Ақтөбелік келіншек күйеуінің кесірінен сәбиінен айрылды

    Ақтөбеде 20 жастағы келіншектің шала туған нәрестесі шетінеп кетті. Альбина Нарбекова сәбиінің өліміне күйеуін кінәлап отыр. Айтуынша, жолдасы оны аяғы ауыр болғанына қарамастан, үнемі ұрып-соққан көрінеді.

    Альбина Нарбекова Өзбекстанның Қарақалпақстан республикасында дүниеге келген. Осыдан алты жыл бұрын ол ата-анасымен Ақтөбеге көшіп келіпті. 19 жасында тұрмысқа шыққан ол отбасылық өмірінің бастапқыда жақсы басталғанын айтады. Алайда кейін күйеуі әр нәрсені сылтауратып, жиі қол көтере бастаған. Тіпті аяғы ауыр болғанына қарамастан, соққыға жыққан көрінеді.
    -Күйеуім- Байғанин ауданының тумасы. Ақтөбеде отбасымен пәтер жалдап тұрады. Жасы өзіммен қатар. Біз жұмыс істеп жүріп таныстық. Жеті ай жүріп, отбасын құрдық. Той болды. Бәрі бастапқыда жақсы басталған еді. Тұрмысымыз нашар болды. Жақсы көргендіктен, бәріне шыдадым, көндім.Үш айдан кейін ол баланы алдыртып тастауымды сұрады. “Түсік жаса” деді.Бұған дейін үйде ақшаға байланысты ұрыс-керіс болған еді. Жұмыс орнымнан жалақымды сұрағаным үшін басым бәлеге қалды. Сөйтсем, олар менің айлығымды алып кеткен екен. Сол кезде енемнің мінезін бірінші рет көрдім. Жүкті екеніме қарамастан, мойнымнан жұлқылады. Қатты стресс алдым. Сөйтсем, оларға керегі ақша екен... Енеме бастапқыда айлығымды беріп тұрдым. Бірақ үйден артынан өзіме деп сақтаған азын-аулақ ақшаларым да жоғала бастады. Оны сұрасам,күйеуім ұрып-соқты.Ол қыдырады, үйге таң ата келеді.Қайда болғанын сұрасам,ашуланып, таяқтың астына алады. Күйеуім басында жақсы болды. Менің жағдайымды түсінетін еді. Бірақ енем айдап салғаннан кейін мүлдем өзгеріп кетті. Тіпті соңғы төрт айда анасының қасында ұйықтайтын. Барлығына бала үшін көндім. Күйеуім мені көргенде әзірейілді көргендей болады. Көзім жиі көгеріп жүретін,-дейді ол.
    Күйеуінен қорлық көрген Альбина қазір облыстық перинаталдық орталықта жатыр. Аяғы ауыр келіншекті күйеуі бірнеше рет ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарған. Бұған дейін ол ауыр соққыдан басынан да жарақат алған да көрінеді. Бұл жолы оны күйеуі ішінен теуіпті. Осының кесірінен жас ана перзентханада айы күніне жетпей босанып қалған. Ал шала туған шақалақ үш күннен соң шетінеп кетіпті.
    -Осыған дейін облыстық ауруханаға жатып шықтым. Ол кезде де ішімнен тепті. УЗИ-ге түскенде баламның қыз екенін, жағдайы жақсы екенін айтты. “Періштесі қаққан болар” деп ойладым. Дәрігерлер ол кезде “жабық бас ми жарақаты” деген диагноз қойды. Ал соңғысында кезекті ұрыстан кейін көзімнен ұрып, аяғымен ішімнен тепті. Бетім ісіп кетті. Соңыра ішім ауырып, перзентханаға түстім. Жүктіліктің 29 аптасында едім. Дәрігерлердің көмегімен салмағы 1 келі 200 грамм болатын қыз бала босандым. Вакумде жатты. Дәрігерлер “жүрегі соқпайды, өкпесі жетілмеген” деді. Үш күннен соң шетінеп кетті, -дейді көз жасына ерік берген Альбина.
    Дәрігерлер 20 жастағы келіншектің перзентханаға қансыраған күйі жеткізілгенін айтады. Сондықтан оны жедел түрде кесір тілігін жасап, босандырып алуға мәжбүр болыпты. Ал қарқынды терапия бөліміне жатқызылған нәрестенің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
    -Жүкті келіншек 21 ақпан күні перзентхананың паталогия бөліміне түсті. Ол қан кетіп жатқанын айтып, шағымданды.Оны тексеріп, мерзімінен бұрын босандыру қажет деп таптық. Ол бұған дейін бас ми жарақатын алып, облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде ем алғанын айтты. Жолдасы ішінен тепкендіктен, ішінің төменгі жағы ауыра бастаған. Оның қан қысымы тұрақсыз болды, 140/100мм дейін көтерілді.УЗИ арқылы қанды ісік бар екенін көрдік. Консилиум жинап, кесір тілігі арқылы босандыруға шешім қабылдадық. Ол күйеуі бірнеше рет ұрғаннан кейін осындай жағдайға жеткенін айтып отыр. Нәресте шала туылды. Дәрігер-реаниматологтар оған қарқынды терапия палатасында бар жағдайды жасады,-дейді жүкті әйелдер паталогиясы бөлімшесінің меңгерушісі Альбина Карманова
    Қазір баласынан айрылған келіншектің денсаулығы түзеліп келеді. Жақын күндері перзентханадан шықпақ.
    -Мен де біреудің қызымын ғой. Үйде менің сөзімді сөйлейтін, жақтасатын ешкім болмады. Қол жұмсағаны ештеңе емес. Жеті ай бойы қаншама стресс алдым. Ешкімге шағымданған емеспін. Арыз да жазбадым. Мүмкін қатесін түсініп, түзелер деген едім. Бірақ ауруханаға енем де, күйеуім де келмеді. Денсаулығымды құрттым. Енді үйге қайтып барғым келмейді, -дейді ол.
    Өз жарынан қорлық көрген келіншек енді сотқа ажырасуға арыз жазбақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде дәрігерлердің басы тағы да дауға қалды
  • Ақтөбелік келіншек бала босану үстінде қайтыс болды
  • Ақтөбелік келіншек баласын өлі туды
  • Үш күйеуі талақ айтқан келіншек өміріне өкініш білдірді
  • Ақтөбеде жүкті әйелге бір мезетте екі бірдей ота жасалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге