“Әдемілік бізге көптік етпейді!”

    “Әдемілік бізге көптік етпейді!”

    Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз да келді, міне!

    Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған, сүйсе құлай сүйетін аяулы аналар, асыл қыздар, сүйкімді келіншектер, мерекелеріңіз құтты болсын! Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар! Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін, асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін! Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар, дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар. “Керек.info” газеті мереке қарсаңында ақтөбелік ер –азаматтардан құттықтау жинады. Мархабат!

    Сергей, қала тұрғыны:
    - Көп нәрсе тілеуге болады ғой. Негізінен, жеке өмірлеріне бақыт тілеймін. Оларды жақсы көретін адамдар көп болсын. Менің әйелім гүлді жақсы көреді. Барлық әйел гүлді жақсы көреді деп ойлаймын, олар үшін ең жақсы сыйлық – сол.

    Батырхан, қала тұрғыны:
    - Әйелдер қауымы гүлдей жайнап жүре берсін деймін. Әдемі болсын, аман-сау жүрсін. Балаларын өсіріп, солармен бірге қуана берсін. Анамыз бала кезімізде кетіп қалды.

    Мақсат, қала тұрғыны:
    - Ханымдарды, әжелеріміз бен қарындастарымызды 8 наурыз мерекелерімен құттықтаймын. Денсаулықтары мықты болып, табыстан-табысқа жете берсін деп тілеймін.

    Ардақ, қала тұрғыны:
    - Анама, апама гүл сыйлаймын. 3 күн жақсы демалсын. Амандық-саулық тілеймін, еліміз тыныш болсын. Бала кезімде анама иіс су, дезодорант сыйлап едім.

    Айбек Камалов, қала тұрғыны:
    - Анамды құттықтап, бетінен сүйемін. Не сыйлайтынымды әзірге белгілеген жоқпын. Туған күнінде ән айтып бердім. Барлық әйелдер, апаларымыз жүз жасасын. Ауырмасын, денсаулықтары мықты болсын. Бұйыртса, мереке күні де ток гитарамен ән айтып беремін. Әзірге қызым жоқ.

    Гарай Хайроллович, қала тұрғыны:
    - Оларға өте бақытты, әдемі болсын деп тілеймін. Сүйікті адамдары өмір бойы аялап, жағдайларын жасасын деймін. Барлық әйелге жақсы өмір, табыс берсін. Әдетте гүл, иіс су сыйлаймыз ғой. Басқа не беруге болады? Құндыз ішік алып бергім келеді, бірақ соның сәті түспей жүр (күліп).

    Нұрдәулет Мирасбеков, студент:
    - Барлық әйелдер қауымы көктемдей құлпырып жүре берсін. Әлемдегі барлық жақсылықты тілеймін. Дамып, көркейіп жатқанымыз аналардың арқасында деп ойлаймын. Бастысы – денсаулық, ешқашан ауырмасын. Өткен жылы ма, екі жыл бұрын ба, анама концертке билет алып бердім. Осы жылы тағы билет алып жатырмын. Төреғалидың концертіне.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Амал келді - аман көрдім!
  • 2017 жылы барлық әлеуметтік төлемдер өседі
  • Алаштың бақ ордасы – Астана
  • Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, жерлестер!
  • “Ел тұтқасы – Елбасы”
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге