Ажырасу ажал емес, бірақ...

    Ажырасу ажал емес, бірақ...

    Ақтөбе өңірі ажырасу бойынша бірінші орында. Ерлер балалары үшін нәпақа төлеуден қашса, әйелдер психологиялық көмекке жүгініп жүр.

    Екінші мүмкіндік
    Өңірімізде ажырасу дерегінің көбеюіне байланысты оған қарсы шаралардың қолға алынғанына да біраз болды. Алайда өткізілген акция, дәріс, түсіндіру жұмыстары мен үгіт-насихаттардың барлығы әзірге жақсы нәтиже бермей тұр. Батыс Қазақстан медиация орталығының өкілдері бар болғаны жылдан аса жұмыс жасағасын болар, қорытынды қуанта қоймайды.
    - Жұптар некеге отырғанда керемет қуанышты болатын болғанмен, уақыт өте бір-біріне қырын қарай бастайды. Тіпті, түкке тұрмайтын ұсақ-түйекке бола ажырасатын деңгейге жетеді. Өкінішке орай, қазіргі жастар өз қателіктерін аса сезіне де, қабылдай да қоймайды. Сондықтан оларға ажыраса салу түк те емес, - дейді кәсіби медиатор Елена Козлова. – Келісімге келтіру процесі кезіне біз адамдардың ашылуына, келіспеушіліктің себептерін табуға көмектесеміз. Қазір отбасының бұзылмауына екінші мүмкіндік беріп, ажырасудан бас тартқан отбасылар да бар.

    Кез келген тығырықтан шығар жол табылады
    Дегенмен, Ақтөбе өңірінде жылдар өткен сайын некеге отыру азайып, керісінше, ажырасу өскен. Мысалы, 2016 жылы 6 761 жұп некеге отырса, бір жылдан соң – 6 693 жұп құру тіркелген. Ал осы жылдардағы ажырасу көрсеткіші сәйкесінше мынадай: 2 455 - 2 603. Бұл әрбір үшінші отбасы жойылады деген сөз. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, соңғы 8 жыл ішінде ажырасу саны 32%-ға өскен.
    Облысымыздағы іскер әйелдер қауымдастығының бастамасымен басталған «Ажырасудан кейінгі өмір» деп аталатын әлеуметтік жоба отбасылық қарым-қатынастарды сақтап қалуға ықпал етуді көздейді. Сонымен бірге қарапайым мысалдар арқылы түрлі жағдайлардан тиімді шығуға жол көрсетеді.
    - Түрлі жағдай да, ажырасу да болады. Тек өмірдің осымен аяқталып қалмайтынын еске ұстау керек. Қиын екені рас, бірақ дұрыс жол қалай да табылады, - дейді «Жас Канаттар» кәсіпкерлер ұйымының өкілі Бақыт Молдагереева. – Біздің арамыздағы бизнесмен әйелдердің көпшілігі ажырасқан. Бірақ олар қайғырып отырып алмады, тіпті, өздерін мықты тұлға ретінде дәлелдеп, жеке кәсіптерін ашып алды. Жалғыз қалып, қиындықпен бетпе-бет кездескенде, жол іздейсің. Мәселенің оң жақтарын да көре білу керек, сол кезде әрі қарай жұмыс жасауға мүмкіндік ашылады.
    Бақыт әрқашан отбасын сақтап қалу және оның құндылықтарын нығайту үшін күреседі. Алайда оның өз жеке өмірі де ойлағандай болмай шығыпты: 9 жыл отасқаннан кейін ажырасқан.
    - Дос болып қала бердік. 30-ға келгенде, әрі қарай бірге бола алмайтынымызды түсіндік. Мен отбасымды сақтап қалуға барымды салып едім, бәрібір болмады. Екі баламыз бар. Әкесі балаларымды көріп тұрады. Оған тыйым салмаймын. Махаббат, сезім болды, алайда уақыт өте бір-бірімізді түсіне алмадық. Менің бизнеспен айналысқым келетінін күйеуімнің түсінгісі келмеді, - дейді ол.
    Бақыттың бизнеске келгеніне 3 жыл болған: балалар орталығына, балалар мерекесін ұйымдастыру орталығына көмектесетін ол қоғамдық жұмыстарға көп уақытын бөле бастапты. Сонымен бірге ажырасу деңгейіне жеткен әйелдерге де көмек қолын созады екен.
    Тағы бір ақтөбелік кәсіпкер Асель М. қыздарға бәрін әбден саралап барып тұрмысқа шығуға кеңес береді. Бас қосқанға дейін екі жыл кездесіп жүргенмен, оның да отбасылық өмірде жолы болмаған.
    - Институтты жаңа бітірген мен сол уақытта үлкен махаббат әлемінде жүргендей болдым. Ал қазір «сол кезде некеге дайын болдым ба екен?» деп ойлаймын. Біздің отбасылық өмірімізде ажырасуға әкелген бірнеше жағдай болды. Екі қызымыз болғандықтан, жанұямның бұзылмауына бірнеше мүмкіндік бердім. Өкінішке орай, әдемі түрде ажыраспадық... Сондықтан да қыздар тұрмысқа шықпас бұрын жақсылап ойлануы керек, - дейді ол.
    Асельдың айтуынша, бұрынғы жолдасы екі жылдай нәпақа төлемеген. Дегенмен келіншектің өзі оған зәру емес және ата-анасы да жақсы демеу болып отыр екен.

    Нәпақадан бас тарту
    «Қалалық халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ажырасқаннан кейін жас балаларымен қалған көп ананың нәпақа алу туралы арыз беруге асықпайтындарын айтты. Егер арыз болмаса, мемлекеттік жәрдемақы да берілмейді. Әрине, сома аса көп емес, бірақ жоқтан жақсы. Нәпақаға арыз жазбау себептері әртүрлі екен: балам мен өз-өзімді асырай алам деген намыс, сауатсыздық және сот процестерінен қашу.
    Жеке сот орындаушы Нұржәмила Төлеуова нәпақа төлемейтін ерлерге байланысты жұмыспен күнде кездеседі. Олармен жұмыс жасау оңай емес, көптеген ерлер шынайы табыстарын жасырады екен.
    - Бізде нәпақа өндіру туралы 8 790 құжат жатыр. Тек 4 670 еркек қана өз еріктерімен төлейді. Қалғандары одан қашады, - дейді Нұржәмила. – Біреулері жұмыстарының жоқтығын сылтауратса, енді біреулері өз балаларын асырауға құлықсыз. Некеге немқұрайлы қараған еркектер ажырасқан соң өз баласына да солай қарайды. Борышкерлердің көбісі Ақтөбе мен Хромтау ауданында.
    Нәпақадан жалтаратын әкесымақтарға мүліктік құқығына, есепшоттарына тыйым салу, жүргізушілік құқығынан айыру, тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тарту секілді мемлекеттік шаралар қолданылады.

    Кешіру және босату
    Көп жылдық тәжірибесі бар психолог Диляра Темірбаева ажырасудан ең ауыр соққы алатын балалар екенін айтып, ажырасу туралы шешімнің алдында алдымен солар туралы ойлану керектігін алға тартты.
    - Ажырасу шегіне жеткен жұптар алдыма келгенде, оларға өздерінің қалыпқа келетінін, бірақ балаға өте ауыр болатынын үнемі айтамын. Қазіргі жастарда жауапкершілік жоқ. Оларға ажыраса салу ойыншық секілді. Ал неке үшін күресу, қарым-қатынасты сақтап қалу деген нәрсе оларға берілмеген, - дейді психолог.
    Оның айтуынша, ажырасқаннан кейінгі дағдарыстан шығудың жақсы тәсілі бар екен. Ол алты қадамнан тұрады: болған жайды жазмыш деп қабылдау, кіналай беруді доғару, бұл жағдайдың не үшін керек болғанын түсіну, қиындықты мүмкіндігінше қалай азайтуға болатынын ойлану, бұл тәжірибені еске мықтап сақтау, қорытынды шығарып, өмірін жалғастыру. Бүкіл әлемде ресми, заңды некеге тұруға қызығушылық азайып бара жатқанын байқауға болады. Әсіресе, Еуропада заңсыз некеден туған бала коэффиценті өскен. Себебі көпшілігі «азаматтық некеде» тұрады.

    UNSTAT мәліметтеріне қарағанда неке коэффиценті бо-йынша Қазақстан БҰҰ-ға кіретін 100 елдің ішінде 16-орнында тұр. Қазақстан Иран, Ресей, Албания, Тәжікстан мен Мысыр сияқты елдерден кейін тұрақтаған. Ал ажырасу коэффиценті бойынша Қазақстан осы елдер арасында 24-орында. Еуропа елдерінің ішінде ажырасу коэффиценті ең жоғары Бельгия, Португалия, Венгрия екен. Ислам дінін ұстанатын елдердің арасында Қазақстанның ажырасу коэффиценті ең жоғары. Таяу Шығыс елдері, соның ішінде Мысыр, Сирия, Иордания, Индонезия, Сауд Арабиясы мен Ливияда барлық неке заң жүзінде дін өкілінің қатысуынсыз жүзеге асады. Ал Иран мен Израильде барлық неке дін өкілінің қатысуымен жүзеге асады. Осыған байланысты, егер жұбайлардың бірі ажырасуға қарсы болған жағдайда қиындықтар туындайды. Жалпы ажырасу көрсеткішінің осыншалықты өсуі бірнеше факторларға тікелей байланысты. Ең бірінші, ол елдің экономикалық даму жағдайы мен қоғамның әл-ауқаты мәселелері. Қоғам арасында ажырасудың басты себебі ретінде есептелетін кең таралған пікір: "Жастардың үлкен өмірге дайындықсыз келетіндігі". Қазіргі заманауи қоғамда әйелдер құқықтары, бостандықтары, бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда жоғарылаған. Жылдар бойы біршама түнекте өмір сүрген әйелдерге, білім алуға, мансап жасауға, ары қарай сол жолда тұрмыс құрмай кете беруге- барлығына толық мүмкіндік бар. Осыдан 10-20 жыл бұрынғы өмірмен салыстырғанда әйелдер құқығы әлдеқайда нығайған. Бұрын отбасы үшін, бала-шағасы үшін шыдап, қиналып күйеуімен айырылыс-пайтын әйел бұл заманда өзі үшін де өмір сүруге болатынын түсінді. Әйелдер ғана емес, ер адамдар да, жалпы қоғамда эгоцентристік (менмендік) көзқарас басым болып бара жатқанын байқауға болады. Бұл-дұрыс емес деп кесіп айта алмаймыз. Себебі, басқаша жағынан алып қарасақ, ажырасу- бір-бірімен сыйыспайтын, ұрыс-керісі таусылмайтын, біріне-бірі сәйкес келмейтін, көзқарастары мен өмірлік құндылықтары бір арнаға тоғыспайтын екі адамға бостандық пен еркіндік беру, жандарына тыныштық сыйлау. Көптеген ажырасқан жұптардың сөздеріне сүйенсек, ажырасқан соң реніш, айғай-шу, өкпеден құтылғандарын айтады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Отбасының ажары - әйел
  • Келін кетіп қалды... Қыз қайтып келді...
  • Абдолла-Әлилә Нұсқабаевтар: Ажырасу дегенді білген жоқпыз
  • АХАЖ: Ажырасуды азайту үшін медиаторлар көмегіне жүгіндік
  • АЖЫРАСУ ТОЙЫ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге