17 жастағы жасөспірім жезөкшелікпен айналысқан

    Ақтөбелік полицейлер биыл жасөспірімдер арасындағы жезөкшелікке қатысты бір деректі анықтады. Бұл жөнінде “Керек info” тілшісіне жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев айтты.

    Оның айтуынша, 17 жастағы жас қыз әлеуметтік жағдайы төмен болғандықтан, жаман жолға түскен көрінеді. Дегенмен полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында бірнеше жыл бойы жезөкшелікпен айналысып жүргендердің жоқтығын айтады. 2016 жылы мұндай дерек мүлдем тіркелмеген көрінеді.
    -Жеңгейтайлықпен айналысқандар қатаң жазаланады. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жезөкшелікпен айналысуға тартқан адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 134 бабына сәйкес, заң алдында жауапқа тартылады. Яғни, мүлкі тәркіленіп, 3-5 жылға бас бостандығынан айрылады,-дейді Қаныбек Жақсығалиев.
    Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен жыныстық қатынастың алдын алу үшін тәртіп сақшылары дәрігерлермен бірге оқушылармен және студенттермен әңгімелесіп, түрлі акциялар өткізуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 300 адам заңсыз пәтер жалдаған
  • “Жеңгетайлықпен” айналысқан зейнеткердің соты басталды
  • Ақтөбеде 14 жастағы қыз жүкті болып қалды
  • Маман: Жасөспірімдер 12 жастан бастап жыныстық қатынасқа түседі
  • Ақтөбеде жас қыздың тәнін саудалаған “жеңгетай” сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге