Ақтөбеде мектеп алдында намаз оқығандар жазаланады

    Ақтөбеде №56 мектептің алдында қара жамылып, намаз оқығандарға айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы “Ақтөбе ақпарат” орталығында өткен баспасөз конференциясында облыстық жергілікті полиция бастығы айтты.

    Қаныбек Жақсығалиевтің сөзінше, қоғамдық тәртіпті бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
    -Орамал мәселесін қадағалау ішкі істер органдарының құзіретіне кірмейді. Бұл мәселеге біздің еш қатысымыз жоқ. Білім министрлігінің бұйрығы бойынша орамал мәселесі қозғалып жатыр. Қалада, Қандыағашта, Темір ауданында осы мәселе көтеріліп жатыр. Орамалға қатысты мектеп басшылығы мен теологтар жұмыс жүргізіп жатыр. Мектеп инспекторлары тек қоғамдық тәртіптің бұзылмауын ғана бақылайды. Ал мектеп алдында намаз оқу дерегіне қатысты тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Менің ойымша, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады,-деді Қаныбек Жақсығалиев.

    Айта кетелік, қар үстінде бүркеніп, намаз оқығандардың суреті 9 қаңтар күні әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен. Білім ордасында оқушылардың мектеп формасын сақтауына қатысты жиын өткен. Астаналық депутат Бақытбек Смағұлға шағымдарын жеткізген ата-аналар өз наразылықтарын осылай білдірген еді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде орамал дауы қайта ушықты
  • Ақтөбелік оқушылар орамалдарын шеше бастады
  • Ақтөбеде 300 адам заңсыз пәтер жалдаған
  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Намаз оқитын оқушылар есепке алына ма?
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге