Ақтөбенің білімі қандай деңгейде?

    Ақтөбенің білімі қандай деңгейде?

    Ақтөбеде 2017-2019 жылдары аралығында 24 мектеп жабылып, 35 мектеп қайта жасақталуы қажет. Ал 31 мектепте жұмыс істейтін мамандарды қысқарту арқылы бюджет шығынын азайту көзделді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева алға мәжілісінде айтты. Білім басқармасының кеңейтілген алқа жиынына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Онда өңірлік ведомство бөлімшелері мен басқарма қарамағындағы ұйымдардың жұмыстары қорытындыланып, алдағы перспективалар анықталды.

    Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдар көбейді
    Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Уразбаеваның айтуынша, соңғы 3 жылда жеке меншік балабақшалардың саны үш еседен асқан. Яғни 2014 жылы олардың саны 27 болса, 2017 жылдың аяғында 97 бірлікті көрсетіпті.

    Шығындарды тиімді түрде реттеу үшін мектептер жабыла ма?
    Жүргізілген есеп бойынша 2017-19 жылдар аралығында 24 мектепті жабу, 33 мектепті қайта құру және 31 мектептің штатын қысқарту есебінен шығындарды азайту жоспарланған. 2017 жылы 20 мектепті жабу жоспары бөлшектей орындалып, облыс бойынша 7 мектеп жабылмаған. Әйтеке би ауданынан 2 мектеп, Темір ауданынан 1, Мәртөктен 1, Шалқар ауданынан 3 мектеп жабылмай қалыпты. Ал қайта құрылады деп жоспарға енгізілген 17 мектептің 15-і сол күйінде қалдырылған. Байғанин ауданынан – 3, Қарғалы ауданынан – 5, Мұғалжар ауданынан – 1, Хромтау ауданынан – 4 мектеп жұмысын бұрынғыша жалғастырып отыр.

    Ақтөбеде болашағы жоқ ауылдардың мектептерін жабу жұмысы жалғасып жатыр
    Ақтөбеде 2017-2019 жылдары аралығында 24 мектеп жабылып, 35 мектеп қайта жасақталуы қажет. Ал 31 мектепте жұмыс істейтін мамандарды қысқарту арқылы бюджет шығынын азайту көзделді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева алға мәжілісінде айтты.
    - Мектептерді жабу, қайта құру, қысқарту жұмысы толық атқарылған жоқ. Аудан әкімдерімен бірлесіп атқарылған жұмыс кезінде жабылуы тиіс 7 мектеп әлі жұмыс істеп тұр. Бұл мектептер Әйтеке би, Темір, Мәртөк, Шалқар аудандарында. Ал шығынды азайту мақсатында 263штаттық бірлік қысқартылып, 118 миллион теңге үнемделді, — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

    Оқушылар тамағы
    Облыста оқушыларды сапалы ыстық тамақпен қамту оң нәтиже көрсеткен. 130 мың оқушы ыстық тамақпен қамтылса, ол мектептердің 94%-ын көрсетеді екен. 2017 жылы ыстық тамақтың 1 балаға шаққандағы көрсеткіші 290 теңгені құрапты. Ал бұл қазіргі уақытта 334 теңгені көрсетіп, 15%-ға артқан. Мектеп оқушыларының ас мәзіріне сүт, бал, сүт өнімдері енгізіліпті.

    Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс
    Облыс бойынша мектептерде инклюзивтік білім беруге жағдай жасау көрсеткіштері 56,8%-ды құраған. Астана қаласындағы "Дара" жеке қорының қолдауымен облыста алғаш рет №3 орта мектепте көзі көрмейтін балаларға арнайы класс ашылған. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде тьютор-координатордың жұмыстары қолға алынған. Инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша ресурстық орталық, Мәртөк аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, қалалық №2 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес кабинеті ашылған.

    Кадр мәселелері әлі де бар
    Мамандар қажеттілігінің көрсеткіші жалпы жақсарғанмен, сұраныс пен ұсыныс сәйкес келмейтін мәселелер әлі де болса шешімін таппаған. Мысалы бастауыш пән мұғалімі, математика, физика, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі секілді мамандықтар тапшылығы өзектілігін жоймаған.

    Мектептердің компьютер, интернетпен жабдықталуы
    144 мектеп жылдамдығы өте аз желіге қосылған болса, 30 мектепте интернет мүлдем жоқ екен. Олар Ырғыз, Ойыл, Хромтау, Қобда, Мәртөк, Темір, Мұғалжар аудандарында орналасқан. Электронды оқытудың сапасын көтеру мақсатында мектептердегі интернеттің жылдамдығын арттыру үшін облыстық бюджеттен 172 миллион теңге бөлінген. Мектептердегі компьютерлердің 40%-ы ескірген. 1 компьютерге 17 оқушыдан келеді.

    Орын тапшылығы
    Басқарма басшысының есебі бойынша, облыста саманнан, ағаштан салынған мектептер де бар екен. 22 мектеп 3 ауысыммен оқиды. 3 апаттық жағдайда тұрған және 4 ескі мектеп мәселесін шешу жоспарға қойылыпты. 31 мектепке құрылыс жұмыстары жүргізілген. 2017 жылы 14 мектеп пайдалануға беріліпті.

    Жабдықтаудың жаңа жолы
    Басқарма басшысы Лондон көрмесіне барған сапарынан кейін мектептердің құрал-жабдықтарын заманауи үлгіге ауыстыру үшін барлық есепті қайта қарағысы келіп отырғанын жеткізді. Ол облыс әкімінен бұл мәселені мемлекет пен жеке меншіктер әріптестігі арқылы шешуге ықпал етуін сұрады.

    Жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар
    Облыс бойынша аталған балалар саны азайған. Қазір 1068. Жетім балаларды қолдауда кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып, 941 балаға әлеуметтік-патронаттық сүйемелдеу жұмыстары жасалып, шоттары 62 миллион теңге қаражатпен толықтырылыпты. Бағдарлама аясында 14 бала баспаналы болса, 14 бала құжаттарын әзірлеу үстінде екен. Соңғы 10 жылда жалпы саны 371 бала үймен қамтамасыз етілген. Алайда үй кезегінде 3303 жетім бала тұр екен. Кешенді бағдарламаны іске асыру барысында айтарлықтай кемшіліктер де жіберіліпті. Әйтеке би ауданында жетім балалардың есепшоттары толықтырылмаса, Қарғалы және Ырғыз аудандарында өте аз мөлшерде қаражат жиналған.

    Ақтөбеде физика, математика, бастауыш класс мұғалімі жетпейді
    Ақтөбе мектептеріне физика, математика, орыс тілі мен әдебиеті, бастауыш класс мұғалімі жетпейді. Қазір мектептерге 290 мұғалім қажет.
    Ақтөбеде педагогикалық колледж, университет болғанымен әлі де 290 маман жетіспейді. Баста-уыш класқа 30 мұғалім жетіспейді. Математиканың 55, физиканың 24, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 32, қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиетінің 20 мұғалімі керек. Бұл мектеп пен университеттің арасындағы байланыстың үзілгенінен туған олқылық.

    - Университетпен жұмыс істеу керек. Ауданда 2-3 кафедра филиалы болғаны дұрыс. Кеңес үкіметі кезіндегі білім саласын қайта қалпына келтіру керек. Оның ішінде, балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орны арасындағы байланыс жандануы тиіс. Сол кезде мұғалім тапшылығы мәселесі болмайды. Университет бар, ал маман жетіспейді. Анализ жасалып, жұмыс жүргізу шет қалған. Студенттердің арманы – Ақтөбе қаласында қалу. Бәріне Ақтөбе қаласында дайын тұрған жұмыс, үй жоқ. Ауылға да бару керек. Мәселен, Кеңқияққа дәрігер-гинеколог арнайы барған. Сол секілді маманды көбейту керек, — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Облыс әкімі білім саласын сынға алды
  • Ақтөбеде 1200 орындық мектеп ашылды
  • ҰБТ-да 94 оқушы “екі” алған
  • Ақтөбелік оқушылар жүлдемен оралды
  • Мақтаулы мектептер көрсеткіші нашар
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге