жасырмады.

    -Тым жұмсақпын. Оған қатты бола алмайды екенмін. Ата-енем біздің қайтадан отбасы болғанымызды қалайды. Естуімше, үй салып жатыр екен. Қазір қайын жұртыммен көп хабарласпаймын. Күйеуімнен қатты көңілім қалған. Әбден шаршап кеттім. Ол мені алып қашып үйленген. Танысқанымызға небәрі бір ай ғана болған. Толықтай мінезін біліп үлгермедім. Негізі тұрмысқа шықпайтын едім. Ол мен кетсем, өзіне қол жұмсайтындығын айтты. Анам артымнан қуып келсе де, оны аяп қалып қойдым.Қазір қайын жұртым менің қайда екенімді де білмейді,- дейді жас келіншек.

    Әйелдер мен балаларға әлеуметтік, құқықтық тұрғыда көмек көрсететін орталық 85 адамға лайықталған. Әзірге екі үйді жалға алып,отбасында жәбір көргендерге көмек қолын созған кәсіпкерлер болашақта жатақхана ашуды жоспарлап отыр.
    Айта кетелік, 2016 жылдың желтоқсан айында бұдан бөлек Ақтөбеде тағы бір әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығы ашылған еді. Бұл жобаға жергілікті меценат Асқарбек Мамырбаев 300 млн теңге қаражатын құйған. Алайда 200 адамға лайықталған орталықтың “ғұмыры” ұзақ болмады. Үлкен сән-салтанатпен ашылған орталық бір күн де жұмыс істеместен, қайта жабылып қалды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде үш балалы келіншекті күйеуі үйінен қуып шықты
  • Ақтөбелік келіншек сәбиін 60 мың теңгеге саудалаған
  • Ақтөбеде теракт жасағандардың бірі әйелін қара киім киюге мәжбүрлеген
  • 2 жастағы бала отбасын аман алып қалды
  • 10 жастағы бала анасын қорғау үшін әкесіне пышақ кезеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге