Сырлар сақталған жер

    Сырлар сақталған жер
    Осы коллекция туралы бұрын да жазылды. Дегенмен оны ерінбей жинаған кісі туралы көп нәрсе айтылмай қалыпты. Сағадат Қалиеваның айтқандарынан тағы да 1-2 мәселенің ұшы аңғарылды.

    Археолог Бақытжан Книсарин оның коллекциясының бір бөлігін көріп, өз мақаласында "олардың кейбірі шамамен XV-XVI ғасырлардағы ноғай дәуірінен қалған болуы мүмкін" деп жазған. Олай деуіне ескі замандағыға қарағанда біраз айырмашылықтары – араб жазуына ұқсас бедерлері, сабына арналған ұңғысының кейінгі замандар үлгісімен жасалуы негіз болған. Орта ғасырлардан қалған жәдігерлерді зерттеуші маманның айтуынша, оны "сауыт бұзар" деп аталатын жебелер мен найза ұштары қатты қызықтырған екен. Осы тәрізді аналогтарды ғалым Жайық өзені бойынан, Оңтүстік Орал мен Батыс Қазақстан аймағындағы Х-ХІV ғасырларға жататын қабірлерден тауыпты. Зерттеушінің айтуынша, Болат Қалиевтың коллекциясында шашбаулар, орта ғасырлардағы белдік тоғалары, Алтынорда кезіндегі жошылық белгілері бар тиындар мен ХІХ ғасыр құлыптары кездеседі.

    Біз коллекционердің қызы Сағадат Қалиевадан телефон арқылы әкесі туралы тағы да айтылмаған қызықты жағдайлар туралы сұрастырдық.
    - Көкем (әкесі – авт.) желді күні сусыған сары топырақ көшкен кезде, ауылдың шығыс бөлігінде жал-жал боп жатқан Ұлы борсық құмдарын аралауға кететін. Тастан, сары металдан, тот басып қарайған темірлерден жасалған неше түрлі заттарды әкелгенде, бәріміз айнала қызықтайтын едік. Бірде тастан жасалған шағын диірмен тауып әкелді. Біз көргендей, бірінің үстіне бірін қойып айналдыратын диірмен емес, бір қолмен ұстайтын түйетін тас келі сияқты болды. Ыдысының іші мен түйетін тоқпағында ұнталған дақылдардың ақжем ұндарының ізі сақталыпты. Ол тапқан заттарын жүйелеп, ДВП материалына сыммен бұрап бекітетін еді. Тапқан заттарында жебе ұштары өте көп болатын. Көкемнің геологиялық білімі де бар еді. Тастарды түріне қарап айыратын. Сұрағандарға "мынау – обсидиан, мынау – халцедон деп аталады" деп жататын еді,- дейді ол.

    Болат Қалиев Шалқар қаласындағы мұражайға экспонаттарының бір бөлігін тапсырған екен. Қызы Сағадаттың айтуынша, бірде мұражайға тағы барған оның көңіл күйі бұзылып келіпті. Оның заттарының көп бөлігі басқа біреулердің авторлығымен тапсырылған болып шыққан. Ал өмірінің жартысын осы іске арнап, тапқан заттарын 5 саусағындай білетін оның көзіне бөтен фамилиямен тұрған өз жәдігерлері оттай басылыпты.

    - Ол заттарын біраз жерге берді. Ақтөбеге, Алматыға алып барған кездері болды. Ауылдағы мектепте шамалы экспонаттары тұр. Бұл туралы Ақтөбе газетіне бұрын да жазылды. Бірақ қай нөмір екенін білмеймін, қиындысы ғана сақталған. Қазір мектеп мұражайларын жауып, штаттарын қысқартып тастады ғой. Есігі жабық тұр. Кезінде мұғалімдер айлықтарының 10%-ын беріп ашып еді, - дейді Сағадат.

    Болат Қалиевтың өмірден озғанына 8 жыл болыпты. Ол тапқан заттарға көпшілік қызығушылықпен қарағанмен, ісін жалғастырушылар жоқ екен. Өмірін Шалқар ауданының шағын ауылында қарапайым күйде өткізген оның білімі туралы естігенде біраз таңырқадық.

    - Көкем 2010 жылы қайтыс болды. Талай сыры ішінде кетті. Жолда келе жатып тауып алған заттары болмаса, ол сияқты арнайы іздеп шығады деген ешкімді білмеймін. Бір қарағанда ауыл моншасын жағып, үй шаруашылығына көп араласа қоймайтын кісінің өте сауатты екенін екінің бірі біле бермейтін еді. Геологиялық сауаты бар әкемнің үйде неміс тіліндегі журналдары болды. Соларды оқитын еді. Жас кезінде твист пен брейк биін де жақсы билепті-мыс. Өзім көрмедім. "Таңғажайып алаң" ойынын көріп отырып, 1-2 әрпі ашылғаннан кейін, "Өй, дорақ, мынау емес пе" деп, жасырылған сөзді тауып отыратын. Оның қасында отырып алып, "Наука и жизнь", "Сельская новь" журналдарында жарияланатын қиын кроссвордтарды шешудің өзі бір рахат еді. Сен оқисың, ол айтады, жазып отырасың. Ол уақыттағы сөзжұмбақтардың сөздері қазіргідегідей қайталана бермейтін және өте қиын ғылыми терминдер жасырылатын еді. Әрі кеткенде шешілмеген 4-5 сөз қалатын-ды... Оның жайдары қалпын, бар денесімен селкілдеп күлетін күлкісін сағынамыз, - деді Сағадат.

    Бұл ауылдың іргесінде араб графикасымен жазылған құлпытастар да бар екен. Бірақ олардың қай уақыттардан қалғаны, онда не деп жазылғаны туралы ешкім зерттеп көрмепті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Нумизмат деген кім?
  • Тілегім – отбасының бүтіндігі
  • Қандай жағдайда да сабыр сақта
  • Болат АТЫРАУБАЕВ: Ұлттық құндылық бизнеспен шектелмеу керек
  • Ақтөбелік коллекционердің ретрокөліктері
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге