Қала әкімі не бітірді?

    Қала әкімі не бітірді?

    Ақтөбе алдағы уақытта қалай дамиды? Өткен жылы қала басшысы қандай жұмыстар атқарды? Облыстық филармонияда Ильяс Испановтың қала тұрғындарына есеп берді.

    Кездесуге облыс әкімінің орынбасары – Серік Төленбергенов, маслихат депутаттары, қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері, қалалық мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Қала әкімі Ильяс Испанов 2017 жылдың Ақтөбе әлеуметтік-экономикалық даму, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, жұмыспен қамту, желілік инженерлік қызметтерді дамыту қорытындылары бойынша, жол-көлік желісін дамыту, облыс орталығының және ауылдық округтердің елді мекендерді абаттандыру, ауыл шаруашылығы, құрылыс, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Ақылды Қазақстан» жобасын іске асыру мен қатар әлеуметтік сала 2018 жылға арналған міндеттерді белгіледі.
    Кездесу соңында қала тұрғындары өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.
    - Автобус пен әкімдік арасындағы тікелей тартыс қашан бітеді?! Қазақта мақал бар, «екі түйе бір-бірімен сүйкенсе, ортада шыбын өледі». Екі орта да біз халықпыз, біраз қиындық көріп отырмыз. Атап айтқанда мен қалалық Сазды аялдамасы жанында тұрамын. Мысалы мен Табысқа бару үшін 7 автобусқа «Нан комбинаты» аялдамасына барып мінемін. Ардагерлер ғимаратын бергеніңіз үшін рахмет, бірақ сол ғимаратқа аялдамаларды жақынырақ орналастырсаңыз екен. Осы туралы ескерсеңдер жақсы болатын еді. Автобустар көп, кейбіреулер сені көре тұра тоқтамайды,-дейді зейнеткер ағай.
    - Барлық өтініштер қарастырылады. Сіз айтқандай Сазды аялдамасы және Ардагерлер ғимаратына аялдама жақындату жөніндегі ұсынысыңызды қарастырып көреміз. Қазір «aktobe bus» деген программа бар, сол арқылы қоғамдық көліктің қай жерде келе жатырғанын қарауға болады. Міне мен соны ұсынамын және барлығы уақытылы жүріп тұрады,-деді қала әкімі Ильяс Испанов.
    - Құршасай ауылдық жерде 10 жылдың ішінде үшінші мектепті салып жатыр. Бұл әділетсіздік емес-пе, халықтың ақшасын жегендей болады. Ескі мектеп сол күйінде, жаңа мектеп не үшін салынуда,-дейді жеке кәсіпкер.
    - Ескі мектептің мәселесі болмағанда жаңа мектеп салмас еді. Мен сізден бірінші рет естіп тұрмын, жаңа мектепті қабылдамай тұрғаныңызды. Ата-ана баласының жаңа мектепте оқығанын қалайды емес пе?! Ескінің жыртығын жамай бергеннен, жаңасын салған дұрыс. Көптеген көрсеткіштер бойынша динамикалық өсім бар. Бірақ қаланың қарқынды түрде өсуі және қалалықтардың қажеттілігінің артуы жергілікті атқарушы органдар алдына жаңа міндеттер қоюда. Сондықтан да, біздің барлық күш жігеріміз, іс қимылымыз алдағы кезеңге белгіленген мақсаттарды нәтижелі түрде орындауға бағытталатын болады,-деп өз ойын осылай қорытындылады қала әкімі.

    Ақтөбеде жол салуға 43 млрд теңге бөлінеді
    Ақтөбе мен Атырау облыстарының арасын жалғайтын жол құрылысы сәуір айында басталады. Бұдан бөлек, Астанаға қарай бағытталған "Орталық-Батыс" дәлізі салынады. Осы көктемде
    басталатын жұмыстар туралы бүгін жолға жауапты басшылар облыс әкімі алдында баяндады.
    Биыл облыс бойынша жол құрылысына 43 миллиард теңге бөлінеді. Енді қомақты қаржыны ұсынықты жұмсап, сапалы жол салу - жауапты мекемелерге жүктелген міндет. Бүгінде, өңір аумағы арқылы жалпы ұзындығы 6964 шақырым болатын республикалық, облыстық және аудандық дәрежедегі жол өтіп жатыр. Көлік қатынасы мен жүк тасымалы жыл өткен са-йын артып келеді. Жол сапасын жақсарту үшін биыл Ақтөбе-Орск бағытының 50 шақырымын, ал жергілікті маңыздағы жолдардың 200 шақырымынан астамын жаңарту көзделуде. "Орталық-Батыс" бағытына жол салу - биылғы міндет. Бұл жаңа бағыт Шалқар, Мұғалжар және Ырғыз аудандары арқылы өтеді. Қазір, қабылданған стратегияға кейбір аумақтардың жер бедерінің ерекшеліктеріне орай өзгерістер енгізу көзделуде. Ал, Ал Ақтөбе мен Атырау арасын жалғайтын жол құрылысына жергілікті материалдар қолданылады. Бұл мәселе бо-йынша облыс әкімі жолға қажетті материалдардың нақты көлемін анықтауды тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшысы теміржол вокзалы маңында тазалық пен тәртіп орнату, Ақтөбе әуежайының халықаралық бағыттарын көбейту үшін авиакомпаниялармен байланысты кеңейтуді жауапты мекеме басшыларына тапсырды. Жиын барысында қоғамдық көлікке қатысты тұрғындардың шағымы көбейгені де айтылды. Жиын соңында облыс әкімі атқарылатын жұмыстың орындалуы қатаң бақылауда болуы керектігін ескертіп, кәсіпорындарға биыл Ақтөбеде салынатын "Аналарға тағзым" орталығы мен "Бақытты балалық шақ" жылы аясындағы істерге қатысу керектігін айтты.

    Ақтөбеде 32 мың жұмыс орны ашылады
    Биыл облыста 32 мың жұмыс орны ашылады. Жұмыссыздардың 70 пайызы тұрақты еңбекпен қамтылады. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров мәлімдеді. Ол өткен жылдың есебін беріп, биылғы міндеттерді айтты. Өткен жылы 40 мың 82 адам жұмысқа орналасты. Ал, "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасын іске асыруға 4,8 миллиард теңге бөлінді. Еңбек нарығында сұранысқа ие 62 мамандық бойынша 6 мыңға жуық адам кәсіби даярлауға бағытталды. Бұдан бөлек, "Бастау бизнес" пилоттық жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 1125 адам жолданды. Оның ішінде 254 адам шағын несие алды. Облыс әкімі азаматтардың әлеуметтік көмекті дер кезінде алу, жұмыс тауып беру және ауылдарда өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұрғындарды тіркеуге алу қажеттігін айтты. Биыл 1-ші қаңтардан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілген болатын. Бірақ, бұл жаңашылдықтан бейхабар тұрғындар да бар. Түсіндіру жұмыстары нашар деді облыс әкімі. Былтыр облыста 8809 отбасыға 433,5 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, 12 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан оңалту жабдықтарымен қамтылды. Бердібек Сапарбаев өз кезегінде халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту бо-йынша нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, саяжайлардағы тұрғындарды тіркеу, "Е-халық" жүйесін енгізу жөнінде түсіндіру жұмыстарын күшейту керек деді облыс әкімі.

    Қала маңындағы ауылдарға автобустар жетіспейді
    Сазды ауылдық округінің 5 мыңнан астам тұрғыны бар. 40 мыңға жуық жер алаңының 22 мыңнан астамы ауыл шаруашылығы жерлері. Ауыл шаруашылығы құрылымдары жақсы дамып келеді. Жеке кәсіптерін бастаған тұрғындар да бар. Сазды ауылдық округінің әкімі Аслан Мұханбетовтің сөзінше, округте 2 жеке серіктестік, 25 шаруа қожалығы, 18 дүкен мен тігін цехы жұмыс жасайды. Қос әкімнің есебінен кейін тұрғындар көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Қаланың іргесіндегі ауылда барлық жағдай жасалса деген тілек бар. Қала мен ауыл арасын байланыс-тыратын қоғамдық көлік мәселесі мұнда алғашқы орында тұр. Тозығы жеткен автобустарға тұрғындар толып мінеді. Жүргізушілері де ережеге бағынбайтын болып шықты. Саздылықтарды №43 автобус тасиды. "Автопарк" ЖШС-іне тиесілі. Қоғамдық көліктерге жауапты мекеменің басшылары кездесуде болмады. Тек механик келіпті. Оның орнына өңір басшысы жауап берді. Оқушыларды мектепке таситын автобустар да қысқарған. Соның кесірінен, балалар оқуға бармай жүр. Шаһар басшысы мәселенің шешімін табуға уәде берді. Сәуірге дейін жаңа 10 мектеп автобусы алынады. Сазды ауылына спорт кешені де керек. Былтыр ашылған Шәкірім Құдайберді атындағы №66 орта мектепте футбол сабақтары өткізіле бастаған. Оқушыларды "Ақтөбе" футбол командасының ойыншылары жаттықтырады. Ата-аналар өзге де спорт түрлерінен үйірмелер ашылғанын қалайды.

    Қалада 3 жерасты өткелі салынады
    Ілияс Испановтың жоспары бойынша қалада биыл көлік нөпірі көп көшелерді бірыңғайлау үшін Мәметова көшесі бойында Сазды өзені арқылы көпір, Арынов көшесінде айналма жол салынады. Тургенев көшесі бойынан Ғазиза Жұбанова көшесіне дейінгі жолды қайта жобалау жоспарланып отыр. Сәңкібай батыр мен Бөкенбай батыр даңғылдары да өзгеріске ұшырайды. 3 жерасты өткелінің құрылысы басталады. Олар - «Ақтөбе Ажары» тұрғын үй кешені, «ДСК» аялдамасы және Автовокзал аудандарында. Ақтөбеде 120 мың адам жер кезегінде тұр. Өткен жылы 10 мың 391 адамға үй салу үшін жер учаскесі берілген. 2018-2019 жылдары 18 мың жер телімін бөлу жоспарланып отыр. Мектеп мәселесі. Қазір қалада 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бірінші қыркүйекте Жаңақоныстың "Бірлік" ауданында, Қызылжарда, Украинка, Бекқұл баба ауылдарында, "Рауан" тұрғын үй алабында 300 орындық мектеп ашылады. Қалалық сүт зауыты, Ясное аудандарында, "Қанағат", "Шилісай" тұрғын үй алаптарында 600 орындық мектеп қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, Ақжардағы, "Авиатор" мен "Нұр Ақтөбедегі" 900 оқушыға шақталған мектептер де осы жылы салынып бітеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қала әкімі жартыжылдықты қорытындылады
  • Облыс әкімі білім саласын сынға алды
  • Ақтөбеде тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін
  • Облыста 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады
  • 2005 жылы кезекке тұрғандарға жер учаскелері беріледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге