Ақтөбеде ит пен мысықтан жұғатын аурулар көбейген

    Ақтөбелік Валерий Белоглазов күшігінің жазықсыз атылғанына наразы. Тіпті ветеринарлық станцияны сотқа да беріпті. Бірақ, өзінің есептеуінше жазықсыз кеткен күшігінің өлімін ақтап ала алмапты.

    2017 жылдың көктемінен бері күшігінің атылуына байланыс-ты соттасып жүрген Валерий Белоглазовтың шағымы бо-йынша қозғалған іс жабылды. Қалалық сот "оның шағымы негізсіз, ал ветеринарлық станция қызметкерлерінің жұмысы заңды" деген шешім шығарыпты. Валерий сот шешімімен келіспейді, бірақ не істейтінін де білмейді. Жәбірленушінің айтуы бойынша, қаладан келген ол үйіне кіргенде, дәлізге қамап кеткен күшігі далаға шығып кетеді. Асқазаны мазалаған Валерий сүтін 2-3 ұрттап үлгергенше, байлаулы иттері шәуілдеп қоя беріпті. Далаға шыққанда, есік алдында бұралып жатқан күшігін көреді. Ит атушылар оны дәрімен атқанын, енді жан тапсыратынын айтып, шарбақтан алып шығуын сұрапты. Күшікті өз қолымен апарып берген Валерий наразылық білдіріп, қайтадан үйіне бұрылады.
    - Қарсы тұратын көршім әлі жаны шықпаған күшікті станция қызметкері басын бұрап өлтіргенін айтты. Мен өзім көрмедім. Мұнысы қатыгездік қой. Менің түсінігімше, ит қауып, адамнан шағым түскенде ғана атылу керек сияқты. Оның еш жазығы жоқ еді. Прокуратураға барып сұрағанымда, "шарбақтың есігін ашып, аулада жүрген итті ату қылмыстық іске жатады" деп жа-уап берді, - дейді шағымданушы.
    Бұдан соң осы іс бойынша бірнеше ай қуынған оған осындай шешім шығарылыпты. Сұрағанымызда, шағымданушы бұған дейін өзге иттерін ветеринариялық станцияға тіркетпеген екен. Осы оқиғадан соң ғана тіркетіп, тиісті екпелерін ала бастапты. Валерий әділдік іздеп барған кісілерінің көпшілігіне наразы.
    - Байқағаным – менімен көбі дұрыс сөйлескісі келмейді. Да-уыс ырғақтарынан, түрлерінен байқаймын. Бәрі де "Ит емес, адамдар өліп жатқанда, күшігін жоқтайды ғой" дегендей сыңай байқатады, - дейді ол.
    Шағымданушы өзі айыптап отырған тараптан 17 000 теңгедей талап еткенін айтты.

    Ит, мысық асырағыңыз келсе, алдымен ережелерін біліңіз
    Адамдардың көпшілігі біраз мәселенің ереже-талабына мән бермегендіктен опық жесе, кейбірі әділет орындарына негізсіз арыз-шағымдар түсіріп жатады. Өзінің де, өзгенің де уақытын алып, жүйкесін тоздырмау үшін мәселеге қатысты мамандардан алдын ала кеңес алып, талаптармен танысқан жөн. Мамандар үйде ұсталатын ит, мысықты жүйелі түрде тексертіп, жуындырғанмен, иелерінің, әсіресе, балалардың гигиеналық ережелерді қатаң сақтауын ескертеді. Балалардың өзі жеп отырған тәттісін үй жануарына жалатып, оны қайтадан өзі жеуі – жиі болатын жағдай. Бұған мүлдем жол бермеу керек. Қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу үшін заңды түрде тіркелген үй жануарларына екпе егілсе, көшеде иесіз жүрген ит-мысықтарды ату жұмыстары жүргізіледі.
    - Иелері үй жануарларын далаға шығарғанда қасында жүруі тиіс, олай болмаса, ондай ит-мысықтар қаңғыға саналып, атылады. Өкінішке орай, халықтың көпшілігі үйінде жануар асыраудың ереже-талаптарын орындай бермейді. Сосын біздің үстімізден шағым түсіреді. Егер көшеде иесіз жүрген жануардың мойнында қарғысы, тағы басқа да нәрсесі болса, қызметкерлер оларды белгілі бір уақытқа дейін ұстайды. Иесі табылмаса, амал жоқ, өлтіріледі. Өйткені бізде ондайларды иесі табылғанша, ұзақ уақыт бағатын арнайы орын жоқ. Атылған ит-мысықтар Қызылжардағы арнайы орында өртеледі. Жұмыстың белгіленген мерзімі жоқ, жыл бойы үздіксіз жүргізіледі. Бізде 8 адамнан тұратын 5 топ жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысына территория белгіленіп берілген, - дейді қалалық ветеринарлық станцияның директоры Тилепжан Ибрагимов. Сонымен қатар ол егер иелері осы станцияға барып, жануарларын ресми тіркетсе, түрлі ауруларға қарсы жүйелі түрде жүргізілетін екпе қызметі тегін жасалатынын және қызметкерлер тіркелген мекенжайларды аралап жүріп егетінін жеткізді.
    - Қауіпті аурулар иттің, мысықтың, үй жануарларының, түз тағыларының тістеуінен, тырнауынан, сілекейінен жұғады. Олардың ішіндегі ең қауіптісі – құтырма вирусы. Ол адам ағзасында 10 күннен 1 жылға дейін белгі бермей жүруі мүмкін, - дейді Ақтөбе облыстық ветеринариялық басқармасының бас маманы Күлсара Килибаева. – Бұл ауруды тарататын – көбіне иттің тістеуі. Сонымен бірге ауру жануардың сілекейі терінің жараланған жеріне тисе, ауыз, көздің шырышты қабығына түссе де вирус жұқтыруға болады. Әсіресе, ит дененің жоғарғы бөлігінен – бет, бас, мойын және қол-иықтан тістесе аса қауіпті: ауру тез асқынады. Ал тістелген жер бастан алыс болған сайын аурудың белгілері де кеш байқалады, сондықтан ауру белгілері тез байқалмаса, қауіп жоқ деп ойлау дұрыс емес, міндетті түрде тексерілу керек. Инфекция ми жасушаларын бүлдіреді. Алдымен дене температурасы күрт көтеріліп, бас ауырады, содан кейін осы ауруға тән белгілер пайда болады: науқас суды, жарықты жақтырмайды, қалшылдап, сілекейі шамадан тыс көп бөлінеді. Ақыры ажалмен аяқталады. Құтырма – емі жоқ ауру. Оның алдын алу үшін екпе жасалады. Өкінішке орай, Ойыл ауданында құтырма ауруынан бір адам қайтыс болды, - дейді маман.
    Үй жануарларына қатысты екпе, тағы да басқа жұмыстар учаскелік инспекторлармен тығыз байланыс-ты түрде жүргізіледі.
    Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің карантиндер мен аса қауіпті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мұрат Муафихов ит пен мысықтан көптеген инфекциялық (құтырма, лептоспироз, бруцеллез, туберкулез, т.б.) және паразиттік аурулар (эхинококкоз, дерматомикоз, гельминттік аурулар, токсоплазмоз, хламидиоз, т.б.) жұғатынын мәлімдеді.
    - Өкінішке орай, тұрғындар сақтық шараларын сақтамайды. Тіпті, үй жануарларын жуындырып, уақытында екпе салдырғанмен, "олардан енді мүлдем қауіп жоқ" деп санауға болмайды. Міндетті түрде дистанция ұстау керек. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында қаңғыбас ит, мысықтарға жақындауға, ұстауға, сипалауға, құшақтауға және тас лақтырып ызаландыруға болмайды. Егер тұрғындар үй жануарын асырағысы келсе, оларды тек арнайы мекемелерден ветеринарлық құжаты болған жағдайда алған дұрыс. Бізде көп жағдайда, иттерді серуендету ережесі сақталмайды. Жыл
    сайын оларды тіркеуге алып, құтырмаға және басқа да инфекциялық, паразитарлық ауруларға қарсы егу керек. Итті байлаудан тек кешкі мезгілде жабық аула ішінде босату керек. Көшеге тек қысқа мойын жіппен байланған түрде және тұмылдырық кигізіп шығару қажет. Ветеринарлық куәландырылмаған үй жануарлары мен ауылшаруашылығы малдарын өздігінен союға, жоюға болмайды. Үй жануарының мінезінен өзгеріс (агрессия, құтыру) байқалса, оның ауырғаны жөнінде жедел түрде ветеринарлық мекемеге хабарлаған жөн. Әрбір адам өз денсаулығына мұқият болуы қажет. Иесі белгісіз жануардың сілекейінен, тырнап-тістеуінен сақ болған жөн. Мұндай жағдай бола қалса, антирабиялық көмек алу үшін жедел медициналық жәрдемге жүгіну керек, - дейді Мұрат Муафихов.
    Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы облыс тұрғындарының Ақтөбе облыстық мәслихаты қабылдаған Қағиданы қатаң сақтау керектігін ескертеді. Ақтөбе облысындағы емдеу-профилактикалық мекемелеріне жануарлардан зардап шеккендер көбінесе көктем және жаз маусымдарында жүгінеді екен. Егер, мысығыңыз немесе итіңіз тістеп алса, ол жерді кез келген сабынмен 20 минуттай жуып, дереу дәрігерге барыңыз. "Сақтансаң, сақтаймын" дегенді ұмытпаңыз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Құтырмадан бір адам қайтыс болды
  • Ақтөбеде құтырма ауруынан 1 адам қайтыс болды
  • Сары аурудан сақтан!
  • Ақтөбеде қаңғыбас иттерді аулау басталды
  • Биыл 11 мыңнан аса иттің көзі жойылған
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге