Көпбалалы аналар көмек сұрайды

    Көпбалалы аналар көмек сұрайды

    Ақтөбелік Гүлмира Шабарова бес баласымен далада қалды. Қыстың көзі қырауда баратын баспанасы болмай, интернет белсендісіне хабарласыпты. Қазір әкімдіктің ескі ғимаратында уақытша тұрып жатыр. Тағы бір көп балалы ана Салтанат Сабуова сегіз баласымен бірге бір бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Екі ананың да мүгедек балалары бар. “Керек.info” газетінің тілшісі екі ананың жағдайымен танысып қайтты.

    “Біреу үшін бала тудың ба?”
    Бес баласының екеуі мүгедек Гүлмира Шабарова адамдардан кейде осындай ауыр сөздер еститінін айтады.
    - Бес балам бар. Үлкенім 19 жаста. Студент. Сырттай бөлімде оқиды. Екіншім 12 жастағы қызым. Оның қазіргі жағдайы нашар. Дәрігерлер оған «эпилепсия генерализованный» деген диагноз қойды. Кішкентай ұлым 4 жаста. Оның ақыл-есі дұрыс дамымаған. Дәрігерлер оған басында психологиялық ауытқуы бар деді. Балаларыма күтім керек болғандықтан дұрыс жұмыс жасай алмадым. Балаларымды оқыту керек. Оларды мектепке апарып, үйде тамақтарын да-йындап отырамын. Бес баланы бағу оңай емес. Жолдасыммен ажырасып кеткеніме біраз жылдар болды. Тіпті балаларын іздеп те келмейді. Қалада пәтер жалдап, түрлі жатақханаларда көшіп-қонып жүрдік. Пәтер иелерінің қуып шыққан күндері де болды,-дейді Гүлмира Шабарова.

    Жалғызбасты әйелдің айтуынша, кішкентай ұлының дертін тек өскен кезде ғана біліпті. Қазір науқас қызының да жағдайы күн өткен сайын ауырлап барады.
    - Кішкентай ұлым туғаннан бері ауырады екен. Баламның ауыратынын байқамаппыз. Үш жасында баламның естуі, адамға қарауынан бір аңғалдықты байқай бастадық. Баламды шақырсам келмейді. Ойыншықтарымен ойнамайды. Осындай жағдайларын педиаторға айттым. Педиатор экологияның әсерінен болуы мүмкін екендігін айтты. 4 жасында мүгедектік құжаттарын рәсімдедік. Қазір екі балама мүгедектігі үшін мемлекеттен 120 мың теңге алып отырмын. Басқа кіріс көзі жоқ. Үлкен ұлым жаз айларында уақытша құрылыс саласында жүріп жұмыс жасап келеді. Қазір үлкен қызымның қасында үйде отыр. Қызым бұрын жалпы білім беретін мектепте оқитын еді. Қазіргі жағдайына байланысты үйде оқиды. Мұғалімдер қызымның жағдайына жауап бермейміз, талып қалғанда басқа оқушылар көріп шошып кетеді, үйден қарау керек деп ескерткен. Сол себепті мектепке бармаймыз,- дейді ол.
    Пәтерден пәтер жағалап жүрген әйел амалсыз интернет белсендісі Екатерина Голотинаға хабарласқанын айтады. Блогер әйелдің жағдайын әлеуметтік желіге жариялап жіберіпті. Содан соң пәтер иесі үйінен қуып шыққанын айтады. Қыста бес баласымен далада қалған әйелге Жаңақоныс ауылы әкімдігінің ескі ғимаратынан бөлме беріліпті. Қазір сол жақта уақытша тұрып жатыр.
    - Осы ескі әкімдіктің ғимаратында жағдайы жоқ отбасылар тұрады. Барлығының 4-5 балалары бар. Жақында Екатерина деген қыз туралы естіп едім. Сол қызға жағдайынды түсіндіріп айтсаң, көмек береді дегенді естігем. Екатеринаға хабарласып, көмек сұрадым. Жейтін тамағымыз, киетін киімдеріміз болмады. Екатерина балаларыммен суретке түсіріп, осы отбасына көмек қажет деп интернетке суреттерімізді салып қойып еді. Бұл хабарламаны пәтердің иесі көріп, үйді босатыңдар деді. Сендер сияқты кедейлер керек емес деп, тұрып жатқан пәтермізден қуып шықты. Пәтерге төлеген ақшамызды өзімізге қайтарып беріп, үйді босатуымызды сұрады. Бес баламмен далада қалдым. Осы кезде де бізге қолдау көрсеткен Екатерина еді. Қалалық әкімшілік Жаңақоныс ауданындағы ескі әкімшілік ғимаратынан екі бөлме уақытша тұруға тауып берді. Қазір осында тұрып жатырмыз. Көп адамдардан көмек сұрай беруге де қорқамын. Кейде, баланы “біз үшін тумаған шығарсың” деп жатқан сөздерді де естіп жүремін. Мүгедек баласы бар отбасыларға көмек көрсетіледі дегенді естіп жүрмін. Алайда, мен осы уақытқа дейін ешқандай көмек көрмедім. Қаншама қиындық көрсемде, өмірге ренішім жоқ,-дейді Гүлмира.

    Гүлмираның айтуынша, қызының дерті күн санап күшейіп бара жатыр екен. Әр түн са-йын талмасы ұстайтын қызы үшін алаңдайтынын жеткізді. Дәрігерлер қызының ұзаққа бармайтынын ескертіпті.
    - Түнімен ұйықтамайтын уақыттарымыз да бар. Түнде қызымның талмасы ұстағанда, өзім де қорқып кетемін. Денесінің барлығы дірілдеп, аяқ-қолдары тартылып қалады. Тілін басып тұрып дәрісін беремін. Оның өзі 40-45 минуттан кейін ғана әсер етеді. Күнделікті бір дәрі ішеді. Басқа емі жоқ. Дәрігерлер “қызыңыз көпке бармайды” деп айтты. Жақында басын тексеруден өткіздік. Дәрігерлер “қызыңыздың басынан ақау таптық. Бірақ, оны сізге айта алмаймыз” деген болатын. Қызымды жағдайын ойлап, жылап та аламын. Қандай анаға болмасын балаларының қиналғанын көру өте қиын. Қызым өздігінен дәретханаға бара алмайды, жуына алмайды. Барлығына өзім жүремін. Далаға шығарсам, балалардың ойнап жатқанын көріп қызығады. Бірақ, оған жүгіруге, секіруге, ойнауға болмайды. Дәрігерлер тыйым салған,- дейді жалғызбасты әйел.

    “Қуықтай бөлмеде қалай тұрамыз?”
    Сегіз баласымен бірге тағдыр тауқыметін кешіп жүрген әйел Салтанат Садуоваға әкімшілік бір бөлмелі пәтер беріпті. Екі баласы мүгедек ол қуықтай бөлмеге сыймайтынын айтады.
    - Сегіз баланың анасымын. 18 жасқа толмаған төрт балам бар. Үлкен үш ұлым үйленген. Әйтеке би ауылында тұрады. Екі ұлым бірі 11 сыныпта, біреуі 3 сыныпта ауылда аға-жеңгелерінің қолында оқып жатыр. Мүгедек ұлым №7 мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын мектепте оқиды. Ұлым ДЦП. Бір аяқ, қолы жасамайды. Шамалы сөйлей алады. 9 жастағы жалғыз қызым бар. Оның ақыл-есі дұрыс дамымаған. Жолдасым ІІ топ мүгедегі. Өмір бойы жұмыс жасамаған. Жағдайымыз осындай. Үйге сыймағандықтан мектепте оқитын балаларымды ауылға қаңғытып жіберіп
    отырмын. Балаларым қасымда болғанын қалаймын. Кенже ұлым хабарласқан сайын сағынып жылаймын. Олардың да қалаға қайтқысы келіп, шақ жүр,- дейді ол.

    Қуықтай бөлмеде тұру мүмкін емес
    - Бұрын пәтер жалдап жүрдік. Жағдайымыз кетіп, пәтер төлеуге ақша таба алмай әкімшіліктен көмек сұрадық. Әкімшілік тарапынан бізге берілген бір бөлме 13,8 шаршы метр. Бұл үйде газ жоқ. Терезе жақтауларынан жел ызғып тұр. Қуықтай мұздай бөлмеде тұру мүмкін емес. Ішінде ешқандай жағдай жасалмаған. Бөлмені электр пешпен жылытып отырмыз. Пеш күні-түні қосулы тұрады,-дейді Салтанат Садуова.

    Бір үйде үш мүгедекті қарап отырған ана қаражаттан қысылып жүргенін айтады.
    - Қазір студент ұлымның оқуының ақшасын төлей алмай отырмын. Тек биылға 60 мың теңге төледім. Қалған ақшаны тауып бере алмай отырмын. Қаражат жағы да жетпейді. Әкімшіліктен тағы көмек сұраймын. Маған берген бір бөлмені қайтарып алып, ең болмағанда екі бөлме берсе деймін. Балаларымды қаңғытпай қолымда ұстағым келеді,-дейді Салтанат Садуова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде үш балалы келіншекті күйеуі үйінен қуып шықты
  • Сапарбаев берген пәтердің жайы белгісіз
  • Басты қайғы - баспана
  • Алтын алқалы ана уақытша баспана сұрайды
  • Екі мүгедек баласы бар отбасы көмек сұрайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге