Ақтөбеде жастар арасындағы қылмыс өскен

    Ақтөбеде жастар арасындағы қылмыс өскен
    Ақтөбеде жастар арасындағы қылмыс саны артқан. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өткізген жиында белгілі болды.

    Ақтөбе облысында 222 мың жас бар. Оның 51 мыңы жоғарғы және арнаулы білім орталарында білім алады. Облыста 69 жас-тар ісі жөніндегі комитет жұмыс жасайды. Жастарды жұмыспен қамту, жастарға арналған спорттың түрлері, ірі кәсіпорындардағы жастардың жұмысқа орналасуы жөнінде сөз болды. Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен Жастар істері жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысына облыс басшылығы, басқарма басшылары, жастар ұйымдары, жоғары оқу орындарының ректорлары қатысады.
    - Жастардан күтетініміз көп. Жастарда идея, ұсыныс көп болу керек. Республика бойынша жас-тар бірінші орында болу керек. Салынып жатқан ғимараттар бос тұрмай, таңның атысы, күннің батысы жұмыс істеу керек. Мереке күндері қайда баратындарымызды білмейміз дейді жастар. Жастар сосын түнгі клубтарға барады. Ол жерде бір-бірімен төбелесу басталады. Ақшасын бекерге араққа, түнгі клубқа жұмсағанша, өзінің денсаулығына, ой-өрісін дамытуға жұмсаса жаман болмас еді,-дейді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
    Облыс әкімінің айтуынша, жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың көбеюіне ата-аналары кінәлі.
    - Қандай түнгі клубтарда, қандай мейрамханаларда төбелес болатынын анықтау керек. Жастардан жасақ дайындап, жергілікті полицейлер арқылы сол жерлерге рейд жүргізу керек. Жастар түнгі клубтан сағат 3-4-те шығып алып, төбелесіп жатады. Қыздар бір-бірімен төбелеседі. Тіпті, қыздар жігіттерді сабайтын болған. Көбіне колледж студенттері осындай жерлерде жүреді. Олардың ауылдағы ата-аналары балам оқып жатыр деп, жәрдемақысынан, зейнетақысынан жырып жіберіп отырады. Ал, балалары қалада білгендерін істеп жүреді,- деді әкім.
    Өңір басшысы жастарға байланысты жасалып жұмыстардың нәтижелі болғанын қадағалайтынын айтты.
    - Әрбір өткізіліп жатырған іс-шараны мен нәтижемен бағалаймын. Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шарасы бойынша қылмыс 28 пайызға азайды. Ал, жастардың арасындағы қылмыс 43 пайызға көбейген. Үш адам өлімі бар. Зорлық жасау 16 пайыздан 23,8 пайызға өскен. Бақылау жоқ. Тәртіп жоқ. Жауапкершілік жоқ,- деді ол.
    Облыс әкімі төбелескендерді 15 күнге қамауға отырғызу керек деді.
    - Төбелескендердің ата-анасын анықтап, олардың аты-жөнін баспасөз беттеріне жазып, жария қылу керек. Сол кезде тәртіп болады. Ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі болу керек,-дейді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде “Жастар үйі” пайдалануға берілді
  • Облыс әкімі уәдесінде тұрды
  • Жастар жұмыспен қамтылады
  • Ақтөбе халқының 30 пайызын жастар құрайды
  • Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс көбейген
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге