Қазақтың бәрі кәпір ме?

    Қазақтың бәрі кәпір ме?

    “Керек info” газетінің 2017 жылғы қарашаның 16 жұлдызында № 44 (561) санында “Ақтөбеде қабірден табылған Құран бар” тақырыбымен жарық көрген мақаланың “Жылқы еті харам ба?” деген тақырыпшасы мені терең ойға қалдырып, қолыма қалам алдым. Шындығында жылқы еті харам (арам) ба әлде халал (адал) ма? Бұл мәселеге Ислам ғалымдарының көзқарастары қандай?

    Кейіпкер туралы бір ауыз сөз
    Мақаланың басты кейіпкері Шынтас Мырзабековты өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басынан бастап білемін. Осыдан жиырма жылдай бұрын, бір күні осы ағай екеуміз Ш.Берсиев көшесі бойындағы мешіттен бірге намаз оқып шықтық. Жолшыбай ол маған кенеттен:

    – Өмеке, сен осы жылқы етін жейсің бе? – деп сұрады.
    “Жылқы сойғысы келіп, етін алатын адамдар іздеп жүрген шығар?” деген оймен:
    – Иә, жеймін, – дедім.
    – Ендеше сен кәпірсің! – деді ағам, қақ маңдайдан ұрғандай ғып!
    – Аға, абайлап сөйлеңіз, – дедім барынша сабырлық сақтап, іштен “бұрқ” ете қалған ашуымды басып, – Сіздің ағалығыңызды, сақалыңызды сыйлап, әзер шыдап тұрмын. Бұл не дегеніңіз? Сонда, жылқы етін жеген адам кәпір бола ма?
    – Иә, кәпір болады, – деді ағайым, “Не істер екенсің?” дегендей бетіме бажырая қарап.
    – Барлық қазақтар жейді ғой! Сонда қазақтардың бәрі кәпір ме? – дедім, “Не дер екен?” деген оймен.
    – Иә, бәрі кәпір болады! – деді ағайым өршеленіп. – Құранда солай жазылған! Арабтар мен түріктер жылқы етін жемейді. Олар нағыз мұсылмандар! Мен де жылқы етін жемеймін!
    – Е, сонда Қазақстандағы жалғыз мұсылман сіз екенсіз ғой?! – деп кекеттім де, одан әрі сөз таластырмай, қолымды бір сілтеп жөніме кеттім...

    Құран аяттары не дейді?
    Жоғарыда аталған мақаланы оқығаннан кейін, түнімен Құран сүрелеріндегі харам туралы аяттарды оқып қарадым. Атап айтқанда, Құранның “Бақара” сүресінде (198, 172, 173 аяттарында), “Мәида” сүресінде (3, 87, 88, 90 аяттарында), “Әнғам” сүресінде (118, 119, 120, 121, 142, 143, 144, 145 аяттарында), “Ағраф” сүресінде (33-аятында), “Нахыл” сүресінде (114, 115, 116 аяттарында), “Хаж” сүресінде (30-аятында) харам туралы жазылған екен. Бірақ ешбір аятта “жылқы еті харам” деп жазылмаған.
    Мен “Хаж” сүресінің 30-аятындағы: “Міне осы, кім Алланың ардақтағандарын жоғары бағаласа, сонда оған Раббыларының қасында хайырлы. Сендерге харамдығы білдірілгеннен басқа малдар халал қылынды ...” деген Алланың сөздеріне көңіл аудардым.
    Өйткені, Құранда “Нахыл” сүресінің 115-аятында ішіп-жеуге нақты тыйым салынған, “харамдығы білдірілген” малдар туралы: “Шын мәнінде сендерге өлексе (арам өлген мал), қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды (малды) харам етті” деп анық айтылған.
    Міне, нақты “харамдығы білдірілген малдар” ішінде жылқы аталмаған. Олай болса, жылқы – “харамдылығы білдірілгеннен басқа мал”. Яғни, Алла оны адамдарға “халал қылған”.
    Құранда “Әнғам” сүресінің 142-аятында Алла Тағала: “Және көлік болатын, әрі ұсақ малдарды жаратты...” деген. Бұл аяттағы «көлік болатын» малдар – жылқы, қашыр, есек, түйе, сиыр, ал “ұсақ малдар” – қой мен ешкі. Құранда Алла Тағала қашыр мен есектің етін “харам” деген.
    Құранда құрбандыққа шалынатын төрт түлік малдар – қой, ешкі, ірі қара (сиыр), түйе деп атап көрсеткен. Рас, жылқы құрбандыққа шалынбайды. Құрбандыққа шалынбайтын малды “харам” деуге бола ма? Мақаланың кейіпкері жылқының қымызын ішеді екен! Егер ол кісіге жылқының еті харам болса, сүті де харам болуы керек емес пе?!

    Ислам ғалымдары не дейді?
    Қазақстанға белгілі фиқһ-шариғат ғылымының докторы Ата әс-Сынбати мен Құран (тәпсір) ғылымының докторы Мұхитдин Исаұлының 2010 жылы Алматыдағы “Нұр-Мүбарак” бас-пасынан жарық көрген “Отбасы ғылымхалы” атты кітабының 14-бетінде: “Жылқы еті төрт мазһабтың жалпы көзқарасына қарай халал саналған” деп жазылған.
    Осы кітаптың 15-бетінде жылқы етіне “халал” деп баға бергендігі жөнінде Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың екі хадисін мысал ретінде келтірген.
    Бухари келтірген мына хадисте: “Әбу Бәкірдің қызы Әсмә (р.а.): “Біз Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) заманында бір жылқы сойдық. Сол кезде біз Мәдинада болатынбыз. Бәріміз соны жедік” деп, мұсылмандардың Мәдина қаласында жылқы сойып жегендері анық айтқан.
    Бухаридің тағы бір хадисінде сахаба Жабир: “Хайбардың (жеңісі кезінде) кезінде Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) үй есегінің етін жеуге тыйым салды. Бірақ жылқыға рұқсат берді” деп жеткізеді. Осы кітаптың 16-бетінде кітап авторлары: “Және Құранда жылқы туралы айтылғанмен, етін жеуге тыйым салмаған” деп тұжырым жасаған. Көптеген діни кітаптардың авторы, белгілі дінтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайұлы “Дін мен діл. Күрделі діни сауалдарға
    жауаптар” атты кітабының 72-бетінде: “Ал Әбу Ханифаның екі үлкен мүжтаһид шәкірті Мұхаммед пен Әбу Юсуфтың пікірінше, жылқы еті адал” деп келіп, жоғарыда мысал ретінде келтірген Бухари мен Муслимнен жеткен Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың екі хадисін дәлел ретінде алға тартады. Бір сөзбен айтқанда, Ислам ғалымдарының ортақ пікірі – жылқы еті харам (арам) емес, халал (адал). Қасиетті Құранда да “жылқы еті харам” деген аят не сөз жоқ. Ал енді “Арабтар неге жылқы етін жемейді?” деген мәселеге келетін болсақ, тағы да Ата әс-Сынбати мен Мұхитдин Исаұлы “Отбасы ғылымхалы” атты кітабының 16-бетінде: “Ол кезде сахабаларда жылқы аз болатын. Сондықтан аттарды соғыста мінетін болғандықтан, оларды көбейту, бағу кезек күттірмес мәселе еді...” дейді қос ғалым. Бұл қағида уақыт өте келе арабтардың дәстүріне айналып кеткен еді. Оның үстіне, жылқы еті өте қуатты болғандықтан, Сауд Арабиясының 60 градус аптап ыстығында арабтар жылқы етін жей алмайды. Жылқының етін салқын уақытта, қыста жеген пайдалы. Қазақтар да соғымға жылқы сойып, жылғы етін негізінен қыста жегенді жақсы көреді.
    О шеті мен бұ шетіне ұшқан құс пен жүгірген аң аялдамай жете алмайтын шетсіз-шексіз жапан даланы еркін мекендеген ата-бабаларымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше құрметтеп, жоғары бағалаған. Жылқы: мінсе – көлік, сатса – қомақты ақша, еті – жоғары сапалы тамақ, қымызы – өте құнды, шипалы сусын, қылы – темір шынжырдай мықты арқан, терісі – бағалы шикізат. Сондықтан, қазақтар жылқыны «жеті қазынаның бірі» деп санаған. Қазақтың байлығы ерте заманда жылқының санымен есептелінген. Жоғарыда аталған мақаланың бас-ты кейіпкері – Мырзабеков Шынтас ағамыздың “құлағына алтын сырға”: жылқының етін, қазысын, жал-жаясын жемейтін, қымызын ішпейтін қазақ – қазақ емес! Алла Тағаланың “халал” (адал) деген нәрсесін “харам” (арам) деген, “харам” деген нәрсесін “халал” деген адамның – әлемдегі барлық жанды және жансыз жаратылыстарды жоқтан бар қылып жаратқан Ұлы Жаратушының ісіне араласып, Оның Құранын өзінше тәпсірлеп, “ревизия” жасайтын адамның ахіреттегі жағдайы қаншалықты қиын болатынын ағамыз білетін болар деген ойдамын. Тәубеңізге келіңіз, Шынтас аға!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде қабірден алынған Құран бар
  • Дағдарыстың салқыны соғымға да тиді
  • Жылқы ұрлаған барымташылар сотталды
  • Барымташы полицейді тістеп алды
  • Ырғызда мал ұрлығы көп
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге