Ақтөбедегі “Өнер орталығынан” шу шықты

    Ақтөбедегі “Өнер орталығынан” шу шықты

    Ақтөбедегі Өнер орталығының жетекшісі Елубай Кенжалы қызметтен не үшін кетіп жатқанын айтып берді. Ақтөбедегі Өнер орталығының басшысы Елубай Кенжалы өз еркімен қызметінен кету жөнінде арыз жазды. Орталық жетекшісі (ресми түрде облыстық филармония директорының уақытша міндетін атқарушы — ред) мұндай қадамға тек өнер адамдарына аян себептермен барып отырғанын жеткізді.

    -Ұжымның бұрынғы және қазіргі 4-5 адамы арыз жазды екен деп кетіп жатқан жоқпын. Бәлкім олардың қолымен мені алып тастағысы келіп отырғандар бар шығар. Сондықтан, өз еркіммен қызметтен кету жөнінде арыз жаздым. Шешімді облыс басшысы қабылдайды, — деп қысқа қайырды Елубай Кенжалы.
    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін орталық жетекшісінің үстінен шағым түскен болатын.
    Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева құқық қорғау органдары тарапынан тексеру жүріп жатқанын жоққа шығармады.
    -Біздің ұжымның атына бірде-бір алғыссөз айтылмапты. Жос-парды артығымен орындап келеміз. Ақтөбеде республикалық деңгейде көптеген шара өтіп жатыр. Барлығының басы-қасында жүгіріп жүргенімізде бір ауыз жылы сөзді көбіне Бердібек Сапарбаевтан ғана естиміз. Әр шараның соңында қасымызға келіп, рахметін айтып кетеді, — дейді Елубай Кенжалы.
    Өз кезегінде, редакцияға хабарласқан өнер адамдары Елубай Кенжалының билікте еш «крышасы» жоқтығын, тек адал еңбегімен, еңбекқорлығымен жүргенін жеткізді. Олардың пайымынша, Өнер орталығы басшысының қызметі бәзбіреулерге керек болуы мүмкін.
    -Керек десеңіз, Елубай жұмыс деп күні-түні жүгіріп жүрген бірден-бір жанашыр азамат. Тіпті, билікте «крышасы» түгілі, жеке баспанасы да жоқ. Білуімізше, ол әлі күнге дейін қызметтік пәтерде тұрып келеді. Балаларының алды 18-20-ға келіп қалды, — деп жазады ақтөбелік өнер адамдары.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер үндістерді күймен таң қалдырды
  • Ақтөбеде өнер орталығы ашылды
  • Мұғалімдерін “құлдықта ұстаған” мектеп директоры жұмысынан босатылды
  • Қанат Айтбаев — Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы
  • Сара Нұрқатова мен оның ұлы жұмыстан кетуге арыз берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге