Көпбалалы ана көмекке зәру

    Көпбалалы ана көмекке зәру

    Кенжесі бірге де толмаған 7 баланың анасына көмек керек. Күйеуінен кетіп қалған әйел бөлме жалдап, балаларға берілетін жәрдемақымен күн көріп жүр.

    Көпбалалы отбасы қазір шағын үйдің 2 кішкене бөлмесін жалдап отыр. Ол жерге жаңа жыл қарсаңында еріктілер тобы орналастырған. Ел мерекеге дайындалып, жұрт сыйлық пен дастарханға қояр тәттілер іздеп жүргенде, Тұрсынай мен оның 7 баласына аязда далада қалу қаупі төнген еді. Тамақтары мен қаражаты да жоқ болатын. Әйел шарасыздықтан қайырымды ақтөбеліктерге хабарласыпты. Дәл сол уақытта ол күйеуімен ажырасып, жалдамалы пәтерге төлер ақшасы болмапты. Сондықтан еріктілер келіп, жылы жай тауып бергенше, суық дәлізде балаларымен құшақтасқан түрде бұйығып отырыпты.

    Шын жүрекпен берілген жәрдем
    Баспана іздеу бастамасын көтеріп, жанұяға жолбастаушы болған Ақзада есімді ерікті қыздың өзі қайғы мен жан шыдамас аурудың не екенін жақсы біледі екен.
    - Мен өз балама көмектесе алмай, одан айрылып қалдым. Енді мүмкіндігіне қарай басқа балаларға көмектескім келеді, - дейді ол.
    Тұрсынай мен балаларына бас-пана тауып берген ол өзіндей ерікті қыз Екатеринамен бірге баспана ақысы мен тамаққа ақша жинауды ұйымдастырған. Бұдан әрі әйелдің ажырасқан күйеуіне жауапкершілік жүктеуден үміттенеді.
    - Ол балаларды қамтамасыз етуде жәрдем беруге міндетті, - дейді Ақзада. – Өзінің балалары ғой! Тұрсынайдың алимент алуына көмектесемін.

    Жүрген күйінде кетіп қалған
    Көпбалалы ана күйеуімен өткен өмірін жыламай айта алмайды. Ішімдік ішкенін, оған қол жұмсағанын айтып берді. Бұдан әрі төзбеген Тұрсынай ажырасуға арыз беріп, 7-баласына жүкті күйінде үйінен кетіп қалған. Ештеме алмастан, жүрген күйінде шығып кетіпті. Көрпе, ыдыс-аяқ, тамақ пісіруге арналған пеш, сәбидің керек-жарағын босанғаннан кейін берілетін жәрдемақыға сатып алыпты.
    Бастапқыда пәтерақы төлеуге анасы көмектесіпті. Қарт әйелдің өзі де ерекше табыс таппайды екен. Зейнетақысын да әлі рәсімдемеген. Өзі Алматыда баласының қолында тұрады екен. Жақында Пердегүл апа Ақтөбеге қызының қасына келіпті. Егер әжей балаларға қараса, Тұрсынайдың жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Алайда қайда тұрарын әзірге білмейді...

    Ақша жетпейді
    Оның қазіргі табысы – көпбалалы отбасыға берілетін 15 мың теңге жәрдемақы мен 1 жасқа толғанға дейін берілетін 22 мың теңге төлемақы. 7 бала мен олардың анасы үшін бұл түк те емес. Тұрсынайдың сәбиі Мейрамбек 7 айлық. Одан басқа 3 жасар Гүлсезім, 5 жастағы Аян, 6 жасар Мәдина, 9 жастағы Жансұлу, 11-дегі Аяжан және ең үлкені 13 жастағы Айгүл есімді балалалары бар.

    Еріктілердің арқасында көпбалалы ана жаңа жылды балаларымен бірге мерекелік дастархан басында қарсы алыпты.
    Алайда жаңа жылда бұл отбасы ескі қиыншылықтарымен қалыпты. Әйел тұрақты баспанасының жоғына уайымдайды. Қазір тұрып жатқан үйінің ақысын еріктілер өздері секілді қайырымды адамдардан жинаған қаражатпен төлеп отыр. Ай сайынғы ақысы – 20 мың теңге. Тұрсынай үнемі бұлай бола бермейтінін жақсы түсінеді. Кез келген күні мұндай ақша табылмай қалуы ғажап емес. Сол кезде ол 7 баласымен далада қалуға мәжбүр болады...

    Отбасыға көмек керек
    Әйел тұрғын үй кезегіне тіркелген. Қазір 214-ші болып тұр екен. Алайда үй алу кезегі қашан келетініні белгісіз. Сонымен бірге оларға тамақ керек, себебі жәрдемақы мөлшері соншама жанды асырауға жетпейді.
    Мейрамбекке заманауи “үштік” жөргек керек. Оның үстіне Тұрсынайдың кір жуып, кептіретін жері де жоқ екен. Оған ең қарапайым кір жуу машинасы мен кептіргіш керек, өйткені автомат кір жуу машинасын қосу мүмкіндігі жоқ. Қажетті нәрселердің барлығы дерлік далада орналасқан. Жиһаз жоқ. Балалар жерге көрпе жайып ұйықтайды. 4 оқушы бала үй тапсырмаларын жатып орындайды. Олардың киім ілер шкафы да жоқ.
    "Кереует" тек сәбиде ғана бар, ол – Пердегүл апа алып келген бесік.
    - Бұл бесікке 43 жыл болды, - дейді әжей күліп. – Бұған ең үлкен балам да жатқан.
    Өмірлеріндегі қиындықтарға қарамастан, Тұрсынай күліп қарауды жоғалтпапты. Болашаққа деген жоспары да жоқ емес. 4 баласын 1 жерге – жаңадан ашылған №68 орта мектепке бергісі келеді. Сол кезде олар мектепке жаяу бара алады екен. Қазіргі жағдайында жолақысын үнемдеу де тиімді. Өз меншігіндегі үйі болуын, балаларының жадырап жүруін армандайды. Жай ғана тыныш өмір сүруін аңсайды...
    Егер бұл отбасыға көмектескіңіз келсе, нөмірлерді редакциядан алуға болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көпбалалы аналар көмек сұрайды
  • Ақтөбелік әйелдер отбасылық азаптарын айтты
  • Ақтөбе су тасқынынан зардап шеккен көпбалалы әйел асылып өлген
  • 5 баланың анасы далада қалуы мүмкін
  • Көпбалалы аналар марапатталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге