Ақтөбелік әйелдердің арасында жатыр жарасы көбейген

    Ақтөбеде жасанды ұрықтандыру көмегіне жүгініп, сәбилі болатындар көбейген. Нәрестелі болуға денсаулығы көтермейтіндердің соңғы үміті осы болып тұр. Ал құрсағындағы бөпесін аман-есен босануға ниет еткендердің де бір басына аурулары жетерлік екен. Әсіресе, эрозия жиілеп кеткен. “Керек.info” газетінің тілшісі жүкті келіншектердің денсаулығы туралы дәрігерлермен сөйлесті.

    Анемияны елемеуге болмайды
    Жүктілік кезінде жиі кездесетін ауру - анемия. Көбіне жүкті келіншектер бұл диагнозға жеңіл қарайды екен. Ал дәрігерлер анемияның балаға да, анаға да тигізер зияны көп дейді.
    - Қан аздықтан әйелге оттегі жетіспейді. Артериялық қан қысымы көбейеді. Содан бала құрсақтың ішінде дем ала алмай айнала береді. Баланың басына кіндігі оралып қалатыны көп жағдайда содан болады,-дейді “Отбасы медициналық орталығы” бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары Ләззат Рсалиева.
    Дәрігерлер жүкті кезінде әйелдің иммунитеті төмендеп, кез келген ауруды қабылдап алуы мүмкіндігі жоғары болатындығын айтады. Бұл орталықта биыл 186 әйел адам жүктілікпен есепте тұр екен.
    - Жүкті болуды алдын-ала жос-парлау керек. Көбіне жүктілікті жоспарлауға әйелдер мән бермей жатады. Соның салдарынан жүктілік кезеңде асқынулар жиі кездеседі. Жұмыстағы әйелдер жұмысты сылтауратып, уақытында гинекологтың қабылдауына келмейді. Солай уақыт өткізіп алады. Жүкті әйелге міндетті түрде тапсыратын сараптамаларды уақытылы тапсырып, дәрігерге қаралып тұру керек. Емханаға ұрпақты болу жасындағы әйелдерді жылына кем дегенде бір рет қаралып тұруын талап етеді,-дейді Ләззат Рсалиева.
    Биыл Ақтөбе облысы бойынша 15 785 әйел есепте тұр. Жүктілік кезінде зәр шығару жолдарының инфекциясы, жыныс мүшелерінің жұқпалы аурулары жиі кездеседі. Салдарынан бедеулік болып жатады. Тексеріс кезінде әйелден оның тұқым қуалаушылық ауруын анықтап, ағзасында қандай да бір созылмалы дерт болуын анықтап тексереді. Қазір әйелдердің арасында эрозия дерті белең алып тұр екен.
    - Эрозия жатыр мойнының жарасы. Бұны уақытылы емдемесе, асқынулар болады. Жатырдың қатерлі ісігіне алып келеді. Тіпті, әйелдің жатырын алып тастайтын жағдайлар да кездеседі. Эрозияны емдеу керек,- дейді дәрігер.

    53 әйел қауіпті топта тіркеуде тұр
    Көптеген адамдар “жүкті әйел әдеттегіден екі есе көп тамақ жеуге тиіс” деп ойлайды. Бұл пікір дұрыс емес. Ал өз денсаулығыңыз бен баланың денсаулығы үшін денеге қажетті нәрселердің бәрін қамтитын тамақты ішкеніңіз маңызды. Тамақты мезгілімен жейтін болсаңыз, бойдағы балаға керекті заттар бірқалыпты жеткізіліп тұрады. Сондықтан тамақты уақытында асықпай жеген дұрыс.Тамақтың мына төрт түрін күн сайын жеуге тырысу керек:
    Нан (ақ наннан гөрі кебегі бар қара нан жеген дұрыс), дәнді дақылдардан, бұршақ, жасымықтан жасалған ботқалар, кеспе, күріш. Жаңа піскен жеміс және көкөністер. Ет пен балық. Күніне кем дегенде 1 литр сүт, айран, йогурт, сондай-ақ (кальцийге бай) ірімшік жеп тұрған абзал.
    - Қазіргі кезде ауа-райына байланысты тұмау ауруы ушығып тұрған кезең. Осы аралықта жүкті әйелдер сақ болу керек. Тұмаумен ауыру жүкті әйелге, құрсақтағы баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан алдын-алып қоғамдық көліктерде, адам көп шоғырланған жерлерде маска киіп жүру керек. Денесін жылы ұстап жүруі қажет. Қазіргі уақытта емханамызда 53 жүкті әйел қауіпті топта тіркеліп тұр. Қауіпті топ дегеніміз- көп бала босанған әйелдер. Бұрын жүктілігі ауыр өткен әйелдер. Көп түсік тастаған әйелдер. Жүйке жүйесі мен өкпе ауруына шалдыққан әйелдерді қатаң бақылауға алып, арнайы топқа тіркейміз,- дейді орталық дәрігері.

    “Айтқанды тыңдамайды”
    Дәрігердің айтуынша, мұндай топтағы әйелдер аман-есен босанған соң қатаң бақылауға алынады екен. Тағы да жүкті болмауға кеңес берілсе де, әйелдер тыңдамайтын көрінеді.
    - Осы топтағы әйелдер аман-сау босанған соң, олардың денсаулығы тексеріледі. Біз оларға тегін жатыр ішілік сақтану түтігін салып береміз. Оларға кем дегенде 3 жылға дейін бала босануға болмайды деп ескертіп айтамыз. Алайда, әйелдер біздің кеңесімізді тындамайды. Жеке емханаларға барып, спиралын алдырып тастап жатады. Осындай жағдайын көп қайталануда. Осы орайда жеке клиникалар барған әйелдің емханасын біліп, гинекологтармен сөйлесіп сол әйелдің жағдайын ескертіп айтса екен. Бұл әйелдің бұрын анамнезі қалай болғанын анықтаса екен. Мұның бәрі ең алдымен әйелдің өз денсаулығына әсерін тигізеді,- дейді Ләззат Рсалиева.

    “Кесір тілігіне құмар болмау керек”
    Дәрігерлер бірауыздан кесір тілігінен кейін қайыра жүкті болудың қауіпті екенін айтады. Бірақ, соған қарамастан бірнеше баланың анасы болуға талпынатындар көп.
    - Кесір тілігімен босанған әйел келесі жүктілігінде де кесір тілігіне жүгінуге мәжбүр болады. Себебі, жатырды кесіп тіккен кезде екі сантиметрге дейін қысқарып отырады. Сондықтан әйел адам босану барысында кесір тілігінің жарылып кетуі қаупі бар. Кесір тілігін жасатуға құмар болмау керек. Бұл ойыншық емес,- дейді дәрігер.
    Әйел адамның бедеулігі анықталса, оған жасанды жолмен бала көтеруге болады. Сол үшін әйел біраз тексерулерден өту керек. Жасанды жолмен ана атану үшін де қойылатын бірқатар талаптары бар. Әйел адамның денсаулығын, оның әлеуметтік жағдайын барлығын жан-жақты тексерістен өткізеді. Денсаулығында титтей ақауы болса, жасанды ұрықтандыруға жіберілмейді.

    2017 жылы Ақтөбеде бала өлімінің көрсеткіші төмендеген. Былтырғы он аймен салыстырғанда, биыл бала өлімі 7,1 промиллеге түскен.

    Жасанды ұрықтандырумен Астана, Алматы қалаларындағы ЭКО орталығына Ақтөбеден 44 әйел жіберілген болатын. Олардың 33-і жүкті болды. Бүгінде Ақтөбе қаласындағы ЭКО орталығында 25 әйел арнайы бағдарламадан өткен. Оның жетеуі жүкті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 6500 адам қатерлі ісікке шалдыққан
  • Ақтөбеде ЭКО орталығы ашылады
  • Ақтөбеде 14 жастағы қыз жүкті болып қалды
  • Ақтөбеде жүкті әйелге бір мезетте екі бірдей ота жасалды
  • 350 жүкті жасөспірім қыз Оңтүстік Қазақстанда есепте тұр
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге