Ақтөбеде жол ақысы қашан қымбаттайды?

    Ақтөбеде жол ақысы қашан қымбаттайды?

    Ақтөбеде жолаушылар тасымалымен айналысатын қос кәсіпорын өз шығындарын дәлелдей алмай отыр. Сол себепті жолақысының қашан қымбаттайтыны әзірге белгісіз. Ақтөбеліктердің көпшілігін алаңдатқан сауалға жауап берген қала әкімі Ілияс Испанов осылай деді.

    “Автопарк” ЖШС мен “Жолаушылар автокөлігі кәсіпорны” әкімдіктен жол ақысын 90 теңгеге дейін көтеруді сұрап отыр. Олар жанар жағар май мен автобустың қосалқы бөлшектердің бағасы артқандығын алға тартады. Алайда әкім бұл туралы біржақты шешім қабылдаудың әлі ерте екендігін айтты.
    -Тарифті көтеруге сұраныс түсті. Оны қазір қалалық әкімдіктің экономика бөлімінің мамандары қарап жатыр. Бірақ жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындар өз шығындарын дәлелдей алмай отыр. Ол үшін алдымен электрондық билет жүйесі енгізілуі керек. Өйткені жолаушы ағыны анықталмағандықтан, қалалық бюджетке салық аз түсіп жатыр. Әрі келісімшартқа сәйкес, олар екі жылдан кейін автопаркты жаңартуы керек. Бұл міндет орындалмай отыр,-дейді Ілияс Испанов.
    Қазір қала көшелерінде әр түрлі сыйымдылықтағы 465 автобус қатынап жүр. “AktobeBus” мобильдік қосымшасы арқылы автобустардың қозғалысы мен бағытын анықтауға, шағым айтуға болады. Дегенмен қоғамдық көліктің саны қала тұрғындары үшін әлі де жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан келер жылы әкімдік жаңадан 80 автобус алмақ.

    Айта кетелік, Ақтөбе қаласындағы қоғамдық көлікке екі кәсіпорын ғана жауапты. Бұған дейін 51 бағыттағы автобусқа “Жібек Жолы”ЖШС иелік еткен еді. Алайда қазан айында қаржылық қиындыққа байланысты кәсіпорын қоғамдық көлікті "Жолаушылар автокөлігі кәсіпорнына” беруге мәжбүр болған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жыртылған орындық дауынан кейін ақтөбелік шенеунік жазаға тартылды
  • Бердібек Сапарбаев: “Жол ақысы қымбаттамайды!”
  • Автобустарға электронды төлем жүйесі енгізілуі мүмкін
  • Жолақысы әзірге қымбаттамайтын болды
  • Ақтөбеде жолақысы 80 теңге болуы мүмкін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге