Әлди, әлди, әкімім...

    Әлди, әлди, әкімім...

    Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өз қарамағындағы кейбір әкімдердің жұмыстарына наразылығын білдірді. Оның пікірінше, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін олардың белсенділігі жетіспейді.

    Облыс әкімін ашуландырған өзінің есептік жиынында "тәтті ұйқыда отырған" ауылдық шенеуніктерге байланысты шу болса керек.
    - Өмір бойы әкім боламыз деп ойлайтын шығар. Әкімдік әке сатып алып беретін орын емес екенін үнемі айтамын. Өкінішке орай, бізде көптеген ауыл әкімдері мен мектеп директорлары өздерін хан санайтын секілді. Ауыл мен мектепті өздерінің жеке меншігі деп есептейді. Қазір ұйықтайтын уақыт емес, ол дәуір өткен, - деп сынады Бердібек Сапарбаев.
    Мұнымен қатар әкім мемлекеттік "Құлан" және "Алтын асық" бағдарламаларының жүзеге асырылу барысына да риза еместігін білдірген. Бұл жобалар бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен ауыл әкімдері сынға ұшырады. "Орындай алмайсыздар ма – бірден айтыңыздар. Басшылық жасай алмасаңыздар, "басқа жұмыс істейін" деп, мал бағыңыздар", - деді ол Байтұрсай аулының әкіміне. Ауыл шенеуніктерінің есептік жиналыста Ақтөбе облысы әкімінің дәл алдында ұйықтап отырғаны жұртшылыққа тарап кеткен-ді. Кейінірек мансабына зиян келген шенеунік тілшілерден ұйқысын көпшілікке жариялағаны үшін 1 миллион теңге талап етіпті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев: Құрттан да пайда табуға болады
  • Әкім тапсырмасын орындамаған басшылар сынға ұшырады
  • Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті

  • Бердібек Сапарбаев: Қарақобда соғыс жылд­арынан кейінгі ауыл сияқты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге