Ақтөбелік оқушылар суық мектепте оқуға мәжбүр

    Ақтөбедегі орта мектептердің бірі қыстың қақаған суығында салқындап кетті. Оқушылар сабақ үстінде бүрсең қағып, сыртқы киіммен отыруға мәжбүр. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, бұған ғимараттың ескілігі себеп.

    Ақтөбедегі №24 лингвистикалық мектеп гимназияның оқушылары сабаққа қалың киініп келеді. Өйткені ата-аналар салынғанына 45 жыл болған мектепте оқитын балалары ауырып қала ма деп қауіптенеді.
    - Мен 5 «В» сыныбында оқимын. Күніне 5-6 сабақ болады. Сыныптың іші салқын болды. Сыртқы киімдерімізді екі күн киіп отырдық. Қазір жылып келе жатыр. Сынып ішінде етікпен жүреміз. Іш салқын болса да, сабақтан қалмауға тырысамыз,-дейді Адель Гүлшарова.
    Ал мектеп әкімшілігінің айтуынша, ескі ғимараттың қабырғасы жұқа. Әрі терезелері ауыстырылмағандықтан, жел соғып тұр.
    - Директорлық қызметке тағайындалғаныма 5 ай уақыт болды. Мектеп ғимараты 1972 жылы салынған. Ал жылу жүйесіне 2007 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір жақсы жұмыс істеп тұр. Дегенмен күн салқындап, қатты жел соққанда кейбір сыныптар салқындап кетеді. Терезелер ескі, ауыстырылмағанына көп болды. Жел соғып, салқын болады. Өз күшімізбен терезе жақтауларына мақта жабыстырып, тесіктерін бітеген болдық. Салқын кезде оқушылар сыртқы киімдерімен жүрді.Мектепке күрделі жөндеу қажет,-дейді мектеп директоры Ғалия Ешмұханбетова.
    Қазір мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық білім бөліміне сұраныс берілген. Айта кетелік, қазір бұл мектепте 1200-ге жуық оқушы білім алып жүр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде орамал таққан оқушыны сабаққа кіргізбей қойды
  • Мектеп оқушыларына смартфон ұстауға тыйым салына ма?
  • 16 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады
  • Білім мекемелерін күрделі жөндеуге 675 млн теңге бөлінген
  • Ақтөбелік оқушылар республикалық өнер байқауынан оралды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге