Ақтөбеде жарықтың бағасы өседі

    Ақтөбеде жарықтың бағасы өседі

    Жаңа жылдан бастап Ақтөбеде жарықтың бағасы 29 пайызға өседі. Енді ақтөбеліктер пайдаланған жарықтың 1 киловаты үшін 17,17 теңге төлейтін болады.

    Қазір ақтөбеліктер жарықтың бір киловаты үшін 13,32 теңге төлейді. Бірақ бұл тариф жаңа жылдан кейін 29 пайызға өспек. Электр энергиясын тұтыну тарифін көтеру туралы қоғамдық тыңдауға келгендер қарсылық білдірді. Қоғамдық маңызды нарық субъектісі болып табылатын "Ақтөбеэнергоснаб" ЖШС Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу Департаментіне электрді тұтыну бағасын өсіретінін мәлімдеген. "Электроснаб" ЖШС директорының орынбасары Асыл Сәкенованың айтуынша, енді тұрғындар үшін, қосылған құн салығын (НДС) есептемегенде, электр энергиясының 1 кВт-ы 17,17 теңге болады деп есептелген. Ол қолданыстағы тарифке – 13,32 теңгеге қатысты алғанда 29%-ды көрсетіп отыр. Бағаның көтерілуіне себеп "Жаңажол ГТЭС" ЖШС, "Ақтөбе рельс-арқалығы зауыты" ЖШС-лар жеткізетін электр энергиясының қымбаттауымен байланысты екен. Сонымен бірге баға өсімі "KEGOC" АҚ-ның электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңдестіру, техникалық диспетчерлеу және басқаға жеткізу секілді реттеу қызметтері тарифінің өсуімен түсіндірілді. Оның айтуынша, кешкі мерзімнен бастап өңірге Ақтөбенің өзіндегі электр энергиясы жетіспейді екен. Осы кезде жетіспейтін электр энергиясы Солтүстік Қазақстаннан алынатын болып шықты. Егер қазақстандық электр жүйелерінде жөндеу жұмыстары жасалатын болса, Ресейдің "Интер РАО" компаниясының қызметіне жүгінілетін көрінеді.

    Алайда қоғамдық тыңдауға келгендер баяндамашының сөзіне келіспей, оны сұрақтың астына алды. Олар Асыл Сәкеноваға электр энергиясын жеткізу туралы келісімшартқа отырған мекеме үстінен шағымдану ұсынылды: "Кез келген құқықтық мемлекетте келісімшартқа отырғаннан кейін сіздің құқықтарыңызды бұзған тараптың үстінен сотқа арыз беруге болады. Ол сіздерді шығынға батырды ғой, онда сот қызметіне жариялы түрде жүгініңіз. Өз шығындарыңызды тұрғындардың мойнына ілмеңіз", - деді тыңдаушы. "Сіздердің араларыңызда болған баға өзгерісінің шығынын неліктен тұрғындар төлеуі тиіс?" деп сұрақ қойған бір кәсіпкер де өзінің шығынын өзі төлейтінін, оған халықтың еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде коммуналдық қызметтің бағасы өседі
  • Жылу қымбаттайды
  • Ақтөбе жылу электр орталығы тарифті он бір пайызға көтереді
  • Ақтөбеде жылу қымбаттайды
  • Ақтөбеде электр энергиясы арзандайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге