Ақтөбенің сасық ауасы тазарады

    Ақтөбенің сасық ауасы тазарады

    Ақтөбеліктер биыл жазда жағымсыз иістен арылады. Облыстың бас экологы Жақсығали Иманқұлов осылай деп уәде беріп отыр.

    Ақтөбенің экологиялық ахуалы көңіл көншітпейді. Жаз басталысымен жағымсыз иістен арылмайтын ақтөбеліктер бұған дейін билікке бірнеше мәрте жанайқайларын жеткізген болатын. Айтуларынша, қолқаны қабатын сасық иістен олардың қан қысымы көтеріліп, аллергияға шалдыққан. Биыл экологтар бұл мәселенің шешімін тапқан сыңайлы. Арнайы жоспар құрып, ағынды суларға бактерияларға бактерия қосуды ұсынып отыр.
    -Былтыр атмосфералық ауаны ластауға қатысты 144 дерек тіркелді. 2016-2017 жылдары жағымсыз иістің көзін анықтау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу кезінде жағымсыз иістің шығатын жерлері анықталды. Олар-кәріз сорғылау бекеттері, тұрмыстық-өнеркәсіптік ағынды сулар менкәріз құдықтары. Жағымсыз иістің шығуына спирт өндірісінен қалған қалдықтардың да үлесі бар. Ақтөбе қалалық әкімдігі мен “Ақбұлақ” АҚ жұмысқа кірісті.Иістен тазарту жұмыстары жүріп жатыр,-дейді Ақтөбе облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов.
    Ақтөбеде қазір лас сулар жинайтын 53 кәріз сорғылау стансасы бар. Оған бүгінде 5-мыңға жуық кәсіпорын қалдық суын құйып отыр. Оның 400-ге жуығы-өнеркәсіп орындары.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбенің сасық иісін жою үшін 300 млн теңге бөлінді
  • Сасық иістен шаршаған ақтөбеліктер шу шығарды
  • Ақтөбе сасық иіспен күресе бастады
  • Ақтөбедегі жағымсыз иістің үш себебі
  • Күлімсі иіс жұртты зәрезап қылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге