Ақтөбеде өртенген автобустың жүргізушілері қамалды

    Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 52 адам ажал құшқан автобус жүргізушілері қамауға алынды. Олар енді сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталғанша, екі ай абақтыда отырады.

    Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғындары Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков пен Барат Таңатов бұған дейін ауруханада жатқан. Жүргізушілер 24 қаңтар күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал екі күннен соң сот оларды күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. №2 Ақтөбе қалалық сотына алғашқы болып оқиға болған күні автобусты басқарған Нұржан Қырғызбаев жеткізілді.
    -Тергеу барысында автобустың жанып кетуіне жүргізушілердің автокөлік құралдарын пайдалану қағидаларын, яғни автобус салонында дәнекерлейтін лампаны пайдалану салдарынан өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғандығы себеп болғандығы анықталды. Соның салдарынан 52 Өзбекстан азаматы қайтыс болды. Қырғызбаевқа ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырған жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) күдік келтірілуде, -деді прокурор Усман Орынбасарұлы.
    Прокурордың сөзінше, жүргізушілер бостандықта жүрсе, қылмыстық істің объективті тергелуіне кедергі келтіруі және сот тергеуінен жасырынуы мүмкін. Сол себепті ол тергеу судьясы Әлима Әділовалы жүргізушіні қамауға алу туралы өтінішхатты қанағаттандыруды сұрады. 50 жастағы Нұржан Қырғызбаев болған оқиғаға қатысы барын жоққа шығармады.
    -Қылмысқа қатыстыданғымды дауламаймын. Осы уақытқа дейін тергеуге көмектесіп келдім. Мені кепілмен бостандықта қалдыруыңызды сұраймын,-деді ол.
    Адвокаты Аман Юусупов айыпталушының жергілікті әкімдік тарапынан жақсы мінездемесі барын, оның өз іс-әрекетінің заңсыз болғанын түсінетіндігін айтты. Оны кепілмен босатуды ұсынды. Алайда кепілге қоятын мүлкінің құжаттары Ақтөбеге жеткізілмеген. Оны інісі алып келе жатқанын айтып, бостандықта қалдыруды сұрады.

    Жүргізушінің туыстары: Менің інім кінәлі емес
    Ақтөбеге жантүршігерлік жол апатына күдікті ретінде ұсталған Мақсат Пернебековтің туыстары да келген. Олар сол сұмдық оқиғадан бері інілерін бір көріп, тілдесуге зар болып жүр.
    -Інімді кінәлі деп санамаймын. Өйткені ол бала –шағасын асыраймын, нан табамын деп осындай жағдайға душар болып отыр. Бұл –Алланың ісі. Інім апат болатынын білген жоқ қой. Осы оқиғадан кейін анасының қан қысымы көтеріліп кетті. Жедел жәрдем қасында тұрды. Інім бұл жерде айыпталушы емес, өзі де жәбірленуші болып отыр. Тозақ отынан ол да шықты ғой. Өрттен беті, оң қолы күйіп қалған дейді. Бірақ оны әлі көрген жоқпыз. Ауруханаға барғанмен, мені кіргізбеді, -дейді апасы Нұршат Пернебекова.
    Туыстарының сөзінше, автобус Өзбекстан азаматына тиесілі. Ал Мақсат жалдамалы жұмысшы ретінде қызмет жасаған. Әр рейс үшін ол 60 мың теңге алып отырыпты.
    33 жастағы Мақсат Пернебеков те өзіне тағылған айыппен келіспейді.
    -Мен өзіме келтірілген күдікпен келіспеймін. Өйткені оқиға болған кезде мен ұйықтап жатқан едім. Үш балам бар. Үлкені 9, кішісі 3 жаста. Кепілмен босатуыңызды сұраймын,-деді ол.

    7 баланың әкесі: “Мені қамасаңыздар, балаларым аш қалады”
    Cот санкциясымен қамауға алынған үшінші адам- Барат Таңатов. Сотта 7 баланың әкесі өзінің сұмдық жол апатына қатысы барын мойындаған жоқ.
    - Қарсымын. Бұл қылмысқа қатысым жоқ. Мен от жанған кезде далада жүрген едім. Жолаушы болып келе жатқанмын. Соттан жіберуін сұраймын. Өйткені бала-шағамды менен басқа асырайтын ешкім жоқ. 7 балам бар. Оның бесеуі кәмелет жасына толмаған. Екі қызым ақылы оқуда оқиды. Мен қамауда болсам, олар аштан қалады. Әйелім де, мен де еш жерде жұмыс істемейміз. Екеуміз де оқыған жоқпыз. Өзім ауылда ұсақ-түйек жұмыс істеп, ақша тауып жүрдім,-дейді Барат Таңатов.

    Адвокат Әмір Жұмақанов соттан оны кепілмен босатуды сұрады. Барат Таңатов бостандыққа шыққан жағдайда, Ақтөбедегі туыстарының үйінде тұрмақ.
    Судья Әлима Адилова тергеу жұмыстары аяқталғанша күдіктілерді 2 айға абақтыға қамау туралы шешім шығарды. Олар 24 наурызға дейін қамауда отырады. Күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасын санкциялау кезінде күдіктілердің Ақтөбеде тұратын тұрақты мекенжайы жоқтығы ескерілді. Айта кетелік, қылмыс орташа ауыр санатқа жатады. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Терроризмді насихаттаған ақтөбеліктер қамауға алынды
  • Қыз алып қашқан ақтөбеліктер сот залында қамауға алынды
  • Ақтөбеде 9 адамның өліміне себепкер болған жүргізуші тұтқындалды
  • Теракт үшін айыпталған полицейлердің туыстары наразылық акциясын ұйымдастырды
  • Ақтөбеде алғаш рет әйел адам “терроризмді насихаттағаны үшін” сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге