Ақтөбеде орамал дауы қайта ушықты

    Ақтөбеде орамал дауы қайта ушықты

    Ақтөбеде орамал таққан оқушы қыздарды сабаққа кіргізбей жатыр. Ата-аналар діни ұстанымдарына байланысты бірыңғай мектеп формасын сақтаудан үзілді-кесілді бас тартып отыр. Ал облыстың бас ұстазы бұл талапқа бағынбағандардың жазаланатындығын айтады.

    Өңірде орамал тағуға қатысты дау басылар емес. Бұған дейін теологтар мен мұғалімдер ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Сөйтіп, орамалға қатысты екі жақ бір шешімге келгендей болған еді. Алайда үшінші тоқсан басталысымен, бұл мәселе қайтадан көтерілді. Діндар ата-аналардың кейбірі бәлиғатқа жеткен қыздарының басынан орамалын шешуге әлі де қарсылық танытып отыр.
    -Екі балам № 23 мектепке барады. 7 жастағы қызым қыркүйекте сабаққа орамалмен барған. Бірақ бәлиғат жасына жетпегендіктен, оның орамалын шешіп тастадық. Ал 6 сыныпта оқитын қызым қазір мектепке орамалмен барып жүр. Қыз баласы 9 жаста бәлиғат жасына толады. Мұсылман болғандықтан, шариғат заңын ұстаймыз. Бала бәлиғат жасына жетсе, басына орамал тағып, әуретті жерлерін жабуы қажет.Мен баламның басынан орамалын шешпеймін. Ол жақсы оқиды, тәрбиелі. Соған қарамастан, 8 -қаңтардан бас-тап орамал таққан оқушыларды сабаққа кіргізбей жатыр.Олар оқу бағдарламасынан қалып қояды. Бұл мәселеде нақты шешім жоқ. Балаларымыздың құқығы бұзылып жатыр. Конституция, заң тұрғысынан қарама-қайшылық бар. Нақты бұйрық болса, кірмейді деп айтар еді. Директорлар дөрекілік жасап отыр,-дейді Гүлжанар Сәбенова.
    Орамал мәселесімен облыс әкімдігіне келгендер қалалық мешіттің әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында оқиды. Наразы топ облыс әкімінен көмек сұрады. Олар екі жылдан бері шешімін таппай келе жатқан даулы мәселені Бердібек Сапарбаевтың біржақты еткенін қалайды.
    - Барлық дау кішкентай ғана біржапырақ орамалдан шығып жатыр. Онсыз да жетпіс жыл бойы атеист болдық қой. Оның кімге ауырлық түсіріп жатқанын білмедім. Өзімде қыз жоқ. Ылғи ер балалар. Алайда болашақ әулетім үшін жаным күйіп, келіп тұрмын, -дейді Әлия Мырзамұратова.
    Мектеп тәртібіне бағынбай отырған діндар аналарды облыстық білім басқармасының басшысы қабылдады. Ләззат Оразбаеваның айтуынша, Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы орындалуы керек. Ал бұл талапқа бағынбай, мектеп формасын сақтамаған оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылып жатыр.
    - 2016 жылдың қаңтарында Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы шықты. Оны мектеп басшылығы да, мұғалім де, ата-ана да орындауға міндетті. Ата-ана өз міндетін орындамай, баланың мектепке келуін қамтамасыз етпесе, жауапқа тартылады. Өйткені оқушының сабаққа қатысуына ата-ана тікелей жауапты. Пікір қалыптасқан. Бала мектепке келмесе, онда оған мектеп басшылығы, мұғалім жауапты дейді. Бұл дұрыс емес. Егер бала орамалға қатысты мектепке келмейтін болса, ата-ана оған жауап береді. Өйткені бұйрық бар. Оны бұзуға еш құқығымыз жоқ. Қолымда нақты саны жоқ. Бірақ мектеп формасын сақтамағаны үшін айыппұл салынған ата-аналар бар,-дейді облыстың бас ұстазы.

    Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов қыз балаларға орамалдан бұрын білім алудың парыз екенін айтады.
    -Ата-аналар орамалды мүлдем шешіп жатыр деп түсінеді. Олар мектеп қабырғасында ғана шешсін. Ал қалған уақытта оның діни сеніміне, көзқарасына ешкім араласпайды. Мектепте бала өзге оқушылармен бірдей, барлық талапты сақтау керек. Бұйрық бар. Зайырлы қоғамда заңдардың орындалуы бірінші кезекте тұрады, -дейді ол.

    Дегенмен орамалға қатысты мұғалім мен ата-ана арасында дауға әлі соңғы нүкте қойылмаған сыңайлы. Қарсылық білдірушілер ортақ мәмілеге келмегендерін айтады. Олар бәлиғат жасына жеткен қыздарының басындағы орамалдарын шешпейтінін айтып, бұл мәселені біржақты етуді сұрайды. Қазір облыста 338 оқушы мектепке орамалмен барып жүр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде шашсыз қалған оқушылар мектепке орамалсыз баратын болды
  • Ақтөбелік оқушылар орамалдарын шеше бастады
  • Ақтөбеде орамал таққан оқушыны сабаққа кіргізбей қойды
  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Орамал таққаны үшін жұмысқа алынбады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге