Несиенің комиссия төлемін қайтарып алуға бола ма?

    Соңғы уақытта әлеуметтік желілер арқылы “банктер комиссиялық төлемдерін қайтарып жатыр екен” деген хабар тарады. Осыған байланысты заңгермен сөйлескен едік. Ақтөбелік заңгерлер мәселенің мән-жайын талдап берді.

    Ешкімге құпия емес, баласы үйленетін немесе қызы тұрмысқа шығатын болса, той немесе садақа жасайтын кезде, тіпті үйіне қымбат жиһаз немесе әйеліне тон алуға
    ниеттенсе – қазіргі заманның қазақтары қанша пайызбен болса да қорықпай, қомақты несие алады.

    “Қосымша комиссия төлемдерінің заңсыз екендігін дәлелдейтін заңды құжат бар”
    Ақтөбелік заңгер Ағысбек Тұрсынұлы төленген несиенің комиссиялық төлемін қайтарып алуға болатынын растайтын заңды құжат бар екенін айтты.

    – Ағысбек Тұрсынұлы, Сіздердің берген заң кеңестеріңіз арқылы тұрғындар өздері төлеген заңсыз артық комиссия төлемдерін қайтарып ала алады ма? Әлде сіздер көмектесесіздер ме?
    – Иә, сот арқылы өздері қайтарып ала алады. Егер жүрексінсе, біздің қызметімізді пайдануға болады. Ол үшін банктен несие алған адам бізге сенімхат пен банктің несие шартының және несиені қайтару жөніндегі төлем кестесінің көшірмелерін береді. Сол сенімхатпен несие алушының атынан сотқа талап арыз да-йындап тапсырып, сот арқылы заңсыз артық комиссия төлемдерін банктен қайтарып бергіземіз.

    – Іс жүзінде қайтарып беріп жатырсыздар ма?
    – Иә, әрине, біздің ықпал етуімізбен сот қайтарып беріп жатыр. Жүздеген адамдарға көмектестік. Яғни, жүздеген адам банктер алдап алған ақшаларын қайтарып алды. Қолымызда соттардың шешімдері бар. Біз бұл жұмысты үш жылдан бері жүргізіп келеміз. Мол тәжірибе жинадық.

    – Сіздерге бір апта бойы күнде таңертеңнен кешке дейін үздіксіз лек-лек болып келіп жатқан адамдар сіздердің осындай қызмет көрсетіп жатқандарыңызды қайдан білген?
    – Біздің көмегімізбен банктердің заңсыз алдап алған артық комиссия төлемдерін соттың шешімімен қайтарып, нақты ақшалар алған адамдар
    ауызша «сымсыз телефон» арқылы және әлеуметтік желілер арқылы біздерді жарнамалап жатыр.

    – Сіздер несие берген банктердің қандай құжаттарын қарап, нендей мәселеге назар аударасыздар?
    – Біздер банктің несие шартын және несиені қайтару жөніндегі төлем кестесін қарап, банктің түрлі қызмет көрсеткені үшін алынған комиссия төлемдеріне назар аударамыз. Бұл заңсыз. Өйткені, несие бергені үшін банкі сыйақы (вознаграждение) алады. Сыйақының ішіне барлық банк қызметтері кіреді. Бірақ көп жағдайда несиені рәсімдеуші банк қызметкері сыйақыдан бөлек қосымша заңсыз комиссия төлемдерін қосып қояды. Біз осы қосымша заңсыз комиссия төлемдерін сот арқылы қайтарып жатырмыз.

    – Қосымша комиссия төлемдерінің заңсыз екендігін дәлелдейтін заңды құжат бар ма?
    – Бар. 2012 жылы 9 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларын жүзеге асыратын, несие беретін ұйымдарға ҚР “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы” Заңының 30-бабының 1-тармағына сүйене отырып, сыйақыдан басқа қосымша комиссия төлемдерін тоқтатып, несие алған адамдарға заңсыз төлеген комиссия төлемдерін қайтаруды, осы мәселе бойынша шара қолдануды талап еткен қызметтік хат жіберген болатын. Ол хат бізде бар. Осы хатқа сәйкес, екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларын жүзеге асыратын, несие беретін ұйымдар өздері осы уақытқа дейін заңсыз алынған комиссия төлемдерін несие алған адамдарға қайтарып беруге тиіс. Бұл хат туралы сот және прокуратура органдары жақсы біледі. Бірақ қарапайым халық хабарсыз. Ал, екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларын жүзеге асыратын, несие беретін ұйымдар адамдардың сауатсыздығын пайдаланып, Алдаркөсе сияқты көздерін бақырайтып қойып, комиссия төлемдерін алдап алып жатыр. Яғни, күні бүгінге дейін олар несие алған адамдардан қосымша комиссия төлемдерін алуды тоқтатқан жоқ. Бізге келген адамдарға осы заңсыздықты түсіндіреміз. Ал, өздері өтініп, бізге сенімхат берген адамдарға көмектесіп, сот арқылы “қызмет көрсеткені үшін”, «несиені рәсімдегені (ұйымдастырғаны) үшін», “қарызға қызмет көрсетуге байланысты ағымдағы шотты жүргізгені үшін” деген сияқты т.б.с.с. комиссиялардың заңсыз төлемдерін қайтарып жатырмыз.

    – Сіз жаңа “екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларын жүзеге асыратын, несие беретін ұйымдар адамдардың сауатсыздығын пайдаланып, Алдаркөсе сияқты көздерін бақырайтып қойып алдап, комиссия төлемдерін алып жатыр” дедіңіз. Қалайша?
    – Кейбір банктер жарнама арқылы адамдарды жылдық 10-12 пайыз мөлшермен несие алуға шақырады. Шындығында, олар түрлі комиссия төлемдерін қосқанда, қайтаратын қарыздың пайыздық мөлшері бірнеше есеге асып кетеді. Бұл – халықты алдау болып саналады. Сыйақы мен комиссияны ажырата алмайтын адамдарды банк қызметкерлері нағыз Алдаркөсе сияқты алдайды. Ал, адамдар несие алғанына мәз болып, ойланбастан, тездетіп қол қоя салады. Кейбіреулер келіспей, “мынау неге бұлай?” деп сұрақ қоя бастаса, банк қызметкері: “Бұл – біздің шартымыз. Келіспесеңіз – кете беріңіз, несие бере алмаймыз” деп, жан-жақты түсіндірместен шығарып салады.

    – Банктердің осындай қитұрқы шартынан заңсыздықты қалай табасыздар?
    – Жаңа айтқанымдай, ҚР Ұлттық банкінің 2012 жылғы 9 ақпандағы хаты негізінде және ҚР “Тұтынушылар құқын қорғау туралы” Заңы мен басқа қолданыстағы заңнамаларға сүйене отырып, шығындарды есептеп, комиссиялардың заңсыз алынғанын көріп, банкті немесе несие берген ұйымды сотқа береміз. Соттардың бұл мәселе жөнінде тәжәрибелері бар. Үш жылдан бері біз де біраз тәжірибе жинақтадық. Сондықтан, сот біздің дәлелдерімізді көріп, талап арызымызды қанағаттандырып, комиссияға кеткен ақшаны қайтару жөнінде шешім шығарады.

    “Ауылдың адамдары жиі алданады”
    Ақтөбедегі білікті заңгерлердің бірі Әділет Ізбасаров та банктің комиссия төлемдерін қайтарып алуға болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жиі алданатындар ауыл тұрғындары екен.

    – Әділет Шалқарбекұлы, айтыңызшы, егерде банк-тен несие алған адам несиесін толық төлеп, қарызын қайтарғанына біраз уақыт өтсе, оған да заңсыз алынған комиссия төлемдері қайтарылады ма?
    – Банктен несие алған адам несиесін толық қайтарып бергеннен кейін, банктің өзінен заңсыз комиссия төлемдерін алғанын білген уақыт – “ескіру мерзімі” болып саналатын уақыт – үш жылдан асып кетпесе, банктің заңсыз алған комиссия төлемдері сот арқылы қайтарылады. ҚР Азаматтық кодексінің 178-бабының 1-тармағында: «Талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленіледі» деп көрсетілген. Бірақ, егер банктің өзінен заңсыз комиссия төлемдерін алғанын білген уақыт үш жылдан асып кетсе де, сот талап арызды қабылдайды. Ал талап арызды қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау – соттың құзырында.

    – Бір аптаның ішінде сіздерге қанша адам келіп, заң кеңестерін алды? Нәтижесі қандай?
    – Бір аптаның ішінде мыңға жуық адам бізге келіп, заң кеңестерін алды. Күнде таңертеңнен кешке дейін бізге келіп жатқан адамдар легі азаяр емес. Заң кеңесін алған адамдардың ішінен 120 адам бізге сенімхат берді. Біз олардың атынан сотқа талап арыздар да-йындап жатырмыз. Жыл басынан бері біздің талап арызымыз бойынша әртүрлі заңсыз артық төленген комиссия төлемдерін қайтару жөнінде сотта 200-дей іс қаралып, адамдардың банктерге заңсыз төлеген комиссия төлемдерін қайтару жөнінде біздің талап арыздарымыз қанағаттандырылып, сот шешімдері заңды күшіне енді.

    – Сіздерге банктерден несие алып, комиссия төлемдері жөнінде алданып, осы мәселе туралы заң кеңесін алып жатқан адамдар қай жақтан келіп жатыр?
    – Негізгі бізге келіп жатқан адамдар – Ақтөбе облысынан. Қаладан, барлық аудандардан. Сонымен бірге, телефон арқылы Қазақстанның барлық он екі облысынан бізбен хабарласып, комиссия төлемдерін қайтару жөнінде кеңес алып жатқан адамдар көп.

    – Олардың бәріне заң кеңесін беріп, сіздердің көмектеріңіз арқылы сотқа шағымданғысы келетін адамдардың мүдделерін сотта қорғауға мүмкіндіктеріңіз бар ма?
    – Әзірше Ақтөбе облысы бо-йынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өйткені, бір аптаның ішінде Ақтөбе облысының барлық аудандарынан мыңға жуық адам келіп, заң кеңестерін алды. Бірақ, үш жылдың ішінде несие мәселесі бойынша бізге Ақтөбе облысынан ғана емес, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан сияқты республикамыздың басқа облыстарынан да, тіпті Астана мен Алматыдан да келіп, нақты заң кеңестерін алды. Жүздеген адамдардың сенімхаттары негізінде біз тіпті онлайн режимінде ғаламтор жүйесі арқылы Ақтөбеден басқа жерлердегі соттарға талап арыздар беріп, қолымыздан келгенше жәрдемдесіп, адамдардың ақшаларын сот арқылы қайтартып, қарапайым халықтың алғыстарына бөленіп жатырмыз. 2018 жылдан бастап жоспар құрып, Қазақстанның басқа облыстарының тұрғындарымен кездесіп, несие мәселелері бо-йынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң кеңестерін беруді жоспарлап отырмыз.
    Айта кететін бір маңызды мәселе бар: біз сот шешімі шыққанша өз қызметіміз үшін адамдардан алдын ала ақша алмаймыз! Кейбір заңгерлер: “Ақшаларыңды міндетті түрде қайтарып береміз, егер алдын ала пәленше мың теңге төлесеңдер” деп жатқандарын естідік. Олар біздің мамандар емес.

    – Көпшілікке сабақ болатын әңгімелеріңізге рахмет!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дін жолында жүрген кәсіпкерлер несие алуды “күнә” деп санайды
  • Туысын алдаған әйел 147 млн теңгені қолды қылған
  • Банктер ауыл кәсіпкерлеріне несие беруге құлықсыз
  • Ақтөбелік “алаяқтықтың жаңа түрінен зардап шеккенін” айтты
  • Сот бір басында 34 несиесі бар алаяқ әйелдің ісін қарап жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге