Желтоқсан жаңғырығы

    Желтоқсан жаңғырығы

    Ақтөбеде де Желтоқсан оқиғасы кезінде Алматыда студент болып, митингіге бір табан жақын болған адамдар бар. Бірақ олар еш уақытта "мен сөйттім" деп көпшілікке атын шығаруға ұмтылмапты.

    Қыздарды аяусыз ұрған
    Биыл Желтоқсан қасіретіне 31 жыл толады. Ешбір қарусыз, қазақ елінің басшылығына қазақ азаматының отыруын талап еткен кінәсіз жастардың төгілген қаны еліміздің тәуелсіздік алуына түрткі болды. Оның маңызының өте жоғары екені айтпаса да түсінікті. Сол қанды оқиға кезінде Алматыда студент болған жерлесіміз Ағипа Мұхтарова көргендерін былай еске алды.

    - Сол жылдары Алматыдағы Абай атындағы Ұлттық институттың 3-курсында оқитын едім, бірақ оқиғаның дәл ортасында болған жоқпын. Жатақханада жататынмын. 16 желтоқсан күні таңертең ерте оянғанымда бүкіл оқытушыларымыз жатақханада жүрді. "Ешқайда бұрылмай, сабақтарыңа тіке барып, тіке қайтыңдар", - деді олар. Ол кезде не болғанын біле қойған жоқпыз. Бірақ бір күн бұрын радиодан Қонаевтың орнынан алынып, Колбинның тағайындалғанын естідік. Сабағымызға бара жатқанда, автобуста жастардың алаңға шыққанын білдік. Сабақ уақытында барлық оқытушылар қарбаласта жүрді, ешбір сабақ өз мәнінде өткен жоқ. Олардың сол күндегі басты міндеттері студенттерді оқу орны мен жатақханалардан шығармау болды. Дегенмен, қайтқан кезде жолымыз алаңға жақын жерден өтетіндіктен, арамызда автобустан түсіп қалып қатысқандар болды. Кейбіреулер қызық көруге барды, арасында мәнін түсініп барғандар да бар шығар. Сабақтарымыздың бәрінде есікті жабулы күйде ұстады. Бірақ орнымыздан ұшып тұрып, терезеден қарап үлгердік: жастардан құралған үлкен топ келіп тұр екен. - Шығыңдар, ҚазПИ, не істеп отырсыңдар?! Алаңға жүріңдер! - деп айқайлады олар. Біздің оқытушылар оларды ішке кіргізбеуге, ешкімді шығармауға тырысты. Бірақ олар біраз уақытқа дейін сол жерде тұрды. Мұғалімдердің барлығы кезекшілікке шығарылды. Ертеңіне сабақ болмады, бізді жатақханадан шығарған жоқ. Сол күні жатақханаға кімнің келгені, кімнің келмегені тексерілді. Менің қасымда Маңғыстаудың Шаттыгүл есімді қызы болатын. Сол жоқ болып шықты. Ол студент жатақханаға 5-6 күннен кейін келді. Бәріміз жиналып, қайда болғанын сұрағанымызда, анығын ашып ештеме айта қоймады. Тек оқшаулап қамап ұстағанын, тамақ бергенін айтты. Содан кейін көп жиналыстар болды. Алаңға барған студенттерді жаппай оқудан шығарды. Ол студент те оқудан шығарылды. Кейін барып, Желтоқсан оқиғасы басқаша сипатталған кезде ғана білдік қой. 4 қызды қамауда қатты ұстап, ұрып-соққан екен. Ол уақытта бізге ешнәрсе айтылмады. Біраз жылдан соң, беріректе оның оқуын жалғастырып, Алматыда ғылыммен айналысып жүргенін естідім. Өзімен кездескен жоқпын, әлеуметтік желілерде 1-2 рет сөйлестік, сосын байланыс тағы үзіліп қалды. Желтоқсанның 20 жылдығы кезінде "Жас Алаш" газетіне бір журналист ол туралы жазған. Сол мақалада 4 қыздың одан кейінгі өмірі туралы жазылыпты. Біреуінің Жезқазған жағында жүргені, біреуінің қайтыс болғаны айтылған. Бірақ "Маңғыстаулық студентті таба алмадым" деп жазыпты. "Агент" желісінен менің аты-жөнімді көріп, бір рет Шаттыгүлдің өзі хабарласты. Алматыда Қыздар институтындамын деген сияқты. Одан соң байланыс тағы жоғалды. Өзім қарулы қақтығысты көзіммен көрмедім, себебі жатақханадан шығарылмадық. Сабақ 1-2 күннен кейін жалғасты, бірақ кезекшілік, бақылау 1 айдай уақытқа созылды. Оқытушылар демалыс күні де жүрді. Далаға шығып бара жатсақ, "Мен дүкенге бара жатырмын. Мынадай сағатта шықтым, мынадай уақытта келем" деген қолхатпен жіберілдік. Алаңдағы жастарды суретке түсіріп алған екен, сол бойынша көп оқу орындарының студенттері ізделді. Жаппай оқудан шығарылды. Қалада үрей орнады. Автобуста да үреймен жүрдік. Қазақтар мен орыстар арасында алакөздікпен қарау болды. Қазақ жастары жиналып тұрса да үрейленіп қарайтын болды. 5-6 қазақ әңгімелессе оған да күдікпен, көп мән беріліп қарайтын болды. Автобусқа жиналып мінеміз ғой, сол кезде сыртымыздан бақылау көп екенін сезетін едік. Әсіресе қазақ жігіттер көп қатысты ғой, солар: "Қыздар, сендер бармаңдаршы, тайып жығылып, аяқ астында тапалып жатқан қыздар көп" деп бізге қамқорлықпен қарады. Жоғары курстың жігіттері жасырын барып келіп, көргендерін айтып сақтандыратын еді. Оқиғадан кейін автобустарда "Менің Қазақстаным", өлеңін жиі еститін болдық. Кейінірек "Қара бауыр қасқалдақ" өлеңі ойналатын еді. Бірақ біраз уақыттардан соң оларға тыйым салып тастады. Дегенмен, жастар арасына "Қара бауыр қасқалдақ" өлеңі ауызша кең тарап үлгерді. Студенттер арасында "осы оқиғаға байланыс-ты мынадай ән шығыпты" деп айтып жүрдік. Менің оқу орнынан білетінім осы, - дейді оқытушы Мұхтарова Ағипа.
    Желтоқсанды көзімен көріп, қасында болған Әділгерей Әуелбаев та өзінің көргендерін бөлісуге қарсы болмады.
    - Желтоқсан туралы бастап айтатын болсам, тұтас эпопея болып кетеді. Мен оған қатысушы емес, куәгермін. Осыны үнемі айтамын. Балам 7-класта оқып жүргенде "16 Желтоқсанда не болды? Жастарды бульдозермен итеріп тастағандары шын ба?" деген сұрақтар қойды. Соған жауап ретінде көргенімді өлең қылып жазып едім.

    Ұрды. Тепті. Қансыратты. Құлатты,
    Бойжеткенді шаштан тартып жылатты.
    Сол күндері қатты аяз боп далада,
    Аяқ тоңды. Үсік шалды құлақты, - деп басталады.
    Желтоқсан – көтеріліс емес, аяқ астынан болған оқиға. Оған себеп болған биліктің басшылыққа Колбинды тағайындау туралы 18 минуттық қана пленумы. 12 желтоқсан - Қонаевтың туған күні. Егер оны марапаттап, сыйлығын беріп, халыққа салтанатты түрде көрсетіп демалысқа жібергенде, бұл оқиға болмас па еді. Біз бейбіт шеруге шықтық. Көтеріліс демейтін себебім сол. Мен жеке өз басым, оқ атылғанын көрген жоқпын. Алаңның жан-жағының бәрі толып тұрған студенттердің жатақханасы еді. Жастардың көп болғаны да сондықтан. Мен зоотехникалық институттың 3-курс студенті болатынмын. Белсенді топ жетекшісі әрі коммунистік партия қатарында едім. Өзіммен бірге жүрген Жаңарқалық жан жолдасым Төлеуғазыны талқылаған 12 адамдық комиссияның құрамында болдым. Оның бар жазығы ашуға ерік берген біраз қазақ жастарынан жасөспірім орыс баласын арашалап, үстіне құлағаны еді. Менің қолымнан келгені оны оқудан шығару туралы шешімге қол қоймағаным ғана болды. КНБ-ның тергеушілері суретке түсіреді де, альбом қылып біздің алдымызға тастайды. "Мынаның ішінде сенің тобыңнан не танитын адамдарың бар ма?" деп сұрайды. Қарап отырып, мұрнын не басқа жерін байқатпай ұқсатпайтын қылып жырып-шұқып жібердім. Төлеуғазы досым "жаншып ұрып, таптаған, шындық айтқан адамдарды зорлықпен соттаған заңдарыңды түсінбедім. Ленин уставынан көрген де емеспін. Билеттеріңді алғанмен, мен бәрібір комсомолдың адал ұлы болып қаламын" деді де, комсомол билетін үстелге қойды. Желтоқсанға өте сақтықпен, әділ бағасын бере қарау керек. Себебі эмоцияға беріліп, асыра сипаттап көрсетсек, елдің тыныштығына зиян болуы мүмкін. Бұл оқиғаның маңыздылығы еліміздің тәуелсіздік алуына зор үлес қосқандығы, - дейді ол.

    Батырдың бейнесі ұмытылмайды
    Алғадағы №4 орта мектептің технология мұғалімі Алтынбек Сейдалиев "грин-арт" әдісімен сурет салуды ұнатады екен. Ол патриоттық сезім жетегімен жапыраққа Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың суретін салыпты.
    - Сурет және технология пәндерінен сабақ беремін. Кез келген нәрсені емес, өзіме әсер еткен адамдар мен нәрселерді саламын. Оқушыларым да үйреніп келеді. Қайраттың суретін салуды оқушым ұсынды. Грин-арт әдісі елімізде кең тарай қоймаған. Еліміздің дамуына, мерейінің үстем болуына үлес қосқан тұлғаларды салған дұрыс, - дейді ол.

    Алтынбек Сейдалиев сонымен қатар осы әдіспен Димаш Құдайбергенов, Геннадий Головкин, Бердібек Сапарбаевтардың суретін салған. Оған көбі тапсырыс береді екен, бірақ ақшаға орындаған кезі болмапты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік студент өзін-өзі биіктен тастап жіберді
  • Шара Тұрмағанбетова: “Бас сатуды” үйрендім
  • Фариза Төлебаева: Ол кезде бала болсам да, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындық әлі есімде
  • Бақыт ЖАНШАЕВА: қазақтың үні болатындай басылым керек
  • Асхат ТАРҒЫНОВ: Нигериялық Рич Димен дуэт құрмақшымын
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге