Ақтөбе су тасқынына дайын ба?

    Ақтөбе су тасқынына дайын ба?

    Биыл да Ақтөбенің бірнеше ауданы мен өзен жағалай орналасқан бау-бақша ұжымдарын су басуы мүмкін. Қазіргі кезде барлығы 43 елдімекенді су басу қаупі бар. Ол жерлерде 12 мыңнан астам адам тұрады. Ауыл әкімдері халықты ақпараттандырып жатыр. Қызыл судың алдын алу шаралары туралы баспасөз мәслихатында жауапты басшылар жеткізді.

    Ақтөбе облысы аумағында қардың түсімі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе аз. Алайда, төтенше жағдайлар қызметі қауіп сейілмейді деп отыр. Жердің тоңы қатып жатыр. Еріген қар жерге сіңбей, бірден жылғаларға ағады. «Әркім өз ауласын қоршап алмай, қар суын арықтарға бағыттап, ағызып жіберу керек. Қара бастың қамын ойламай, көрші-көлем келген судың бетін бірге қайтаруы тиіс", - дейді төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасым. Оның айтуынша, көктемгі су тасқының алдын алу жұмыстарына 190 миллион теңге бөлінді. Арнайы брифингте су тасқыны қауіп төндіретін жерлер аталды. Сонымен қатар өңірдің су тасқынына дайындығы, құтқарушылардың дайындығы, су қоймаларының жағдайы және су деңгейін бақылау үшін жаңа технологияларды пайдалану және олардың саны туралы сөз болды.
    - Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы келісімшартқа сәйкес қаңтар және ақпан айларында Елек және Қарғалы өзендерінің арнасы бірлесе зерттелді. Зерттеу нәтижелері бойынша, қар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе төмендігі анықталды. Алайда қардың аздығынан жерге қалың тоң түсіп, еріген су сіңбейді. Жерге сіңіп үлгермеген су өзіне ағар жол іздейді. Сондықтан тұрғындар мүмкіндігінше еріген суға жол ашып беруге, өздеріне осылайша шығын келтірмеуге тырысу керек. Су басу қаупі бар жер телімдерінің құжаттарын тексеру барысында қауіп төнетін 43 елді мекен анықталды. Ал ол жерлерде 12580 адам тұрады. Ауыл әкімдері өздеріне қарасты тұрғындарды бұл мәселелермен құлақтандырып, дер кезінде істелуге тиісті шаралар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облыста 2016-2020 жылдарға арналған су тасқынына қарсы 52 бөлімнен тұратын жоспардың 2 бөлігі жүзеге асырылып жатыр,- дейді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы міндетін атқарушы Қайрат Қасым.
    Егер төтенше жағдай жарияланса, өзге өңірлерден көмекке 220 адам, 35 техника келеді. Қарғалы, Әйтеке би, Ырғыз, Алға, Хромтау, Мұғалжар аудандары мен Ақтөбе қаласында қауіп басым. Ал, облыстық бас синоптигінің хабарлауынша наурыз айында айтарлықтай жауын-шашын болмайды. Облыс әкімінің шешімімен тасқынға қарсы комиссия құрамы және тасқынға қарсы жұмыстар жоспары бекітілді. Сонымен қатар облыстық және аудандық осындай комиссиялар жұмыстарын бастап кетті. 26 қаңтар және 6 ақпан аралығында аталған комиссияның 2 отырысы өтіп, су ағынының қауіпсіз түрде өтуіне байланысты жұмыстар талқыланды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе көктемгі су тасқынына дайындалып жатыр
  • Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынына дайындық басталды
  • Былтыр суға кеткен аудандар бақылауға алынды
  • Ақтөбеде су басу қаупі бар жерлерде 12 мың халық тұрады
  • Ақтөбеде көктемгі су тасқынына дайындық басталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге